Орта мектеп, колледж және жоғары оқу орнының түлектеріне!
Университеттің қабылдау комиссиясы 2013 жылдың 1 наурызынан бастап бакалавриат және магистратураға тапсыратын талапкерлерді тіркеудің басталғандығы туралы хабарлайды.
Іштей, сырттай, кешкі оқу түріне тапсыратын талапкерлердің барлығы тіркеуден өтуі тиіс. Ең алдымен тіркеуден өтіп, сауалнама толтыруы керек.
Талапкерлерді тіркеу жүйесі Мемлекеттік білім грантын алу байқауына қатысуға және студенттер қатарына қосу үрдісі кезінде қабылдау комиссиясында құжаттарды толтыру уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қабылдау комиссиясында тіркеуден сәтті өту үшін алдымен НҰСҚАУЛЫҚПЕН танысыңыз.
Егер тіркеу барысында қандай да бір қиындықтар туындаса, 8(7232)540-144 телефонына хабарласыңыз. Қабылдау комиссиясының қызметкерлері сізге қажетті кеңес береді.
2013 ж. 20 маусымына дейін электрондық тіркеуден өткен талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясының қызметіне ақы төлеуден босатылады.
Құрметпен,
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ