Бас бетқе
Құрылымдық бөлімшелер
Қазақша | Русский | English
[Құрылымдық бөлімшелер] \
Логин

Пароль

БАСПА

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық Дивизия көшесі,  42
Тел.: 8 (7232) 54-04-80
E-mail: izdatelstvo@vkgu.kz
 
ДиректорыСағымбаева Назигүл Қожахметқызы
 
 
ШҚМУ баспасы 1996 жылдың 19 сәуірінен (№ 2-хаттама) бастап Бұқаралық ақпарат баспасөз ісі Ұлттық агенттігі шешімінің негізінде қызмет атқарады.
ШҚМУ баспасы университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады және ШҚМУ Жарғысының барлық ережелеріне бағынады, сондай-ақ университет аясында тиісті құжаттармен бекітілген дара басшылық және бірдей бағыну қағидаларына сәйкес жұмыс істейді. Сонымен қатар баспа университеттің өндірістік құрылымы бола отырып, баспа-полиграфиялық қызмет көрсетуге тапсырыс берушілермен өзара әрекет жасау жөнінде өз бетімен шешім қабылдауға құқылы.
Баспа өз қызметінде Қазақстан Республикасының баспа мәселелері туралы заңдарды, баспа қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды, жоғарғы ұйымдардың нұсқаулық және директивті актілерін, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.

Баспа қызметінің негізгі мақсаттары:
- ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген тематикалық басылым жоспарын уақытында орындау;
- дайын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
- университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми және басқа да полиграфиялық өнімдеріне деген мұқтаждығын толық қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыс көлемін орындау.
 
Мақсаттарға жету үшін баспаға келесі міндеттер қойылады:
- Университеттің және оның құрылымдық бөлімдеріне қажетті оқу-әдістемелік, ғылыми және басқа да өнімдерді басып шығару;
- баспаны заманауи компьютерлік және полиграфиялық техникамен, бағдарламалармен және полиграфиялық технологиялармен жабдықтау;
- материалды-техникалық базаны дамыту, технологиялық тәсілдерді дайындап жасау, баспа өнімін қазіргі заманға сай безендіре алатын, оның тауарлық түрін және жоғары мазмұндық деңгейін қамтамасыз ететін кадрлық әлеуетті қалыптастыру;
- кадрлық құрамның жүйелі түрде біліктілігін арттыру, қызметкерлердің өзара ауыстырмалылығына қол жеткізу және өндірісті ұйымдастырудың тиімдірек әдістерін енгізу;
- жалпы университеттік мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында университеттің құрылымдық бөлімдерімен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде қарым-қатынастар орнату;
- университеттің оқу үрдісін және әкімшілік-шаруашылық қызметін қажетті басылымдық сапалы өнім мөлшерімен қамтамасыз ету;
- халықаралық дәрежедегі жоғары оқу орны деңгейіне сай келетін университеттің имиджін құру және қолдау;
- университеттің оқу, әдістемелік, ғылыми еңбектерін редакциялық өңдеу және полиграфиялық жоғары деңгейде орындау;
- баспа жұмысын баспа қызметіндегі және полиграфиялық өндірістегі өндірістік үрдіске белгіленген нормативтерге сәйкес жоспарлау және ұйымдастыру;
- дайын өнімнің қажетті сапасын, тапсырыстардың баспа-полиграфиялық жұмыстарға арналған нормативтермен белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету.
 
Баспа құрылымы:
Баспа - редакциялық топ:
- Редактор - Рыспаева Аяужан Чотанқызы
- Редактор - Көкебаева Гүлжанат Қажибекқызы
Басылымдарды компьютерлік даярлау тобы:
Мамандар:
- Бейсенбаева Жанар Рахимқызы
- Қасымова Қарлығаш Қанатқызы
- Бұхынова Самал Төлегенқызы
- Тоқанова Сая Оразбекқызы
- Сугак Светлана Александровна
- Баспашы - Кочергин Олег Геннадьевич
- Термотүптеуші - Верченков Олег Вячеславович
Түптеу бөлімі:
- Маман - Вдовенко Ольга Николаевна
- Маман - Маргослепова Анна Сергеевна
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional