БІЛІМ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДІКТІ НЕСИЕЛЕР Жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқитын студенттері мен талапкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылған «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беруі арқылы білім беру несиесін ала алады. Қазіргі кезде білім беру несиелерін осы бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банктер («Қазақстан халық банкі» АҚ, «БТА банкі» АҚ, «Альянс Банк» АҚ) береді. Негізгі шарттар - жеңілдік берілетін кезеңнің болуы = оқу мерзімі + жұмысқа тұруға берілетін 6 ай); - несиені мерзімінен бұрын төлеуге шектеу қойылмайды; - кепілзатпен қамтамасыз ету қажет емес; - ең төмен пайыздық мөлшерлеме. Қосымша ақпарат алу үшін «Қаржы орталығы» АҚ-қа хабарласуға болады: Телефондары: 8 (7172) 91194 (45, 46, 47), 245062 E-mail: fincenter@ fincenter.kz Веб-сайт: www.fincenter.kz Сонымен қатар Сіздер өз қалаларыңызда «Қаржы орталығы» АҚ-тың әріптес банктеріне жүгіне аласыздар. |