СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ (СҒЗЖ) КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1.1 СҒЗЖ Кеңесі университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Ғылыми-зерттеу басқармасының бастығымен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен байланыса отырып жұмыс атқарады.
1.2 СҒЗЖ Кеңесі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша университеттегі барлық бөлімшелердің іс-әрекетін үйлестіретін жетекші ұйым болып табылады. СҒЗЖ оқу үрдісінің жалғасы, құрамдас бөлігі болып табылады. Факультеттерде студенттердің ғылыми-зерттеу үйірмесі, студенттердің шығармашылық ұжымы және басқа ғылыми-өндірістік бірлестік болып ұйымдастырылады.
1.3 СҒЗЖ Кеңесі университет ректорының бұйрығымен ұйымдастырылады.;
1.4 СҒЗЖ Кеңесінің құрамына:
1.4.1 Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректор;
1.4.2 Ғылыми-зерттеу басқармасының бастығы;
1.4.3 СҒЗЖ Кеңесінің төрағасы;
1.4.4 СҒЗЖ ұйымдастыру жөніндегі маман;
1.4.5 Кафедра бойынша СҒЗЖ-на жауапты оқытушылар;
1.4.6 Кафедра бойынша СҒЗЖ-на жауапты студенттер;
1.4.7 Ғылыми бағыттарының жетекшілері кіреді;
1.4.8 СҒЗЖ Кеңесі жыл сайын университеттегі ғылыми техникалық кеңестің отырысында бекітіледі;
1.4.9 СҒЗЖ Кеңесі кезекті отырысын әр айдың ақырғы сәрсенбісінде өткізеді;
2. Мақсаты мен міндеттері:
2.1 Университеттің СҒЗЖ Кеңесі оқу үрдісінде және одан тыс студенттердің ғылыми жұмыстарының барлық түрлерін дамыту арқылы ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген, жоғары білікті мамандарды дайындаудағы сапаны арттыру мақсатында құрылады.
2.2 СҒЗЖ Кеңесі өзіндік оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілетті мамандарды дайындауда кәсіби, ақпараттық, гуманитарлық, экологиялық, экономикалық және құқықтық деңгейін арттыруға септігін тигізеді.
2.3 Университет СҒЗЖ Кеңесінің негізгі міндеттері:
2.3.1 Университет кафедраларының, ОҒЗО, ҒЗЗ және басқа құрылымдық бөлімшелерінің студенттердің білімін кеңейту және тереңдетуге, ғылыми-зерттеу жұмысқа деген қызығушылықтарын арттыруға, оны атқару іскерлігіне септігін тигізетін студенттерді ғылыми жұмысқа тарту жөніндегі қызметтерін жеделдету;
2.3.2 Университеттің жетекші ғалымдарын СҒЗЖ-на басшылық етуге кеңінен тарту;
2.3.3 Факультеттер және кафедралар тарапынан СҒЗЖ ұйымдастыруына бақылау;
2.3.4 Өндірістік-технологиялық салада студенттерді инновациялық іс-әрекетінде дағдыландыру;
2.3.5 Студенттер арасында облыстың, аймақтың, республиканың түрлі қызмет салаларына ҒЗЖ нәтижелерін енгізуге жағдай жасайтын және өзекті мәселелері бар ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру;
2.3.6 Студенттердің бойында кәсіпкерлік және шығармашылық-ұйымдастырушылық қызмет қабілеттерін дамыту;
2.3.7 СҒЗЖ-ның дәстүрлі формаларын дамыту және жаңа түрлерін іздеу;
2.3.8 СҒЗЖ дамытуға жағдай жасайтын конференциялар, олимпиадалар, көрмелер және т.б. шараларды ұйымдастыру және өткізу;
2.3.9 Студеттердің үздік жұмыстарын университеттің ғылыми басылымдарда және одан басқа жерлердегі басылуына жәрдемдесу;
2.3.10 СҒЗЖ есепке алу және есеп беру;
2.3.11 Халықаралық студенттер жобаларын бірлесіп ұйымдастыру.
3. СҒЗЖ Кеңесінің атқаратын қызметтері:
Университеттің СҒЗЖ бойынша Кеңесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:
3.1. Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректормен бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді;
3.2. Кафедралар мен факультеттердің СҒЗЖ ұйымдастыру туралы сұрақтарына нұсқаулар береді;
3.3. СҒЗЖ ұйымдастырудың оң тәжірибесін жинақтайды, талдайды, меңгереді және университет факультеттерінде таратуға көмектеседі;
3.4. Факультет деканымен бірлесіп студенттердің ғылыми конференцияларының құрамын анықтайды және олардың өтуіне белсенді қатысады;
3.5. Мамандықтар бойынша пәндік олимпиадалар ұйымдастырады;
3.6. «Мамандық бойынша үздік» атағына үміткер студенттерге нұсқаулар береді;
3.7. СҒЗЖ республикалық байқауына студенттердің жұмыстарын сұрыптауға қатысады;
3.8. Факультет декандарына СҒЗЖ бойынша есеп беруге дайындық жұмыстарына көмектеседі.
4. СҒЗЖ бойынша Кеңестің құқықтары:
4.1. Факультеттердің орындауы үшін міндетті оның құзіретіне кіретін шешімдерді қабылдауға;
4.2. СҒЗЖ ұйымдастырудағы факультет жетекшілері үшін ұсыныс сынды сипаттағы шешімдерді қабылдауға;
4.3. СҒЗЖ және ғылыми-ұйымдастырушылық істерді өткізудегі жетістіктері үшін жеке студенттерді және ғылыми жетекшілерді мадақтауға (алғыс жариялауға) ұсынуға;
4.5. «Мамандық бойынша үздік» атағына үміткер студенттерге нұсқаулар беруге.
5. СҒЗЖ бойынша Кеңестің жауапкершілігі:
5.1. СҒЗЖ бойынша Кеңес төрағасы келесі жауапкершіліктерді алады:
5.1.1. Студенттердің оқудан басқа ғылыми іс-әрекеттерінің барлық түрлеріне жалпы жетекшілікті жүзеге асыруда;
5.1.2. СҒЗЖ бойынша Кеңестің іс-әрекетіне жалпы жетекшілікті жүзеге асыруда;
5.1.3. СҒЗЖ бойынша Кеңеспен қабылданған шешімдердің орындалуы үшін;
5.1.4. СҒЗЖ бойынша Кеңес аталған мүшелерімен бірлесе отырып келешектегі жылдық жоспарларды, байқаулар мен олимпиадалар туралы ережелерді әзірлеуге, ғылыми жетекшілер мен белсенді студенттерге алғыс жариялауға және мадақтауға бұйрықтар даярлау үшін;
5.1.5. Факультеттердегі СҒЗЖ жауаптылар арқылы студенттерді ғылыми істерге ауқымды тарту;
5.2. Факультеттердегі СҒЗЖ жауаптылар келесі жауапкершіліктерді алады:
5.2.1. Факультеттердегі СҒЗЖ барлық түрлерін ұйымдастыру үшін;
5.2.2. СҒЗЖ бойынша Кеңесте бекіту үшін мамандықтар бойынша жұмыс жоспарын және олардың орындалуын ұйымдастыруды құрастыру;
5.2.3. Факультеттердегі әр түрлі ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды өткізуге жетекшілік (конференциялар, олимпиядалар, байқаулар, қараулар) етуге;
5.2.4. Студенттердің үздік жұмыстарын жариялауға және әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатыстыруға ұсыныс жасау және басқа да жұмыстарға қатысуға;
5.2.5. Факультеттердегі студенттердің айлық, жарты жылдық, жылдық ғылыми іс-әрекеттері туралы ақпаратты даярлау; факультеттен университет аумағында ғылыммен белсенді айналысатын үздік студенттердің тізімін беру;
5.2.6. Факультеттер мен кафедраларда Университеттің «Имидж» газеті және мамандықтар бойынша СҒО және қабырға газеттері арқылы факультет және кафедра ұжымдарын СҒЗЖ ауқымды ақпараттандыру;
5.2.7. Университеттің ғылыми конференцияларының, олимпиядаларының, конкурстарының, қараулардың және т.б. өтуіне жалпы жетекшілікті іске асыру;
5.2.8 СҒЗЖ бойынша Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
6. СҒЗЖ бойынша Кеңес жұмысының бағыты:
6.1. Шығармашылық және ғылым Апталығын өткізу және ұйымдастыру;
6.2. Студенттердің университет ішілік, университет аралық, аймақтық, республикалық және халықаралық конференцияларда және олимпиадаларда қатысуларын ұйымдастыру;
6.3. Өткізілген байқаулар туралы өзекті ақпараттар және құжаттарды даярлауға көмек. |