Бас бетқе
Қоғамдық бірлестіктер
Қазақша | Русский | English
[Қоғамдық бірлестіктер] \
Логин

Пароль

ОҚЫТУШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ



Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат), 232 кабинет
Тел.: 8 (7232) 54-05-87 (ішкі 141)
E-mail: profkom@vkgu.kz
 

Төрайымы – Аяғанова Нұрбақыт Қасымқызы




 
Университет кәсіподақ комитеті өз жұмысында ҚР Конституциясын, «ҚР еңбек кодексі» Заңдарын, «Білім туралы», «Кәсіподақтар туралы», «ҚР әлеуметтік серіктестік туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңдарды және басқа да заң актілерін, сонымен бірге білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жарғысын, ҚР Үкіметі мен кәсіподақтардың Республикалық бірлестігі, жұмыс берушілердің Республикалық бірлестігі арасындағы Бас Келісімді, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағы арасындағы Салалық Келісімді, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ еңбек ұжымының ректормен Келісім-шартын басшылыққа алады.

Университет кәсіподақ комитетінің тарихынан
Кәсіподақ ұйымы қашаннан ЖОО –ның сан жағынан ең көп қоғамдық ұйымы болып келді. Жергілікті комитеттің алғашқы қоғамдық жұмыстағы төрағаларының бірі физика математика факультетінің геометрия кафедрасының оқытушысы Мелентьев А.И. болды (1964-1965). Институт кәсіподақ комитетінің тұңғыш басқа жұмыстардан босатылған төрайымы болып оқытушы Неласая Г.П. сайланып, ол кәсіподақ комитетін 1978 жылы басқарды. Кәсіподақ комитетін сайлау, делегаттар жіберілген кәсіподақ конференциясында жасырын дауыс беру арқылы жүргізілді. 1984 – 1987 жылдар аралығында кәсіподақ комитетін физика кафедрасының оқытушысы Смолина Г.С. басқарды. Ал 1988 жылдан 2006 жылдың сәуіріне дейін кәсіподақ комитетін ұзақ уақыт физика кафедрасының аға оқытушысы Пешкова Р.П., 2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың сәуіріне дейін бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Алпатова О.В. басқарды. 2007 жылдың мамырынан бастап осы уақытқа дейін кәсіподақ комитетінің төрайымы Аяғанова Н.Қ.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ кәсіподақ комитетінің құрамы:

- Игібаева Айнагүл Құрмашқызы – кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор міндетін атқарушы.
- Шәріпханова Арнагүл Сайлаубекқызы - тұрмыстық - тұрғын үй комиссиясының төрайымы, биология кафедрасының меңгерушісі.
- Байжұманова Лейла Төлеубайқызы - университет оқу ғимараттары асханаларындағы қоғамдық тамақтануды тексеру жөніндегі комиссияның төрайымы, экология және жаратылыстану ғылымдары факультеті деканының орынбасары.
- Перминов Андрей Васильевич - еңбек дауларын шешу жөніндегі комиссияның төрағасы, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы.
- Құрманов Фархад Сақанұлы - жатақханаларды тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы, КСК директоры.
- Голубцова Алла Евгеньевна - мәдени - бұқаралық жұмыс жөніндегі комиссияның төрайымы, музыка кафедрасының аға оқытушысы.
- Борамбаев Ғафур Маратұлы - спорттық - сауықтыру жұмысы жөніндегі комиссияның төрағасы, жүзу зертханасының меңгерушісі.
- Жүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы - жалғыз басты, тұрмысы төмен кәсіподақ мүшелерімен жұмыс жөніндегі комиссияның төрайымы, қазақ тілі кафедрасының доценті.
- Игісінова Нұраш Бекпауқызы - ардагерлермен жұмыс жөніндегі комиссияның төрайымы, философия кафедрасының аға оқытушысы.
- Ахметжанов Бейсен Қалауұлы - еңбекті қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, математика, физика және технологиялар факультетінің деканы.
- Нұралиева Перизат Күзембайқызы - қызметкерлердің отбасылық демалысы және шипажайлық емделуін ұйымдастыру хөніндегі комиссияның төрайымы, кітапхана директоры.
- Раисова Қарлығаш Рақымқызы - тұрмыстық мәселелер жөніндегі комиссияның төрайымы, кадрлар бөлімінің инспекторы.
- Мұхамадиева Ардақ Ғабитқызы - қызметкерлердің балаларының демалысын ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрайымы, менеджмент және маркетинг кафедрасының аға оқытушысы.
- Баянжанова Беғаным Сіләмқызы - еңбек кітапшаларын жүргізуді тексеру жөніндегі комиссияның төрайымы.
- Рамазанов Ришат Сағыбекұлы - еңбек кітапшаларын жүргізуді тексеру жөніндегі комиссияның мүшесі, халықаралық қатынастар және шетелдер тарихы кафедрасының аға оқытушысы.
- Жакупов Ержан Замашұлы - ұжымдық келісім-шартты орындау жөніндегі комиссияның төрағасы, қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы.

Кәсіподақ комитетінің негізгі міндеттері:

- ұжым мүшелерінің кәсіптік, экономикалық, әлеуметтік мүдделерін заңмен бекітілген тәртіп бойынша өкілдік ету және қорғау, олардың тұрмыстық – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы нормаларының орындалуына көмектесу;
- елдегі әлеуметтік – экономикалық ахуал, қоғамдық – саяси оқиғаларға қатысты облыс кәсіподақ ұйымдарының келісілген ұстанымдарын қорғау;
- жұмыскерлердің ЖОО Жарғысын, ішкі еңбек тәртібі Ережелерін бұлжытпай орындауына, еңбек міндеттерін толық және сапалы орындауына күш-жігерді бағыттау;
- еңбек даулары, жанжалдық ахуалды реттеуде, ұжымдағы адамгершіліктік– психологиялық жағдайды қалыпқа келтіруде әкімшілікке белсенді түрде көмектесу;
- С.Аманжолов атындағы ШҚМУ еңбек ұжымының ректормен еңбек Келісім-шартын орындауға әкімшілікке көмектесу;
- барлық мәселелерді кәсіподақ активінің бірлескен ашық мәжілістерінде алқалы түрде және ашық қарастыру;
- жұмыскерлерге тегін заңдық көмек көрсету;
- ұлттық, мемлекеттік және кәсіптік мейрамдарға арналған мәдени-спорттық-бұқаралық іс-шараларды жұмыс берушімен бірлесіп жүргізу;
- кәсіподақ мүшелерін қоғамдық жұмыстары үшін мадақнамамен (грамота) және сыйақылармен көтермелеу;
- қызметкерлердің балаларын балалар (сәбилер) бақшасына орналастыру;
- ақшалай қаражатты бөлу;
- ЖОО жұмыскерлерінің отбасылық демалысын ұйымдастыруға;
- шипажайларға, демалыс аймақтарына және балаларға жолдамалар сатып алуға;
- кәсіподақ топтарында мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге;
- ЖОО-ның «Денсаулық» Олимпиадасын өткізуге;
- қызметкерлерге олар ауырғанда және жақын туыстары қайтыс болған жағдайларда материалдық жәрдем көрсетуге.
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional