ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат), 137 кабинет
Тел.: 8 (7232) 54-03-16
E-mail: Fakultet_PP@vkgu.kz
Факультет деканы - Апышев Оразбек Демесінұлы
ШҚМУ профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ы. Алтынсарин атындағы медальдың иегері, ҚР оқу ісінің құрметті қызметкері
Факультет тарихы
Факультеттің тарихы Өскеменнің педагогикалық институтының құрылуымен қатар басталды. 1958 жылы бастауыш сынып оқушыларының мұғалімдерін дайындайтын факультет құрылды. Бұл факультеттің деканы Коротких Лота Александровна (1958-1967) болды. 25 адамнан тұратын екі топ қабылданды. 1958-63 жылдары факультеттің құрамына психология мен бастауыш білім эдістемесі кафедрасы кірді. 1963 жылы кафедра екі дербес: бастауыш білім беру әдістемесі мен педагогика және психология кафедрасына ауыстырылды. 1965 жылы бастауыш білім беру әдістемесі кафедрасы жабылып, оқытушылары педагогика және психология кафедрасына ауыстырылды.
1961-1967 жылдары Сорокин Игорь Всеволодович факультеттің деканы болды. Факультетте музыка мен ән айтуға көп назар аударылды. Орыс және қазақ топтары жұмыс істеді. Оқыту іштей, сырттай және кешкі бөлімдерде жүзеге асырылды. 1967 жылы факультет жабылды.
XX - ғасырдың 80 жылдарындағы халықтық білім беру реформасын ескере отырып, ректор Ю.К.Увалиевтің бастамашылығымен тарих факультетінде бастауыш сынып бөлімі ашылды. 1982 жылы бөлімде 200 студентке жеткеннен кейін дербес факультет болып бөлініп шықты. Алдымен филос.ғ.к. М.Г.Дементьев, кейіннен филос.ғ.к., доцент Г.И.Мостовенко декан болып тағайындалды.
1988 жылы ПжәнеББӘ бөліміне музыкалық бөлімді қосып Педагогика және бастауыш сынып әдістемесі мен музыка факультеті ашылды. Факультет деканы - Гурнова Алевтина Петровна (1985-1991).
1991 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде УКПИ негізінде құрылған психология-педагогикалық бөлім құрылды. Құрылған кезінен бастап 1996 жылға дейін пс.ғ.к., доцент Карамұратова Раиса Башибаевна (1946-1998жж.) жетекшілік етті. Бүл кезеңде қолданбалы психология кафедрасы ашылып, «Психология» мамандығы ашылды. Р.Б.Карамуратованың бастамашылдығы бөлімнің қалалық мекемелері мен ұйымдарымен байланыс орнатуға, практика базаларымен келісім шартқа отыруға бағытталды; қаланың өндірістік ұжымдарында алғашқы рет ғылыми-қолданбалы психологиялық зерттеулер өткізілді. Оның бастамашылдығымен «Лотос» психологиялық орталығы ұйымдастырылып, «Теория және білім беру әдістемесі» кафедрасында «Мектеп психологы» мамандығы ашылды.
1996-2000 жылдар аралығында психология-педагогикалық бөлімнің деканы - п.ғ.к., доцент Урузбаева Гаухар Тлеубердыевна (1964 ж.т.). Осы уақыт аралығында маман-психологтардың алғашқы түлектері шығарылды, халықаралық «Артек» балалар орталығы негізінде студенттердің педагогикалық практикасы қайта құрылды.
2000-2001 жылдар аралығында психология бөлімін пс.ғ.к. Мацкевич Ирина Константиновна басқарды. Бүл кезеңнің негізгі жетістіктері ғылыми-практикалық конференциялардың өткізілуі, психология пәні бойынша бірінші Республикалық олимпиада, Халықаралық психотерапевтикалық мектептің ұйымдастырылуы болып табылады.
2001 жылы университет құрылымындағы жаңа өзгерістерге байланысты «Тарих, психология және педагогика» институты өмірге келіп, оның алғашқы директоры болып п.ғ.к., доцент Тайбогаров Серик Зайтанович тағайындалып, 2002 жылы институтқа жетекшілік ету т.ғ.к., доцент Жанбосинова Альбина Советовнаға тапсырылды.
2004 жылдың 23 қыркүйегінде №292-П бұйрық бойынша педагогика және психология институты құрылып, ф.-м.ғ.к., профессор Апышев Оразбек Демесинович декан болып тағыйындалды.
Факультетте даярланатын мамандықтар тізімі:
Бакалавр
050101 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие»
050102 - «Бастауышта оқыту педагогика және әдістемесі»
050103 - «Педагогика және психология»
050503 - «Психология»
050105 - «Дефектология»
050905 - «Әлеуметтік жұмыс»
Магистратурада келесі мамандықтары бойынша оқытылады:
6N0102 - «Бастауышта оқыту педагогика және әдістемесі»
6N0503 - «Психология»
6N0103 - «Педагогика және психология»
Факультеттегі кафедралар тізімі:
- Педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасы
- Психология кафедрасы
- Жалпы және педагогикалық психология кафедрасы
- Теория және бастауыш білім беру әдістемесі кафедрасы
Деканат қызметкерлерінің тізімі:
- Факультет деканы - ф.м.ғ.к., доцент Апышев Оразбек Демесінұлы
- Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша декан орынбасары - Садыкова Алмагуль Нурсаитовна, психология магистры
- Тәрбие жұмыстар бойынша декан орынбасары - Қабидуллақызы Жанар, оқытушы
- Сырттай оқу бөлімінің әдіскері - Құрманғалиева Айнагуль Сергазиновна
- Деканат хатшысы - Базарова Асель Раушановна
Факультеттің материалдық-техникалық базасы:
Компьютерлік сынып: 316
Мультимедиялық кабинеттері: 124 мен 138
Психолог және үйірмелік іс-әрекет кабинеті: 335А
Өзін-өзі тану кабинеттері: 248, 250
Бастауыш сынып мұғалімінің әдістемелік кабинеті: 28, №2 ғимарат
Гуманитариялық және жаратылыс-ғылыми кабинеттер: 20 және 27, №2 ғимарат |