Бас бетқе
Сапа менеджменті жүйесі
Қазақша | Русский | English
Логин

Пароль

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚМУ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті мамандар дайындау. Осындай сапаға жету үшін, ISO 9001:2000 халықаралық стандарт талабына сай келетін және сапа саласындағы Университет Саясаты мен Мақсатын шындайтын сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) құрылып, енгізілді. СМЖ-ң құрылуы ШҚМУ-не қол жеткен деңгейді сақтауға және сапалы біліммен қамтамасыз етілген бәсекеге қабілетті университет болуын, тек Қазақстан Республикасында ғана емес, халықаралық деңгейде танымал университет болуына мүмкіндік береді. СМЖ сыртқы тұтынушылардың сұраныстарын, сондай-ақ ұйым қызметкерлеінің мүддесін және қоғам талаптарын қанағаттандыруға белсенді болуы керек.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің СМЖ-і 2005 жылдың қазан айында немістің TUV (Мюнхен, Германия) сертификациялық агенствосының ISO 9001:2000 сериялы халықаралық стандат талаптарына сай құрылды, енгізілді және сертификатталды.
Қазіргі кезде университет СМЖ-і заңнамалардың және нормативтік құжаттардың талаптарына сай келеді. Университеттің барлық қызмет түрлері  сапа жүйесінің негізгі элементтерінен тұрады. ШҚМУ СМЖ-і құжаттандырылған және олармен жұмыс жүргізілуде.
Университеттің СМЖ-нің табысты жұмыс істеуін қадағалау мақсатымен, СМЖ-ін құру, дамыту және жақсарту үшін сапа бойынша жұмысшы топтары біріккен бөлімдер, факультеттер мен кафедралардағы сапа бойынша жауаптылармен қамтамасыз етіледі.
Университет бөлімшелерінің қызметін координациялау мақсатында сапа бойынша басшылық өкілінің төрағалығымен сапа бойынша кеңесі құрылды. Кеңес  СМЖ қызметінің келесі бағыттарымен жұмыс істейді: СМЖ құжаттары бойынша, ішкі аудитті жүргізу және ұйымдастыру, СМЖ нәтижелері мен белсенділігі бойынша, сонымен қатар университеттің ресертификацияға дайындық жұмыстары бойынша.
Университет мақсаттарының жетуіне арналған қызмет және лайықты қорлар процеспен сияқты басқарылады: басқарушы процестер, қолдайтын процестер және білім алатын қызметтердің тіршілік цикл процестері. Университет қызметін басқару процестерінің жүйелілігі мен әрекеттестігі СМЖ процестік көрінісінде келтірілген.
СМЖ негізгі құжатнамасы 3 деңгейден тұрады 1-ші деңгейде Сапамен басшылық, ол СМЖ қолдану облысы мен толықтырылуларды, құжаттандырылған үрдістерді (2-ші деңгей) қамтиды, құжаттандырылған үрдістермен университет бөлімшелерінің барлығы басшылық етеді.
3-ші құжатнама деңгейі – әртүрлі жұмыс құжаттары: нұсқаулар, жайлар, әдістемелер, сыртқы және ішкі аудит нәтижелері, тұтынушылардың қанағаттануын зерттеу , сонымен қатар жыл сайынғы сапа бойынша  есептеу нәтижесі.
Қызметшілер мен ПОҚ бұл талаптармен таныстырылған және соған сәйкес өз функцияларын орындайды.
СМЖ-ін тұрақты жақсарту мен  толық жетілдіруге бағытталған шараларды ұйымдастыру мен бақылау, және бағалау жүйесі мен  білім сапасын болжау -  болжау және білім сапасы бөлімімен  қамтамасыз етіледі.
 
 
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional