Бас бетқе
ЖОО факультеттері
Қазақша | Русский | English
[ЖОО факультеттері] \ [Психология-педагогика факультеті] \
Логин

Пароль

БАСТАУЫШ БІЛІМ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ


Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 7 (№2 ғимарат), 306 кабинет
Тел.: 8 (7232) 47-27-97
E-mail: Kaf_TMNO@vkgu.kz
 
Кафедра меңгерушісі - Нағымжанова Қарақат Мұқашқызы

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 


1993 жылы ШҚМУ-ң филология факультетін бітірген. 1993 жылдан бастап Бастауыш білім теориясы және әдістемесі кафедрасының оқытушысы. Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА-ның иннновация және технология зертханасынан өтті (2002). Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясында «Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті педагогикалық шарттары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 75 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 2 монография, 3 оқу құралдың, 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы. ШҚО әкімінің мақтау қағазы мен әр түрлі алғыс хаттар марапатталды. 2007 жылдың кыркүйек айынан бастап Бастауыш білім теориясы және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі.

Кафедра тарихы
Бастауыш білім теориясы және әдістемесі кафедрасы –ерекше кафедра. Кафедраның даму тарихында әртүрлі өзгерістер мен жаңалықтар өте көп. Мамандық екі рет дүниеге келді. Алғашында 1958 жылы Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын жеке факультет болды. Ең бірінші декан Коротких Лота Александровна болды. Ол 1958 жылдан бастап 1967жылға дейін басшылық жасады. Сол жылдары 25 студенттен тұратын екі топ қабылданды. 1967 жылы факультет жабылды.
ХХ ғасырдың 80 жылдарындағы халықтық білім беру реформасына сәйкес ректор Ю.К.Увалиевтің бастамасымен тарих факультетінің құрамында бастауыш сынып бөлімі, 1981 жылы Бастауыш білім теориясы мен әдістемесі кафедрасы ашылады. Кафедр меңгерушісі - Бейлина Е.П. 1982 жылдары күндізгі бөлімде 200 студент дәріс алады. Осыған орай, жеке факультет болып бөлініп шығады. Факультет декандары болып М.Г.Дементьева, Г.И. Мостовенко, А.П. Гурнова қызмет атқарады.
1985 жылдан 1991 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып б.ғ.к Федотова Л.А басшылық жасады. Сол кезде кафедраның пәндері бойынша кабинеттер жабдықталып, материалдық базасы қалыптасады.
1991 жылы факультет Педагогика және психология факультеті болып өзгеріп, кафедра «Мектепке дейінгі оқыту және бастауыш білім теориясы мен әдістемесі» деп аталады. 1991 жылдан 1998 жылдары кафедраны п.ғ.к. Н.И.Бенеш басқарады. Ол орта буын және бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау ісін жүзеге асырды. «Шет тілі мұғалімі», «Мектеп психологы» қосымша мамандандыру ашылды.
1995 жылдары «Мектепке дейінгі оқыту және бастауыш білім теориясы мен әдістемесі» кафедрасы екіге бөлінді. Мемлекеттік тілде оқыту кафедрасын п.ғ.к., профессор Л.Р.Аубакирова басқарды. Сол жылдары қазақ бөлімі студенттері үшін оқу жоспары мен жұмыс бағдарламалары жасалды. Өскемен қаласында Қ.Нұрғалиев атындағы №43 орта мектепте п.ғ.к., профессор Л.Р.Аубакирова жетекшілігімен «Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу» атты бақылау-зерттеу жұмысы жүргізілді.
1998 жылы екі кафедра қайта біріктірілді. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к.,профессор М.Н. Чукотаев тағайындалды. М.Н. Чукотаев басшылық жасаған 1999 және 2007 оқу жылдары орыс топтарында мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту, кредиттік оқу жүйесіне көшуге байланысты барлық оқу жоспарлары жаңаланып, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы ашылды.
2007 жылдың қыркүйек айыннан бастап п.ғ.к., доцент Қ.М. Нағымжанова басшылық жасайды. 2008-09 оқу жылында «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратура ашылды.

Кафедрада даярланатын мамандықтар тізімі:
050101 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (күндізгі, сырттай, орта кәсіптік білім негізінде, жоғары білім негізінде)
050102 - «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» (күндізгі, сырттай, орта кәсіптік білім негізінде, жоғары білім негізінде)
 
Кафедраның ғылыми қызметтерінің негізгі бағыттары:
«12 жылдық білім беру жүйесін жүзеге асыру идеясын мектепке дейінгі оқыту және бастауыш білім сабақтастығы мен болашағы ұстанымы арқылы оқу-әдістемелік және мазмұны жағынан қаматамасыз ету» атты тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі.
Кафедра оқытушылары жаратылыстану ғылымдары, педагогика, математика, филология салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Зерттеу жұмыстары мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, бастауыш оқыту, орта және жоғары мектептің өзекті мәселесімен байланысты. Кандидаттық диссертация, монография, мақалалар мен ғылыми конференциялардың мақалалары зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып саналады. Бүгінгі күні кафедраның бес оқытушысы кандидаттық диссертация жазуда.
Кафедра оқытушылары қалалық, облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысып, ғалымдармен кездесу өткізіп отырады.
Ұжым оқытушылары жоғары мектеп үшін ғылыми және оқу-әдістемелік құралдар, сонымен қатар мектеп мұғалімдері мен мектеп оқушылары, ата-аналар үшін оқу- әдістемелік құралдар шығарумен де айналысады.
Кафедра оқытушылары түрлі ғылыми үйірмелерге жетекшілік жасайды. Үйірме отырыстарында мектепке дейінгі оқытудың және бастауыш мектептің өзекті мәселелерін қарастырылады. Студенттер жыл сайын түрлі ғылыми конференцияларға, пәндік олимпиадаларға белсенді түрде қатысады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының жинақтарында, түрлі конференция материалдарының жинағында жарық көреді.
Жыл сайын кафедра оқытушылары курстық және дипломдық жұмыстарға жетекшілік жасайды. Жұмыстың тәжірбиелік жаңалығы және оны өндіріске енгізу актісі бар. Барлық дипломдық жұмыстар мемлекеттік аттестаттау комиссиясының тарапынан «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланады.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының мерейтойы:
2009  жылдың 18-19 наурызында «Бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 50 жылдығына орай «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мен жетілдірудің өзекті аспектілері» тақырыбында  республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Мемлекеттік кадр саясатының негізгі мақсаты интеллектуалдық және кәсіби ресурстар құру, қазақстанның сапалы білімінсіз мүмкін емес еліміздің әлеметтік - экономикалық дамудың жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.
«Бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының өткен 50 жыл ішінде бірнеше қайта құруларды бастан кешірді: оның құрылымы өзгерді, студенттерді оқытудың түрі, кадр құрамы жаңартылды.
Бірақ, негізгі білім беру құрамы тұрақты болып қала берді. Бұл қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеуші: доцент М.К. Гайфуллина, аға оқытушы Н.И.Иванова, профессорлар М.Н. Чукатаев пен Л.А.Федотова, доценттер Н.И.Бенеш пен Н.М.Нағымжанова.
Соңғы жылдары кафедра ұжымы магистратура тамамдаған жас білікті мамандармен толықтырылды. Олар: Н.Бердибекова, А. Есполова, Г.Дюсембинова.
2008 жылы кафедра «Бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының бұрынғы студенттері оқитын магиятратура ашылды. Олар: Г.Бидельманова, К.Хамзина, З.Амренова.
Кафедра уақыт өткен сайын даму үстінде. Алдыңғы қатарлы педагогикалық ойлар мен әртүрлі инновацияларды енгізуде. Ақпараттық-компьютерлік  технологияларды оқу және ғылыми үрдісінде кеңінен қолдануда.
Университеттегі рейтинг бойынша алдыңғы орындардың бірінде.

Профессорлық-оқытушылар құрамының тізімі:
А.Ж. Қызметі
1. Нағымжанова Қаракат Мукашовна Каф.меңгерушісі п.ғ.к.,  доцент
2. Чукотаев Мурат Нуртазинович п.ғ.к.,  профессор
3. Федотова Людмила Андреевна Б,ғ.к.,  профессор
4. Бенеш Наталья Ивановна п.ғ.к.,  доцент
5. Ахмадиева Жанна Куанышевна п.ғ.к.,  аға оқытушы
6. Гайфуллина Мамзура Каюмовна ШҚМУ доцент   
7. Иванова Надежда Ивановна аға оқытушы
8. Жангулова Турсын Айтказиновна аға оқытушы
9. Грибанова Татьяна Владимировна аға оқытушы
10 Раченкова Галия Магсумовна аға оқытушы
11. Макшиева Гульмира Курманбаевна аға оқытушы
12. Канапиянова Катипа Омаргалиевна аға оқытушы
13. Веригина Наталья Анатольевна аға оқытушы
14. Рахимова Айгуль Акылбековна оқытушы
15. Нуртазина Еркежан Муратовна оқытушы
16. Бердибекова Ардак Бердибеккызы оқытушы
17. Есполова Гульден Калиолдановна оқытушы
18. Дюсембинова Гульнар Калихановна оқытушы
19. Нигметжанова Гульназым Кудайбергеновна аға оқытушы
20 Килыбаева Гульнур Кенжехановна оқытушы
21 Радченко Наталья Николаевна п.ғ.к, оқытушы.
 
Кафедраның материалдық-техникалық базасы:
(Корпус № 2 (Бажов,7), «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша студенттер дәріс алады. Бұл - Өскемен педагогикалық инситутының бірінші ғимараты (қазіргі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ) Ғимараттың сырт көрінісі заманауи талаптарға сай. Бұнда асхана, спортзал, компьютерленген сыныптар, оқу залы бар. Студенттердің әдістемелік дайындығын күшейту мақсатында бастауыш оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу әдістемесі бойынша кабинеттер жабдықталған. Кафедрада оқу үрдісін ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті. Кафедраның материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарланған.
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional