Бөлімнің құрамы мен тарихы:
Университет халықаралық байланыстардағы алғашқы қадамын 1989 жылы ШҚМУ-і ректоры, академик Е.Ә.Мамбетқазиевтің ҚХР-на алғашқы сапарынан бастады. Бұл кездесу университет және ҚХР білім мекемелерінің арасында тығыз байланыстар орнатуға қадам болды. 1991 жылы университетке оқуға бір стажер ҚХР-нан келді.
2000 жылдың қазан айында ректордың шешімімен халықаралық серіктестік бөлімі ашылды (ШҚМУ-де жеке халықаралық бөлім болмаған, халықаралық байланыстар тобы ғана жұмыс істеген).
Шетелдік әріптестермен алғашқы келісім «Аудармашылар қоғамы» (ҚХР), Измир университеті (Түркия) және Қазақ-түрік лицейімен жасалған келісімдер бойынша университетте Түркия азаматтары оқиды.
1995 жылдан С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-і университеттердің Евразиялық Қауымдастығының мүшесі, Ресей университеттерімен белсенді түрде байланысады. Аталған байланыстар университет оқытушыларының халықаралық семинарлар мен конференцияларға қатысуға, кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғауға, Ресей ғалымдарымен бірлесін ғылыми зерттеулер жүргізуге мумкіндік береді.
Қазіргі кезде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-і 3 халықаралық қауымдастықтың мүшесі:
1995 жылдан – Университеттердің Евразиялық қауымдастығының;
1998 жылдан – Жоғары мектеп халықаралық академиясының;
1999 жылдан – Батыс Сібір университеттері қауымдастығының.
Алыс және жақын шетел жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдарымен 44 келісім-шарт жұмыс істейді.
Университет серіктестері ішінде – Вроцлав университеті (Польша), АҚШ, Германия, Чехия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Украина жоғары оқу орындары, Новосібір мемлекеттік университеті, ХДРУ және Ресейдің басқада жоғары оқу орындары.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-і IREX, DAAD, Бейбітшілік корпусы, Конрад Аденауэр Қоры, Fulbright, халықаралық білім жөніндегі Британ Кеңесі, «Интерварсити» қоғамдық қор, халықаралық серіктестік жөніндегі Корей агенттігі т.б. қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста.
Халықаралық бөлімінің жұмысындағы негізгі бағыттар:
Халықаралық бөлімінің жұмысында бірнеше бағыттар бар, олар:
- Білім саласында халықаралық байланыстарды дамытуда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- Халықаралық байланыстарды жетілдеруде арнайы кешенді жоспарларды жасау және орындау;
- Білімнің дамуындағы негізгі әлемдік үрдістер туралы ақпаратты жинақтау, талдаулық құжаттар әзірлеу;
- С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-і серіктестерінің ерекшеліктерін ескере отырып білімнің халықаралық әмбебап жүйесің еңгізу саласында жұмыс ұйымдастыру;
- Студенттер, магистранттар, докторанттар, ғалымдар және оқытушылармен алмасуға қолдау жасау;
- Шетелдік оқу орындарында дарынды жастар есебінен жоғары білікті мамандарды даярлау ісіне қолдау жасау;
- Университетке халықаралық ұйымдардың ғылыми және білімдік гранттарын тарту жұмыстарын ұйымдастыру;
- Шетел азаматтарынан шет мемлекеттерге мамандарды даярлау, оқыту;
- Университетте шетел делегацияларын қабылдауды ұйымдастыру.
Қызметкерлердің тізімі:
Маман - Ботабаева Айнура Мауленқызы
Шетел студенттерімен жұмыс істейтін инспектор - Раимханова Гүлмира Қабдолқызы