Бас бетқе
Құрылымдық бөлімшелер
Қазақша | Русский | English
[Құрылымдық бөлімшелер] \
Логин

Пароль

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БАСҚАРМАСЫ


Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат), 243 кабинет
Тел./факс: 8 (7232) 54-04-37
E-mail: nauch_upravlenie@vkgu.kz
 
Басқарма бастығы - Ерболатұлы Досым

физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика кафедрасының доценті




Д. Ерболатұлы 2000 ж. ШҚМУ-нің түлегі, 2002 ж. ШҚМУ магистратурасының, 2005 ж. С.Аманжолова атындағы ШҚМУ аспирантурасының түлегі. Физика кафедрасында инженер, зерттеуші-тағылым алушы, оқытушы, математика, физика және технология факультеті деканының ғылыми жұмысы бойынша орынбасары болып жұмыс істеген. 50-ден астам ғылыми басылымдары, 2 өнертабысқа авторлық куәлігі бар.
 
Бөлімшенің тарихы және құрылымы:
Ғылыми-зерттеу басқармасы (ҒЗБ) университет Жарғысымен жұмыс атқаратын, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің бұйрықтары мен нұсқаушы іс қағаздарына сай жұмыс істейтін университеттің құрылымдық бөлімі.
Педагогикалық институттың алғаш құрылған кезінен бастап ғылымға және студенттерді ғылыми зерттеулерге қатыстыруға ерекше мән беріліп келе жатыр. 1955 жылы алғаш рет Министрлікпен бекітілген ҒЗБ-ң жалпы жоспары құрастырылды. Жоғарғы оқу орнындағы ғылыми жұмыстармен С.Е. Дейнекин, Р.М. Коростышевская, А.Д. Пашилов, И.Ф. Самусев, Э.З. Юфа айналысты. 1952-1962 жж. институттың ғылыми мүмкіншіліктері елеулі дәрежеде өсті. Жоғарғы оқу орнында кандидаттық диссертацияларды жақсы қорғаған өз аспиранттары мен жас мамандары шықты, ғылыми үйірмелер жұмыс істеді, ғылыми конференциялар өткізілді, ғылыми сұрақтар институт Кеңесінің отырыстарында талқыланды. Ғылыми-зерттеу жұмысының проректоры мамандығы енгізіліп, оған Д.И. Балк тағайындалды. 1967ж. алғаш рет аймақтық проблемаларды шешуде маңызы бар 4 шаруашылық келісімшарттар жасалды. Сектор (қазір-басқарма) бірнеше рет аты өзгертілді, бірақ бөлімше ұжымының жұмыс мақсаты мен міндеттері, ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ) және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының (СҒЗЖ) бағыты сақталды. Жұмыс қызметінің дамуы үшін патенттану, нормабақылау, инновациялық қызмет және СҒЗЖ ұйымдастыру маманы енгізілді. Ғылыми басқарманың қалыптасуына 1978 жылдан 2007 жылға дейін қызмет еткен ШҚМУ-нің доценті А.Ф. Сурнина елеулі үлес қосты.
Қазір ҒЗБ-ның құрамына келесі құрамды бөлімшелер мен қызмет иелері кіреді: 2 ғылыми-зерттеу институты (экология ҒЗИ және гуманитарлық зерттеулер ҒЗЗ), қолданбалы физиканың ғылыми-зерттеу зертханасы (ҒЗЛ), инновациялық технология маманы, инженер метролог, стандартолог және патентолог, СҒЗЖ-н ұйымдастыру маманы.
 
Бөлімше қызметінің негізгі бағыттары:
ҒЗБ-ның құрылу мақсаты:
1. кафедраның, өнерлі ұжымның, жеке оқытушылардың ҒЗЖ-н ұйымдастыру, қала, облыс, республиканың ғылыми-өнеркәсіптік ұйымдарының жұмыстарымен бірлестіру;
2. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары бойынша фундаментальді және қолданбалы зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
3. университет тапсырмаларын орындау үшін ғылыми қызметкерлерді, оқытушылық-профессорлық құрам (ОПҚ) мен студенттерді ғылыми-консультациялық және отандық, шетелдік ғылым жетістіктерімен, тәжірибелерімен қамтамасыз ету;
4. ҒЗЖ-ды бақылау және ұйымдастыру, ҒЗЖ-дың дамуына қажетті жұмыстарды өткізу;
5. инновациялық бизнесті, ғылыми сипатты әртүрлі формадағы қызметті дамыту жұмысына қатысу;
6. университеттегі ҒЗЖ пайдалылығын арттыру, ҒЗЖ бойынша дамушы жоспарларының орындалуына әсер ету, ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау кезінде көмек көрсету және тексеру;
7. мамандарды дайындауға байланысты халықаралық бірлестіктермен қарым-қатынасты дамыту, ғылыми-техникалық мамандардың біліктілігін арттыру, бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын, басылымдық қызмет және т.б. қызметтерді жүзеге асыру үшін шетелдік әріптестермен жұмыс жасау;
8. халықаралық ғылыми және білім беру қорларынан, бағдарламаларынан, ұйымдарынан инвестиция тарту;
9. университеттің ОПҚ, қызметкерлердің және студенттердің патентті-лицензиялық жұмыстарын ұйымдастыру және ынталандыру.
 
Қызметкерлер тізімі:
Инженер метролог, стандартолог және патентолог - Садықова Гаухар Қаныбекқызы
СҒЗЖ ұйымдастыру мамамны - Шағалақова Сауле Зейнелғабиқызы
Инновациялық технологиялар маманы - Иманбаев Жандос Жанатович
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional