Бас бетқе
Ғылым
Қазақша | Русский | English
[Ғылым] \
Логин

Пароль

БҮГІНГІ УНИВЕРСИТЕТ

3
Қазіргі таңда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Республикамыздың Шығыс аймағындағы ең ірі заманауи білім, ғылым және мәдениет орталығы ретінде, жаратылыстану, гуманиталық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық және заң мамандықтары бойынша мамандарды дайындап, халықаралық білім кеңістігінде өзін классикалық үлгідегі зерттеу университеті ретінде уағыздайды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – жоғарғы мектептің Халықаралық ғылым академиясының, Батыс Сібір жоғары оқу орындарының, TEMPUS External Cooperation Еуропалық коммиссиясы консорциумының және Еуразиялық университеттер ассоциациясының мүшесі. 2009 жылы Болон келісімінің принциптерін қабылдаған Университеттердің Ұлы Хартиясының толыққанды мүшесі болды.

 

 Университет құрамында:

- 8 факультет және көпсалалы коледж;
- Монғол Халық Республикасында университет филиалы;
- «Ядролық технологиялар және жаңартылатын энергетика технологиялары» бағытындағы ұжымдық қолданылытын Ұлттық ғылыми зертхана;
- Экология - оқу-ғылыми-зерттеу орталығы;
- Гуманитарлық ғылымдар оқу-ғылыми-зерттеу орталығы;
- Қолданбалы физика ғылыми зерттеу зертханасы;
- Инновациялық технологиялар орталығы;
- Ғылыми және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты;
- Лингвистикалық орталық;
- М. Губушкин атындағы криминалистикалық орталық;
- А.Н. Трунов атындағы денсаулық орталығы;
- Баспасөз орталығы;
- Ғылыми кітапхана;
- Баспа;
- «Тарих пен қазіргі заман» және табиғат мұражайы;
- Г. Вистениус-Д.Панкратьев атындағы оқу-далалық тәжірибе орталығы;
- «Сібе» оқу-ғылыми-өндірістік базасы;
- «Шағала» жүзу қауызымен және т.б. жабдықталған оқу-сауықтыру кешені.
 
3

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының фундаменталды және қолданбалы бағдарламалардың басымдықтарына сәйкес жүргізіледі: ядролық технологиялар және жаңартылған энергетика технологиялары; ақпараттық технологиялар; нанотехнология және жаңа материалдар; биотехнологиялар; көмірсутекті және таулы-металлургиялық секторларға және олармен байланысты сервистік салаларға арналған технологиялар; ұлттық идея Қазақстанның тұрақты дамуының негізі ретінде.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Verein zur Qualitätssicherung und Zertifizierung für den Mittelstand e.V. Германиямен берілген  DIN EN ISO 9001:2000, №04115225 мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сертификатталған менеджмент жүйесі бар. 2005 ж. қазан айында университет лицензияланған талаптарға сәйкестік бойынша кезекті мемлекеттік аттестаттаудан табысты өтті.


 

«ЯДРОЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГЕТИКА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» БАҒЫТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ҰЖЫМДЫҚ ҚОЛДАУ ЗЕРТХАНАСЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ өз ғылыми қызметтерінің нәтижесі бойынша республиканың ең үздік 3 ЖОО-ның қатарына кіріп, конкурстық негізде ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен Ұлттық ғылыми ұжымдық қолдану зертханасы ашылды.
Мамандармен қамтамасыз етілуі: 1 ф.-м.ғ.д., 1 х.ғ.д., 7 ф.-м.ғ.к., 3 т.ғ.к., 4 х.ғ.к., ізденушілер, магистранттар, студенттер.
Ғылыми жетекшісі: Сқақов Мажын Қанапиұлы, физика-математика  ғылымдарының докторы, профессор.
Зертхананың мақсаты - ғылыми зерттеулердің алдыңғы қатарлы деңгейіне жету және ғылымның материалды-техникалық және кадрлық потенциалын тиімді қолдану.
Зертхананың негізгі бағыттары:
- еліміздің және аймақтың ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттары бойынша бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
- жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті ғылыми өнімдерді және коммерциялық технологияларды жобалау;
- халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастыққа қатысу;
- ғылыми жобаларды жүзеге асыру негізінде әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен бірлесе ғылым дамуының басым бағыттары бойынша ғылыми мамандарды даярлау.
 
3
Зертханаға Bruker фирмасының (Германия) қазіргі заманғы Avance-III 500 ядролық-магнитті-резонанстық (ЯМР)  спектрометрі алынып, іске қосылды.


ЯМР-спектрометр Avance-III 500 сұйық, сондай-ақ қатты үлгілердің жоғары рұқсаттағы спектрлер суретін түсіруді қамтамасыз етеді. Жиіліктердің сандық генерациясына, сигналдардың сандық тіркелуіне, сандық басқаруға және автоматтандырудың жоғары деңгейіне ие.




33
Бір және көп өлшеуішті спектрлерді түсіруге, көпядролы корреляцияларды құруға, химиялық реакциялардың кинетикасын зерттеуге, қатты денелердің спектрінің суретін түсіруге (кросс-поляризациямен және магикалық бұрыштың астымен айналумен эксперимент жүргізуге қажетті техникалық сипаттамаларға) сәйкес келеді.

Зертхана ҒЗТКЖ жүргізуге қатысады, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының отандық және шетелдік ғалымдары мен мамандарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауларына қызмет көрсетеді.



 

Серіктестер:
- ҚР Ұлттық ядролық орталығы (Курчатов қ.);
- «ҮМЗ» АҚ (Өскемен қ.);
- Д.Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (Өскемен қ.);
- Томск политехникалық университеті (Томск қ., Ресей);
- И.И. Ползунов атындағы АлМТУ;
- И.И. Ползунов ат. АлМТУ (Барнаул қ., Ресей).

33


 

 

 

 

 



 


Негізгі шешілетін мәселелер:
- органикалық және биоорганикалық қосындылардың химиялық құрамын, құрылымын, кеңістіктегі орналасуын және ауысуларын анықтау;
- тамақ өнеркәсібі өнімдерін, полимерлі заттарды, сонымен қатар табиғи заттардан (мұнай, целлюлоза) қайта өңделген өнімдерді сапалық және сандық сараптау;
- фармакологиялық заттардың құрамын зерттеу;
- құрылымы мен фазалық өтулерін анықтау мақсатында әр түрлі ядролары бойынша қатты денелер материалдарын зерттеу;
- бұрынғы Семей ядролық полигонындағы ядролық жарылыстар өткізілген орындардағы радиоэкологиялық зерттеулер;
- кремнийдің трансмутациондық қоспаландыруын зерттеу.

333









333

Орындалатын жобалар:
- Материалдардың радиациялық-термиялық беріктеу және материалдардың коррозиялық тұрақтылығын арттыру технологиясын жасау;
- Нитридті отын алу технологиясын жасаудың физико-химиялық негіздерін зерттеу;
- Ядролық-энергетикалық құрылғылардың конструкциялық материалдарына ядролық сәулеленудің әсерін зерттеу;
- ЯМР-спектроскопияның көмегімен кластеризация үрдісін зерттеу;
- Термоэлементтер дайындап шығару технологиясын жасау;
- ШҚО-ның өсімдіктерін потенциалдық дәрілік препараттар ретінде төмен молекулярлық қосындыларға ие болуын зерттеу.

Мекен-жайы: Өскемен қ-сы, Амурская 18А к-сі,
С.Аманжолова ат. ШҚМУ-нің №8 ғимараты
Байланыс тел.: 8 (7232) 224-295,   aidyn_84@mail.ru

ҚОЛДАНБАЛЫ ФИЗИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНАСЫ

Ғылыми бағыты «Металдар мен қортпалардың құрылымы мен қасиеттеріне сыртқы әрекеттердің әсері»
Ғылыми жетекші: Ерболатулы Д., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Қолданбалы физика зертханасының меңгерушісі: Тұяқбаев Б.Т., физика магистрі

Материалдық-техникалық базасы:

Қолданбалы физика ҒЗЗ құрамында электрондық микроскоптармен, ДРОН-3, Дрон-4 рентген дифрактометрлерімен, вакуумдық посттармен, оптикалық микроскоптармен, механикалық сынақтарға арналған машиналармен, пештермен және т.б. жабдықталған  5 ғылыми-зерттеу тобы жұмыс атқарады.

Негізгі шешілетін мәселелер:
- материалдардың құрылымын электронды-микроскопиялық талдау;
- материалдардың фазалық құрамын рентгендіқұрылымды талдау;
- материалдардың беткі қабатына элементтерді вакуумдық жалату;
- металдар мен қортпалардың беткі қабатын ионды тазалау;
- материалдарды механикалық сынау;
- материалдардың құрылымын оптикалық  металлографиялық талдау;
- материалдардың физикалық қасиеттерін зерттеу;
- пісірілген қортпаларды алу және сапасын бақылау;
- материалдарды термиялық және механикалық өңдеу;
- физика бойынша зертханалық кешендерді ойластыру және жасап шығару.

 333












Серіктестер:
- Сума беткі қабатты түрлендіру институты (Сумы қ., Украина);
- ТПУ Юрга технологиялық институты (Юрга қ., Ресей);
- И.И.Ползунов атындағы АлМТУ (Барнаул қ., Ресей);
- «Востокмашзавод» АҚ  (Өскемен қ.);
- «Дальтек- У-Ка» ЖШС (Өскемен қ.).

Физикалық мектептердің даму келешегі
ҚР ғылымның дамуының заманауи үрдістеріне сәйкес ҚФ ҒЗЗ жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары наноқұрылымды конструкциялық материалдарды жасау деңгейіне ауысуда.

Орындалатын жобалар:

- Интенсивті пластикалық деформация әдістерімен наноқұрылымды детальдарды жасау технологиясын жасап шығару;
- Жаңа материалдардың өзі тарайтын жоғарытемпературалық синтезінің аппаратуралық – технологиялық негіздерін жасау;
- Баяу балқитын қоспалармен жаңаратын, беріктігі жоғары беткі қабаттарды қалыптастырудың физика- химиялық негіздері мен технологиясын жасау;
- Отандық спорт жаттығу құрылғылары мен халық тұтынатын бұйымдар жасау.

Байланыс тел.: (7232) 540-171,   nil.pf@mail.ru

ЭКОЛОГИЯ ОҚУ - ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Негізгі шешілетін мәселелер:
- әртүрлі заттарды химиялық талдау;
- заттарды сандық және сапалық спектрлік талдау;
- фармокологиялық препараттар жасау;
- қоршаған ортаның экологиялық мониторингі;
- қоршаған орта процесстерін математикалық үлгілеу;
- қорғасын өндіру кезінде түйірлі ангидрид қалдықтарының азаю процесстерін зерттеу;
- политермиялық жағдайларда қышқыл ортадағы кейбір металдардың сульфаттарының өзара еруін зерттеу; - инулиннің ауыр металдармен кешенқұруын зерттеу.

333










Серіктестер:

- «ЦНЗМО» АҚ  (Алматы қ.);
- «Экология - сервис» ЖШС (Өскемен қ.);
- «ВНИИЦВЕТМЕТ» ЕМК (Өскемен қ.);
- ШҚ АШ ҒЗИ (Өскемен қ.)

Экология ОҒЗО зертханасы мемлекеттік стандарттарға сәйкестікке «Қазақстан метрология институты» РМК экологиялық бақылау саласы бойынша мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

Орындалатын жобалар:

- Бақыршық концентраттарынан алтын алу әдісін жасау;
- Құрамында күшәні бар шикізаттарды, қалдықтар мен өндіріс өнімдерін залалсыздандыру технологиясын жасау;
- Шығыс Қазақстанның балқарағайлы ормандарын ұдайы өсірудің және сақтаудың кешенді бағдарламасын жасау;
- Маңызды ауылшаруашылық дақылдарды жақсарту үшін биотехнология және иммунология әдістерін жетілдіру;
- ШҚО экологиялық жағдайын жақсарту және сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін гидрогеология негіздерін жасау;
- Автокөлігі көп қалалар үшін көлік ағымын модельдеу және оңтайландыру.

Байланыс тел.: (7232) 222-148,   eco.chursin@mail.ru
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional