Бас бетқе
Құрылымдық бөлімшелер
Қазақша | Русский | English
[Құрылымдық бөлімшелер] \
Логин

Пароль

ЖАСТАР САЯСАТЫ ОРТАЛЫҒЫ

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат), 129 кабинет
Тел.: 8 (7232) 54-02-72
E-mail: molod_politiki@vkgu.kz
 
Орталық жетекшісі - Төлебергенева Раушан Жомартқызы

психология ғылымдарының кандидаты
 
 
Бөлімше қызметінің негізгі бағыттары:
Мақсаты: Әр факультет студенттерінің тұлғааралық қарым-қатынастарын нығайтуда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша, студенттер мен колледж оқушыларының ішкі шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруда патриоттық өзін-өзі танытуды, ұлттық салт-дәстүрлерді дамыту мен нығайту бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Міндеттері
:
- Университеттегі, факультеттер мен топтардағы оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру мен жетілдіруге қатысу;
- Біліктілікті арттыру институтымен бірлесіп, аясында сұранысқа сай мамандықтарға сертификаттар бере отырып студент жастарды даярлайтын қоғамдық мамандықтар факультетінің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ, жазғы еңбек семестріне дайындалу: педагогикалық жасақтар, құрылыс жасақтары, сервис жасақтары және т.б.;
- Университеттің студент жастарының құқыққа қайшы әрекеттерінің алдын алу;
- Студент жастардың әрекетін белсендіру, жаңа таланттарды тауып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Студенттік ұжымдарда шығармашылық, бір-біріне өзара көмек көрсету жағдайын қалыптастыру;
- Бағыттар бойынша байқаулар, фестивальдар ұйымдастыру;
- Түрлі гранттарды жеңіп алу байқауларына қатысу үшін студенттерге көмек көрсету, жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдем жасау;
- Жастардың мәдени бос уақытын өткізу;
- Жоғарыда тұрған органдардың, ректораттың шешімдерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- Жұмыстың сай келетін бағыты бойынша университет, факультет, қоғамдық деңгей әрекеттеріне басшылық жасау;
- Орталықтың, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жоспарлау, бөлімшелердің жұмыс жоспарының орындалуына бақылау жасау;
- Қаладағы, облыстағы және республикадағы басқа жастар ұйымдарымен және түрлі үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асыру.
Жастар саясаты орталығы университеттің мәдениет қызметкерлерін бір ұжымда біріктіруге, өзі әрекет ететін көркемөнерпаздар үйірмелері мен ұжымдарының тұрақтылығы мен кәсібиліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2008 жылдың 1- қазанынан бастап университетте келесі үйірмелер мен ұжымдар құрылып, жұмыстарын жалғастыруда:
- «Best» хореографиялық ұжымы, жетекшісі - Наказненко Светлана Петровна;
- Студенттік театр, жетекшісі - еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Маципуло Олег Петрович;
- «Ульбиночка» фольклорлық - этнографиялық ансамблі, жетекшісі - Попова Людмила Павловна, ШҚМУ доценті;
- Үрлемелі оркестр, жетекшісі - Сенотова Ольга Анатольевна;
- Жанрлық әндер ансамблі, жетекшісі - Ақаева Эльмира Асқарқызы;
- Вокалды-инструменттік ансамбль, жетекшісі - Зейнеш Бауыржан Зейнешұлы;
- «Жас қалам» шығармашылық бірлестігі, жетекшісі - Әбу Жарқын, Филология факультетінтің 4- курс студенті;
- «Свободная линия» шығармашылық бірлестігі, жетекшісі - Магеррамов Эльдар, Экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің 2- курс студенті.
 
Орталық қызметкерлері:
- Жастар саясаты орталығы басшысының орынбасары - Сәдуова Гауһар Мәрденқызы
- Жастар саясаты орталығы спорт клубының төрағасы - Кожуховский Андрей Владимирович
- Жастар саясаты орталығының мәдени ұйымдастырушысы - Ақаева Эльмира Асқарқызы
- Жастар саясаты орталығының хореографы - Наказненко Светлана Петровна
- Ақындар мектебінің жетекшісі - Қалқанбаева Бұлбұл Мәутбекқызы
- Жастар саясаты орталығының дыбыс операторы - Нұралин Болат Ғинаятұлы
- Жастар саясаты орталығының көркемдеушісі - Баргатин Юрий Борисович
- Жастар саясаты орталығының жастар ісі жөніндегі комитетінің төраға-маманы – Нәбиев Дидар Мұратұлы
- Жастар саясаты орталығының студенттік жастар еңбек жасақтары штабының төрағасы - Серікова Сабина Серікқызы
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional