Бас бетқе
Инновациялар
Қазақша | Русский | English
[Инновациялар] \
Логин

Пароль

«ЯДРОЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГЕТИКА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» БАҒЫТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ҰЖЫМДЫҚ ҚОЛДАНУ ЗЕРТХАНАСЫ

«КЕШЕНДІ ҚҰРЫЛЫМ ҮРДІСТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ӘСЕРІН ЯМР-СПЕКТРОСКОПИЯ
КӨМЕГІМЕН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ»
proekti

Мақсаты: Әр түрлі жағдайларда кешенді және кластер құру процестерін зерделеу, газдардағы және қатты денелердегі кешенді құрылымға ультрадыбыстың әсерін зерттеу.

Негізгі міндеттері: Әр түрлі заттардан жасалған кластер (димерлердің, тримерлердің, тетрамерлердің) шамаларын анықтау және оларды газдар мен қатты денелерді зерттеуде, сонымен қатар ағзадан зиянды заттарды бөлетін дәрмектерді анықтауда қолдану; кластеризация үрдістерін басқару мүмкіндіктерін анықтау және газдардың, сұйықтардың, қатты денелердің  микроқұрылымын ультрадыбыс көмегімен қалыптастыру. ЯМР-спектроскопия көмегімен зерттеу әдістерін меңгеру.
 
 

«ТЕРМОЭЛЕКТРЛІК МОДУЛДЕРДІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖАСАУ»

Мақсаты: Жартылай өткізгіш материалдарды ыстықтай сығымдау әдісімен термоэлектрлік түрлендіргіш энергоқұрылғылардың бұтақтарын дайындау технологиясын  жасау. Лекті өндіріс үшін тенологиялық жабдықтау жасау.

Негізгі міндеттері: p және n типті жартылай өткізгішті термоэлектрлі материалдардың ұнтақтарын сығымдау үшін эксперименттік жабдықтау жасау; әр түрлі жағдайдағы сығымдау кезінде (сығымдайтын үлгінің температурасы, сығымдау жылдамдығы, температура өзгерісінің және Пуансон қысымының уақыт бойынша өзгерісінің заңдылығы және т.с.с.) термоэлектрлік элемент бұтақтарының сынақ партияларын дайындау; термоэлектрлік элемент бұтақтарының сынақ партияларын дайындау кезінде пайда болған сығымдап жабдықтаудың ақауы мен кемшіліктерін анықтау; термоэлектрлік бұтақтар сапасына қосымша факторлардың әсерін зерттеу.
 

«АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ БИОИНДИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ АНТРОПОГЕНДІ БҮЛІНГЕН
АЙМАҚТАРЫН БИОРЕМЕДИАЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІН ЖАСАУ»

proektiМақсаты: Антропогенді бүлінген аймақтардың жағдайын биоиндикация әдісімен зерделеу және бағалау, биоремедиация негізінде оларды қайта қалпына келтірудің тиімді тәсілдерін жасау.

Негізгі міндеттері: Жер қыртысы және өсімдіктерде ауыр металдардың жинақталу деңгейі туралы мәлімет алу; өсімдіктермен ластанушы биотрансформация механизмдерін анықтау; Шығыс Қазақстанның антропогенді бүлінген аймақтары жер қыртысының эколого-геохимиялық картакестесін жасау; өсімдіктердің жабайы өсетін және ауылшаруашылық түрлерін анықтау; жер қыртысынан фитоэкстракциялауға арналған ауыр металдар, өндірістік орта жағдайына тұрақты санитарлы-гигиеналық және сәндік мақсаттарда қолдану үшін өсімдіктердің ағаштан жасалған тұқым түрлерін анықтау.
 

«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ТҮЙІНДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖАСАУ»

proektiМақсаты: Жылыту энергоқұрылғылары үшін өнімдерді дайындаудың жаңа ресурсты сақтау технологияларын жасаудың ғылыми-техникалық негіздерін құру.

Негізгі міндеттері: Құрылымын, фазалық және химиялық құрамын, механикалық қасиеттерін, асқынпластикалық өңдеуге дейін және кейін Ni-Cr, Co-Ni, Fe-Ni негіздегі келешегі бар коррозияға тұрақты қорытпалар мен болаттардың кернеулі жағдайын және деформация механизмдерін зерттеу, үдемелі пластикалық деформация әдісімен энергоқұрылғылардың наноқұрылымды металл бөлшектерін алудың физикалық негіздерін дамыту; асқынпластикалық материалдардан энергоқұрылғылар бөлшектерінің ресурс сақтаушы қалыптау мен пішіндеуі үшін қалыптаушы жабдықтарды жасау және дайындау.

 

«МЕТАЛКЕРАМИКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР СИНТЕЗІНІҢ АППАРАТТЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»


proekti

Мақсаты: ӨЖС процесіндегі Ti-Al жүйесінің жылулық жарылыс режимінде құрылым түзгіштігін зерделеу үшін эксперименттік кешен құру.

Негізгі міндеттері: Жылдам өтетін процесстердің жоғары дәлдіктегі температуралық диагностика жүйесіндегі, жылулық жарылыс режимінде композициялық материалдар синтезін жүргізу үшін ӨЖС-реактор құру; құрамы мен қасиеті қажет химиялық таза бірфазалы өнім алу үшін өздігінен таралатын жоғары температуралы синтезінің қолайлы режимін табу.
 

 

«БЕРІКТІГІ ЖОҒАРЫ БОЛАТТАН ЖАСАЛҒАН ПІСІРІЛГЕН ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ЭКСПЛУАТАЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН БАСҚАРУ»

proekti

Мақсаты: 30ХГСА беріктігі жоғары болаттан құбырөткізгішті пісірудің  ресурс сақтаушы технологиясын  жасау,  пісірілген қосылыстардың қасиеттерін болжау үшін үлгі құру.

Негізгі міндеттері: Механикалық қасиеттерін зерттеу, құрылымды-фазалық түрленулерін және  екі ағынды газдық қорғалған жаңа доғалық пісіру әдісімен алынған 30ХГСА болатының пісірілген қосылыстарында элементтерді үлестіру; пісірудің тәсілдері мен режимдерінен пісірілген қосылыстардың эксплуатациялық қасиеттерінің тәуелділігін анықтау.



 

«ЯДРОЛЫҚ-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ТУРБИНА ҚАЛАҚТАРЫНЫҢ ҚАПТАМАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІН ЖАСАУ»

proektiМақсаты: Энергетикалық құрылғылардың турбина қалақтарының  эксплуатациялық қасиеттерін арттыру үшін нанокристалдық құрылымды баяу балқитын қосылыстармен және әсер етудің импульсті жоғарыэнергетикалық тәсілдерімен түрленген қаптаманың қалыптасу үрдістерінің заңдылығын анықтау.

Негізгі міндеттері: Балқытудың бейімделген импульсті технологиялар және детонационды тозаңдату тәсілдерімен  болат өнімдерінен жасалған қорғанышты коррозияға төзімді қаптаманы қалыптастырудың  физика-математикалық үлгісін жасау; детонационды тозаңдату және ерітінді үрдістерінде шашырағыш   баяу балқитын   қосылыстармен субмикро- және нанокристалдық құрылымдағы кешенді модификациялау әдістемесін жасау; шашыратқыш қосылыстармен модификацияланғаннан кейінгі тозаңдатылған және ерітілген қаптамалардың құрылымын, құрамын, физика-механикалық қасиеттерін зерттеу.
               

 ЭКОЛОГИЯ ОҚУ-ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
«БАҚЫРШЫҚ КОНЦЕНТРАТТАРЫНАН АЛТЫН АЛУ ТӘСІЛІН ЖАСАУ»

proekti


Басымдылықтары:
Қара, түсті және сирек металлдарды барлаудың, алудың, байытудың және қазып алудың осы заманғы әдісі мен технологиясы.

Жобаның мақсаты: Бақыршық концентратынан алтын алудың жаңа тәсілін жасау.

Өңдеудің қысқаша сипаттамасы: Коллекторлық балқыту жолымен металды осы концентраттардан  едәуір толық (97-98%) алуға болады. Балқу барысында күшән аз уытты қосындыға – ұзақ сақтауға жарамды теміркүшәнді қорытпаға ауысады.

Нәтижелері: Қажымайтын алтынкүшәнді концентраттардан алтынды алудың жаңа экологиялық қауіпсіз және тиімді тәсілі жасалды.


«ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕ  ҮЙІЛГЕН ЖҮКТЕРДІҢ ҚАТЫП ҚАЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН САҚТАНДЫРУ ӘДІСІН ЖАСАУ»


proektiБасымдылықтары: Қара, түсті және сирек металлдарды барлаудың, алудың, байытудың және қазып алудың осы заманғы әдісі мен технологиясы.

Жоба мақсаты: Үгінді өнімдерді қатырмайтын, тиімді, экологиялық қауіпсіз қоспа жасау.

Өңдеудің қысқаша сипаттамасы: Осы материалдың жұмыс істеу принципі бөлшектер арасында пенольд түрінде іркілдек қабаттама пайда болуына негізделген. Негізгі компоненттің тиімділігі авторлық куәлікпен расталған (А.с.№1837065 «Материалдардың қатаюынан сақтандыратын құрал»).

Нәтижелері: Байыту кәсіпорындарында себінді жүктердің қатаюын алдын алу үшін қоспаны қолдану технологиясы жасалған.
 

«АЗ МӨЛШЕРДЕ РАДИОАКТИВТІ ЖӘНЕ УЫТТЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР СҰЙЫҚ РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАУІПСІЗ САҚТАУ ҮШІН ТИІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯ ЖАСАУ»

Басымдылықтары: Әр түрлі ортадағы аз мөлшердегі радиоактивті және уытты элементтерді анықтаудың ядролық технологиялары.

Жоба мақсаты: Сұйық радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау үшін гидроизоляциялық қабат жасау.

Өңдеудің қысқаша сипаттамасы: Жасау кезінде грунттік суларға сұйық фазаның өтуінен қорғай отырып,  суды қайта қалпына келтіре алатын анықталған құрамды балшықтың бентонитті түрін қолдану ұсынылады.

Нәтижелері: Уытты радиоактивті элементтердің кезуін болдырмау үшін қолданылатын қоспаның қолайлы құрамын белгілеу.
Ғылыми жоба БҒМ «Ынталы және тәуекелді ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді қаржыландыруға грант бөлу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 10,5 млн. теңге сомасына конкурсты жеңіп алды.
 

«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК ӘЛЕМІНІҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН САҚТАУ, КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БИОТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІН ЖАСАУ, ЖАСУШАЛЫ ДАҚЫЛДАР БАНКІН ҚҰРУ»

proekti

Мақсаты: Картоптың бастапқы вируссыз сорттарын клондау үрдісін, лилейлі және Сібір Кандығының жоғала бастаған түрлерінің сирек кездесетін сорттарын көшіріп отырғызу әдісімен тез және көлемді көбеюін оңтайландыру.

Нәтижелері: Бұл бағдарламаның жүзеге асуы зерттелетін өсімдік түрлерінің өлшемін алудың технологиялық әдістерін, регенерант өсімдіктерін алу әдістерін, экспланттармен көбейту, клондау кезіндегі биологиялық белсенді препараттардың және орта құрамы мәселелерінің әсер етуін, көбейетін өсімдіктердің in vivo жағдайынан in vitro жағдайына өтуін меңгеріп, нақтылап құруға мүмкіндік береді.

 
 

«ПАРАЗИТ-САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫ, БИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНДІК ЖӘНЕ ОЛАРҒА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ ГИБРИДТЕР МЕН МӘДЕНИ ӨСІМДІКТЕР СОРТТАРЫНЫҢ ТӨЗІМДІЛІГІ»

Мақсаты: Паразит–саңырауқұлақтардың,  Базидиомицет  кластары (Головневтар қатары) және жетілмеген саңырауқұлақтардың (Гифомицеттер қатары), мәдени өсімдіктердің түрлік құрамын зерделеу. Олардың зоналық таралуын анықтау, паразиттік дәрежесін және оларға өсімдік-иелерінің төзімділігін айқындау. Жаздық бидай мен басқа да мәдени өсімдіктердің түрлері мен сорттарының арасынан иммунитет көздерін анықтау.

Нәтижелері: Шығыс Қазақстанның барлық экологиялық зоналарындағы негізгі мәдени дақылдарға таралған  екі реттік паразит-саңырауқұлақтар өкілдері арқылы жеке дақылдар мен сорттардың генетикалық төзімділігі мен ауруға шалдығу этиологиясы, паразитизмі, биологиялық дамуы қарастырылды. Тұқымдық материалдар жағдайы бойынша тәжірибелік мәселелер шешілген, зиян келтіру шегі және тұқымның инфекциядан босау әдістері ұсынылған.
 

«БАҒАЛЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ БАР АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА МАЛЫН  ҰДАЙЫ ӨНДІРУ  БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ»

Мақсаты: Бағалы шаруашылық қасиеттері бар асыл тұқымды ірі қара малын  ұдайы өндірудің  жоғары тиімді биотехнологиясын енгізу.

Нәтижелері: Бейнелеудің сандық өңдеуі мен микроскопқа қосылған компьютердің бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен эмбриондардың нақты сапасының бағасын арттыратын және эмбриондарды бөліктерге бөлуге арналған лазерлік құрылғыны қолданатын процесті автоматтандыру.
 

«Г. ВИСТЕНИУС- Д. ПАНКРАТЬЕВ АТЫНДАҒЫ ОДТО-НА ЕҚТА (ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚ) МӘРТЕБЕСІН БЕРУ БОЙЫНША ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ ЖАСАУ»

Мақсаты: Г. Вистениус-Д. Панкратьев атындағы ОДТО ерекше қорғалатын табиғи аумақ - мемлекеттік аймақтық табиғи саябақ мәртебесін беру үшін жаратылыс-ғылыми және техника-экономикалық негіздеме жасау.

Нәтижелері:  Биологиялық әр алуандылықты,  бірегей және типтік ландшафты сақтау және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, экологиялық жүйенің базалық компоненті ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар берілген. Мемлекеттік табиғи-қорықтық қорларды және экологиялық жаратылыстану жүйелерін сақтаудың бағдарламалары жасалған. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдылығын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылған.
 

«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛҚАРАҒАЙЛЫ ОРМАНДАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҰДАЙЫ ӨНДІРУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМА ЖАСАУ»

proektiМақсаты: Шығыс Қазақстан облысының балқарағайлы ормандарының  өсіп жетілуі үшін табиғи-климаттық және геоморфологиялық жағдайларының жаратылыстану негіздемесі арқылы оларды қорғау және ұдайы өндірудің тиімді амалдарын жасау.

Нәтижелері:  Жобалы аумақтардың табиғи кешендерінің және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорықтық фондтардың бірегейлігі, маңыздылығы мен  репрезентативтілігі анықталды. Сібір балқарағайлы самырсын ормандарының қазіргі жағдайын бағалау жүргізілді, балқарағайлы ормандарды дамыту бағытындағы экологиялық-құқықтық мәселелер анықталды. Шығыс Қазақстан облысы аумағының табиғи-климаттық ерекшеліктері зерттелді, балқарағайды тарату үшін орман өсірудің үйлесімді жағдайлары анықталды.

 



 

«ҚАЛАЛАРДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГІНЕ АРНАЛҒАН ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ»

Басымдылықтары: Компьютерлік үлгілеу.

Жоба мақсаты: Өндірісті қаланың атмосфералық ауа сапасына антропогендік ластаушы көздердің әсер етуін бағалауға арналған геоақпараттық жүйе (ГАЖ) құру.

Жобаның қысқаша сипаттамасы: Қаланың микроклиматының математикалық үлгілер негізінде жасалған  жаңа ГАЖ қалалардың ауа бассейнінің ластану дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.

Нәтижелері:
- ірі өндірістік қалалардың ауа бассейнінің ластану дәрежесін бағалауға арналған геоэкологиялық ақпараттық жүйе;
- экологиялық жобалауда жүргізілетін жұмыстар циклын толығымен автоматтандыру.
 

 ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ОҚУ-ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
«ҚАЗАҚ-МОНҒОЛ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ»

2007 жылы Ақпарат және мәдениет Министрлігінің бастауымен ҚР БҒМ Археология институтының  (Алматы қ.), С. Аманжолов атындағы «Түркітану» ОҒЗО (қазіргі атауы ГҒ ОҒЗО) және Монғол ғылым Академиясының Археология Институтының қатысуымен «Көне түркі қағанатының астаналары» қазақ-моңғол дала экспедициясы  ұйымдастырылды. Экспедиция мақсаты – көнетүркі өркениетінің маңызды мәселелерінің аясында көнетүркі қағанаты астаналары мен қала-қамалдарын зерттеу.
 

«БЕРЕЛ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ»

proektiБерел қорғаны ерте темір ғасырымен белгіленеді, таспен көмілген 31 қорғаннан құралады. Бұл қорғандарда сақ тайпаларының көсемдері жерленгендіктен, Патшалар алқабы деп аталады. Археологиялық зерттеулер жүргізілген Берел қорғаны Бұқтарма өзенінің оң жақ жағалауында (теңіз бетінен 1100 м. биіктікте) Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданының биік тау алқабында орналасқан.  Оны қоршаған тау бөктері аралас орманмен көмкерілген (қайың, балқарағай, самырсын, шырша), тас басқан сол жағын мәңгілік мұз басып жатыр. Жан-жағы табиғи көмкерілген бұл дала мола тұрғызуға ең қолайлы жер болды. Мұндағы орналасқан 30 қорған меридиандық бағытта  тізбектеле орналасқан, ал зерттелетін қорған соның біреуіне барып қосылады.  Қорған өлшеміне, жерлеу конструкциясының күрделілігі мен табылған бағалы заттарға байланысты ол «патша» немесе «князь» топтарына жатқызылады. Көсемдерді жерлеу дәстүрін зерттеу мифтік-рәсімдік нышанды, қолөнер мен басқа тайпалар арасындағы мәдени байланысты білуге мүмкіндік береді.
proekti
Көне номадтардың өнерінің үлгілері қазақтардың қолөнер, әсемдеу-қолданбалы өнерінің бастауы болып табылады. Берелден табылған мумияланған адамдар қалдықтарының арқасында біз жаңа деңгей - молекулярлі-биологиялық, популяциялық-генетикалық зерттеулер негізінде мирасқорлықты бақылаудың ерекше мүмкіндігіне ие болдық. Қорғаннан табылған материалдар маңыздылығы жағынан Троя, I Петрдің Сібірлік жинағы, Қара теңіз жағалауындағы скифтік қорғандар, Алтын адам қорғанының қазыналарынан кем түспейді.

 
 

«ЖОҒАЛЫП БАРА ЖАТҚАН ТҮРКІ ЭТНОСТАРЫ: ТИБЕТ ИОХЫРЛАРЫ» ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

2007 жылы Түркітану ОҒЗО ұйымдастыруымен Қытайдың Хансу провинциясына Сары ұйғырлардың (шын атауы - ұйғыр) этнографиялық тарихын зерттеу мақсатымен экспедиция ұйымдастырылған. Көнетүркі мәдениет өкілдері болып саналатын иохырлардың этномәдени байланыстарын зерттеумен қатар, олардың басқа халықтармен тайпалық таңба, этнонимдер, топонимдер және этногенетикалық қарым-қатынастары мен олардың этнос ретінде қалыптасқаны зерттелген.
Сөзсіз, ғылымдағы әйгілі мәліметтерді, тарихи көздерді, отандық және шетел ғалымдары еңбектерін, археологиялық және этнографиялық зерттеулер нәтижелерін кешенді зерттеу ғана негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақтардың Шығыс Түркістанды (Батыс Қытай), Саян-Алтайды мекендеген түркі, монғол тілдес тайпалармен және халықтармен, Солтүстік – Батыс Монғолияны мекендеген, шорлар, сары ұйғырлар,  лобнорлар, локайлар, башқұрттармен және т.б. этнографиялық топтармен қарым-қатынастарын зерттеу қазақстандық түркітанудың өзекті мәселесі болып табылады.
 

«ҚАЗАҚ АЛТАЙЫНА ТАРИХИ – ЭПИГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯЛАР»

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Түркітану ОҒЗО тарихтың зерттелмей қалған беттері жайлы ақпарат алу, қазақ халқының түркі мәдениетімен мирастығын зерттеу мақсатында Алтайдағы көнетүркі ескерткіштерін, Алтай географиялық кеңістігін мекендеген қазақ халқының мәдени және материалдық ескерткіштерін, сонымен қатар, Монғолия мен Қытай қазақтарының фольклорын, ұлттық ауыз әдебиетін, жазбаша көздерін жинақтау сынды зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional