Бас бетқе
Құрылымдық бөлімшелер
Қазақша | Русский | English
[Құрылымдық бөлімшелер] \
Логин

Пароль

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ


Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат), 121 кабинет
Тел.: 8 (7232) 54-01-44
E-mail: marketing@vkgu.kz
 
Орталық жетекшісі - Гейцман Людмила Эвальдовна

педагогика ғылымдарының кандидаты


Бөлімшенің тарихы және құрылымы:
Университет студенттерінің профессионалдық даярлығын және бюджеттік емес қаржыландыруды арттыру міндеттерін стратегиялық шешу үшін 1998 жылы 13 мамырда «Студенттік маркетинг» тобы ұйымдастырылды, ол 1999 жылы тамыз айында «Студенттік маркетинг» орталығы болып, 2002 жылы қазан айында «Маркетинг - кеңсе», 2004 жылы «Маркетинг және келісім-шарт қатынастар орталығы», 2008 жылы тамызда «Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі даярлау ортылығы» болып өзгертілді.
Маркетинг және келісім-шарт қатынастар орталығы – университеттің дербес жұмыс атқарып отырған бөлімшесі. Мақсаты – студенттер санын қалыптастыру, университеттің жарнамалық компанияларын ұйымдастыру, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың және фирмалардың жоғары білімі бар мамандарға деген сұраныстарын зерттеу, яғни маркетингтік қатынастың дамуына, сонымен қатар жоғары оқу орынының қызметіне араласу.
Маркетинг қызметінің ұйымдастырушысы және жетекшісі Гейцман Л.Э. Ол аталған қызмет түрінің жұмыс жасау формалары мен мазмұнын, құрылымын, ережелерін құрды.
 
Бөлімше қызметінің негізгі бағыттары:
- мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың және фирмалардың жоғары білімді мамандарға деген сұраныстарына зерттеу жүргізу және түлектердің жұмыспен қамтылу мәселесіне қатысты университет саясатын жасайды;
- басқа оқу орындары, жұмыспен қамту орталықтары және кәсіпорындар, ұжымдармен байланыс орнатады;
- университеттің потенциалды клиенттерін ақпараттандыру үшін көрмелерге қатысу, сыртқы, пошталық жарнамалардың көмегімен БАҚ- да жарнамалық шараларды өткізу стратегиясын жасайды;
- талапкерлерді, шетелдегі қазақ диаспоралары өкілдері мен (оралмандарды) репатрианттарды дайындау үшін білім бағдарламаларын және курстарын ұйымдастырып, өткізеді;
- талапкерлер үшін ақпараттық-жарнамалық материалдар басылымын шығарады;
- университет студенттерінің санын қалыптастыру мәселелері бойынша білім беру мекемелері және басқармаларымен байланыс орнатады;
- университетке түсу мәселелері бойынша талапкерлерге кеңес беру және байқау сынағын өткізу арқылы қабылдау комиссиясының жұмысына белсенді түрде араласады;
- жұмыс берушілер мен байланыс жасап, жұмыс берушілер үшін түлектер түйіндемесі мен анықтамалықтар басылымын шығарып, «Мансап күнін», «Түлектер жәрмеңкесін» және т.б. бағдарламаларды ұйымдастырады;
- іскерлік қарым-қатынастардың әр түрлі тиімді тәсілдері мен мансапты дұрыс ұйымдастыру әдістерін үйретеді;
- жұмыс берушілерден түскен бос орындар мен ұсыныстар картотекасы жүргізіліп, оқу орталық базаларындағы мүмкін болатын профессионалдық дайындықтар туралы мәлімет береді;
- түлектерге берілген базаларды сақтап, олармен жұмыс жасайды және олардың дайындық сапасы туралы жұмыс берушілерден пікір алады.
 
Қызметкерлер тізімі:
- Маман - Тұрсынбаева Марина Амангелдіқызы
- Маман - Котова Марина Викторовна
- Маман - Кангалаков Мұратбек Сыздықұлы
- Әдіскер - Жазнаева Жанат Қадырбекқызы
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional