Бас бетқе
ЖОО факультеттері
Қазақша | Русский | English
[ЖОО факультеттері] \
Логин

Пароль

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ


Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 148 (№7 ғимарат)
Тел.: 8 (7232) 47-84-74
E-mail: Fakultet_MFT@vkgu.kz


Факультет деканы - Ахметжанов Бейсен Қалауұлы

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
 



1982 жылы Өскемен педагогикалық институтының жалпы техникалық факультетінің «Жалпы техникалық пәндер және физика» мамандығы бойынша үздік бітірді. «Жалпы техникалық пәндер мен физика пәнінің мұғалімі» біліктілігіне ие болды.
1983 жылы Томск қаласындағы политехникалық институттың 01.04.07 «Қатты денелер физикасы» мамандығы бойынша аспирантураға түсті және 1987 жылы оны аяқтады. 1995 жылдың 29 қыркүйегінде диссертация қорғады.
1999 жылы ҚР Жоғары аттестациялық комиссиясында ғылым кандидаты дәрежесінің қайта аттестациясынан өтті.
«Влияние внешних воздействий на структуру и свойства сплавов с прерывистым типом распада» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 51 ғылыми жұмыс, 20 мақала, республикалық және халықаралық конференцияларда жасалған баяндамалар тезистері жарық көрді. Сонымен қатар, тапқырлыққа арналған 1 авторлық куәлігі және 2 предпатенті бар.
Жалпы жұмыс өтілі 36 жыл, оның 27-сі жоғары оқу орынында атқарған педагогикалық өтіл.

Факультет тарихы
Физико-математикалық факультет 1952 жылы Өскемен педагогикалық институтымен бірге құрылған. Факультет негізін Семей қаласының мұғалімдік институтының 3-курс студенттері мен Өскемен қаласына ауысып келген оқытушылар құраған еді. Алғашқы уақыттарда декан қызметін Кос Е.П. атқарса, бір жылдан кейін декан қызметіне Чудинов В.А. тағайындалды. Сол уақытта факультет құрамына екі кафедра кірді: математика және физика кафедралары. 1956 жылы физика кафедрасы бірінші буын мамандарды даярлап шығарды.
Математика кафедрасы 1969 жылы негізін салған. Кафедраға басшылық жасаған жетекші ғалымдар: Теут О.М. физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор; Криулько С.А. физика-математика ғылымдарының кандидаты; Базарбеков А.Б. физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор.
2005 жылдың 23-қыркүйегінен кейін кафедраны қайта ұйымдастыруына байланысты «Алгебра және геометрия» кафедрасы мен «Математикалық анализ» кафедрасы бірікті. Бұл кафедра «Математика» кафедрасы деп аталды. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі қызметін Базарбеков Ақберген Байжұманұлы атқарады. Ғылими-педагогикалық өтілі 38 жыл.
1971 жылы техникалық және технологиялық мамандықтарға сұраныстың артуына байланысты институтта жалпы техникалық факультет құрылды. Факультетте екі кафедра болған: «Жалпы техникалық пәндер» кафедрасы мен «Еңбекке оқыту әдістемесі» кафедрасы. Қазіргі уақытта бұл екі кафедра бірігіп, «Кәсіптік оқыту және технологиялар» кафедрасы деп аталады. Кафедра меңгерушісінің қызметін техника ғылымдарының кандидаты, доцент Исаева Жанар Максқызы атқарады.
1986 жылы «Геометрия және есептеуіш математика» кафедрасынан «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасы бөлініп шықты. 1995 жылы осы кафедра негізінде «ЭЕМ және ЕТ» мен «Экономикалық информатика және есептеуіш жүйелері» кафедралары құрылды.
2000 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісінің қызметін физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Каленова Бақытгүл Советқызы атқарды.
Қазіргі уақытта 2005 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісінің қызметін техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жантасова Жеңіскүл Зейнешқызы атқарады.
Информатика кафедрасы 02.04.2005ж. №103-п бұйрығы бойынша «Математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар» кафедрасынан бөлініп шықты. Кафедра меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Кубентаева Сәния Нұрланбекқызы атқарады.
Қазіргі уақытта математика, физика және технологиялар факультеті ШҚМУ-нің ірі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады. 2000 және 2009 жылдар аралығында факультет оқытушылары 300-ден астам ғылыми жұмыстар жарияласа, жетекші мамандар мен ғалымдар тапқырлыққа 20 авторлық куәлік патенттенген. Сонымен қатар, 20-дан астам моногорафия, 78 оқу құралы және электрондық тасуыштарда сақталған 140 оқу-әдістемелік құрал жарық көрді. Факультет оқытушылары республикалық және халықаралық конференцияларға белсенді қатысады.

Факультетте даярланатын мамандықтар тізімі:
050110 - «Физика»
050604 - «Физика»
050710 - «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»
050109 - «Математика»
050601 - «Математика»
050111 - «Информатика»
050602 - «Информатика»
050703 - «Ақпараттық жүйелер»
050120 - «Кәсіптік оқыту»
050728 - «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы»
050806 - «Агроинженерия»

Факультеттің ғылыми қызметтерінің негізгі бағыттары:
1. Конденсаторлы күйдегі физика
2. Теоретикалық физика мен физиканы оқыту әдістемелерінің заманауи мәселелері
3. Гидродинамика есептерін сандық үлгілеу
4. Ақпараттық жүйелер мен автоматтандырылған жұмыс орындарының бағдарламалық жасақтамасын құру
5. Электрондық оқыту материалдарын үлгілеу
6. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін зерттеу
7. Орта мектепте және жоғары оқу орнында математиканы инновациялық оқыту мәселесі
8. Математикалық физиканың кейбір есептерінің сандық жүзеге асуы
9. Топтар теориясы және математиканың әр түрлі саласындағы оның қосымшалары
10. Аграрлық өндіріс технологиясының агроэкологиялық негіздері мен арнайы және техникалық пәндерді оқытудың ғылыми-әдістемелік аспектілері
11. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды құру және оқу үрдісіне ендіру
12. Біртұтас инновациялық білім беру ортасын құру
13. Кредиттік жүйе жағдайында АКТ құралдарын пайдалана отырып, мамандарды даярлау үрдісін жетілдіру.

Факультеттегі кафедралар тізімі:
- Математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар кафедрасы
- Математика кафедрасы
- Физика кафедрасы
- Кәсіптік оқыту және технологиялар кафедрасы
- Информатика кафедрасы

Деканат қызметкерлерінің тізімі:
- Факультет деканы - ф.м.ғ.к., доцент Ахметжанов Бейсен Қалауұлы
- Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша декан орынбасары - Рамазанова Гүлгүл Серікханқызы
- Тәрбиелік және профориентациялық жұмыстарға жауапты - ф.м.ғ.к. Ерғалиев Ерлан Қанапияұлы
- Сырттай оқу бөлімінің әдіскері - Молдаханова Кәмшат Ерболатқызы
- Деканат хатшысы - Сәдібекова Меруерт Әбілхасымқызы

Факультеттің материалдық-техникалық базасы:
№7 оқу ғимаратында 9 компьютерлік класс, 5 арнайы пәндерді оқытудың әдістемелік кабинеті, 10 оқу зертханасы, металдарды қолмен және токарьмен өңдеуге арналған 2 шеберхана, кітапхана филиалы, асхана, спорт залы, тир және т.б.
Университеттің бас ғимаратында жоғары білімді мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін, сонымен қатар нанотехнология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа материалдар жасауға, металдармен қортпаларды асқын пластикалық күйде алуға мүмкіндік беретін, қажетті құралдамен жабдықталған физика кафедрасының 10 оқу-ғылыми зертханасы орналасқан.
2009 жылдың 8 қазанында ерекше ЯМР-500 құрылғысымен жабдықталған қоғамдық қолданысқа арналған зертхананың ашылуы өтті.

Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional