«ШЫҒЫСТЫҢ АЙМАҚТЫҚ ХАБАРШЫСЫ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНА МАТЕРИАЛДАР ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ
Қойылатын талаптарға сай рәсімделген қолжазбаларды университеттің сәйкес кафедрасы басылымға ұсынады. Мақаланы кафедра отырысының хаттамасының үзіндісімен бірге авторлар факультет бойынша жауапты адамға тапсырады, ол бастапқы танысудан кейін университеттің білімнің сәйкес салаларының білікті ғалымдарының ішінен пікір білдірушіні тағайындайды. Оң пікір берілген жағдайда факультет бойынша жауапты адам мақаланы қосымша құжаттармен және ақы төлегені жөніндегі түбіртекпен бірге журналдың жауапты хатшысына тапсырады.
Өткізілген мақалалардың сапасы үшін авторлар жауап береді.Материалдарды жариялау жөніндегі ақтық шешімді журналдыңредакциялық-баспа кеңесі қабылдайды.
Журналда мақала жариялаудың құны – 1500 теңге.
Журналдың жауапты хатшысы – заң.ғ.к., доцент Биебаева Ардақ Әлімханқызы. Байланыс телефондары – 25-23-01 (Өскемен қаласының коды – 8-7232), 8-701-557-10-57, e-mail: ardak_22@ mail.ru.
Ғылыми мақалаларға қойылатын талаптар:
«Шығыстың аймақтық хабаршысы» журналында теориялық, тәжірибелік, ізденушілік сипаттағы еңбектер, қолданбалы маңызы бар шолулар, мәселе көтеретін және ақпараттық мақалалар, сондай-ақ бұрын жарияланған еңбектерге қысқаша түсініктемелер, ғылыми конференциялар мен кеңестер жайлы мәліметтер, кітаптар туралы пікірлер, мерейтой иелерін құттықтау жарияланады.
Жариялау туралы шешімді келіп түскен материалдардың ғылыми маңызын және өзектілігін ескере отырып редакция алқасы қабылдайды. Қабылданбаған мақалалар қайтадан қаралмайды.
Мақаланың құрылымы:
1. УДК индексі.
2. Мақаланың атауы (бас әріппен).
3. Барлық авторлардың аты-жөні.
4. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме.
5. Мәтін.
6. Әдебиеттер тізімі (қайнар көздердің орналасу реті мәтіндегі сілтемелер ретіне сай болуы керек, сілтемелер текше жақшалардың ішіне алынады).
Мәтінде физикалық, химиялық және математикалық шамалардың бірліктердің халықаралық жүйесінде көзделген қысқартуларына ғана жол беріледі.
Мақалалардың «Word 7.0 for Windows» мәтіндік редакторында парақтың бір бетіне барлық жағынан 3 см жиек қалтыра отырып, Times шрифтімен (12 кегль) 1,5 интервал арқылы терілген екі данасы тапсырылады. Түйіндеме, әдебиет, кестелер мен суреттерді қоса санағанда қолжазбаның жалпы көлемі 10 беттен аспауы керек.
Мақалаға кафедра отырысының хаттамасынан үзінді, сын пікір, сараптамалық қорытынды (тек қана техникалық мамандықтар бойынша), автор (авторлар) туралы толық мәліметтер, баспа қызметінің ақысын төлегені жөнінде түбіртек, сондай-ақ материалдардың электрондық нұсқасы қоса табысталады.
«Шығыстың аймақтық хабаршысы» ғылыми журналы техникалық, филология, педагогика және психология ғылымдары бойынша диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін баспаға шығаруға ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұсынылған басылымдар тізіміне енгізілген. |