Бас бетқе
Құрылымдық бөлімшелер
Қазақша | Русский | English
[Құрылымдық бөлімшелер] \
Логин

Пароль

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ШТАБЫ
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат), 428 кабинет
Тел.: 8 (7232) 54-04-13
E-mail: shtab_go_ot@vkgu.kz

Бөлім бастығы - Камалдинов Рафаэль Сулейменович
 
Еңбекті қорғау маманы - Садықов Архат Бахытбекұлы

 
Негізгі міндеттері:
Апта сайын:
- Университеттің АҚ және ТЖ байланысты негізгі шараларының күнтізбелік жоспар бойынша орындалуын қадағалау.
- Бейбіт және соғыс жағдайында АҚ және ТЖ жоспарын әзірлеуге басшылық жасау.
- Өрт қауіпсіздігін сақтандырудың барлық шараларын өткізуді үнемі бақылап отыру.
- АҚ және ТЖ, өрт қауіпсіздігі жағдайларын және олардың алдын алу шаралары туралы университеттің АҚ бастығын өз уақытында хабардар ету.
- АҚ бастығының бұйрықтары мен өкімдерін өз уақытында орындаушыларына жеткізу.
- Жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта басқару органдарының байланыс жүйесі мен хабарлау жүйесінің дайындығын тексеру.
Ай сайын:
- АҚ және ТЖ штабының Университет қызметкерлері мен ПОҚ-ның АҚ дайындығын жоспарлауы және ұйымдастыруы.
- Жоғарғы органдарға өз уақытында баяндаулар мен басқа да есеп құжаттарын жеткізіп тұру.
- АҚ құруға оқитын барлық категориялардың дайындығына есеп жүргізу, сабақтар, тренингтер, оқулар, дайындықтар өткізу.
- АҚ және ТЖ байланысты оқу-материалдық базаны жетілдіру, оны жаңарту мақсатында шаралар жүргізу.
 
Негізгі  қызметтері:
Бейбіт уақытта ТЖ қаупі туған жағдайда:
- Жұмыс уақытында барлық қызметкерлерге және жұмыстан тыс уақытта басшылық құрамға хабардар ету үшін бірнеше қайта дабыл жүргізу.
- ТЖ комиссиясын жинап, жұмысқа мәліметтер дайындау;
- АҚ бастығы бұйрығының жобасын дайындау;
- Басшылық құрамның ТЖ нысанында жедел кезекшілігін ұйымдастыру
- ТЖ жетекшілік ететін басшылық органдарға өткізілген шаралар туралы баяндау
- ТЖ  туғандығы туралы басшылық құрамға тез арада дабыл қағу;
- Университет  қызметкерлерін қорғау және эвакуациялау үшін шұғыл шаралар қолдану;
- АҚ жоспарының I бөлімін бейбіт уақытта іс-әрекетке енгізу:
АҚ соғыс жағдайына көшіру және эвакуация жасау кезінде:
- АҚ нысанының бастығына қауіп туралы алынған өкімді хабарлау, жоғарыдағы органды өкім алынғаны туралы нақтылау
- Басқару пунктінің жұмысын белгілеу, радио- бақылау орнын анықтау, басшылық құрамның күндізгі және түнгі кезекшілігін белгілеу, байланыс және хабарлау жүйесін орнату.
- АҚ топтары жұмысының дайын болуын қадағалау;
- Университет қызметкерлерінің АҚ топтарына жеке қорғаныс құралдарын және басқа заттарды беруді қадағалау;
- Нысан күзетін күшейту;
- АҚ жоспарында көрсетілген шаралардың орындалуын АҚ бастығына және жоғары тұрған ТЖ органдарына баяндау;
- Жалпы жетекшілік пунктін ұйымдастыра отырып, жедел топтарды өз уақытында қауіпсіз аймақтарға жеткізуді және анық байланыс орнатуды қамтамасыз ету;
- Жедел топтардың қауіпсіз аймақтардағы дайындығын тексеру, эвакуацияға шығарылғандарды орналастыру үшін бұйрық беру;
- Эвакуациялық шараларды орындаған соң ТЖ қалалық басқарма бөлімінен аудандық АҚ топтарының құрамындағы АҚ топтарының жұмысының тәртібі мен міндетін анықтау;
- Дозиметриялық және химиялық бақылау жұмысын ұйымдастыру, АҚ топтарының жеке кұрамының және қызметкерлердің жұмыс істеу қабілетін бағалау;
- АҚ басқармасын қорғау топтарының күштерімен және олардың іс-әркетке дайындығымен қамтамасыз ету;
- Іс-әрекет кезінде қол астындағылардың тәртіп сақтаулары үшін барлық шараларды қолдану;
 
Еңбекті қорғау:
Еңбекті қорғаудың негізгі міндеттері:
- Қызметкерлердің ҚР Еңбек заңнамасын, "Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы" ҚР Заңын, белгіленген еңбек қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқауларды, қолданыстағы еңбек қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік стандарттарды сақтауын және еңбекті қорғау бойынша мемлекеттік бақылау органдарының ескертулерін орындауын бақылау.
- Мекемелерде қауіпсіз және қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік-экономиялық, ұйымдастыру-техникалық және санитарлық-гигиеналық, емдеу-аурудың алдын алу шараларының кешенін дайындау және жүзеге асыру.
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional