Бас бетқе
Құрылымдық бөлімшелер
Қазақша | Русский | English
[Құрылымдық бөлімшелер] \ [Ғылыми-зерттеу басқармасы] \
Логин

Пароль

ЭКОЛОГИЯ ОҚУ - ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

 
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Амур көшесі, 18/1 (№8 ғимарат)
Тел.: 8 (7232) 52-60-81
E-mail: nauch_upravlenie@vkgu.kz
 
Орталық директоры - Чурсин Анатолий Сергеевич

география ғылымдарының кандидаты




Экология ОҒЗО құрылымы:
Экология оқу-ғылыми-зерттеу орталығы 2008 жылы желтоқсан айында С. Аманжолов атындығы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университет Ректорының бұйрығымен құрылған. Орталық С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің құрылымдық бөлімшесі және ғылыми-өндірістік, білім алатын  және зерттеу бірлестігі болып табылады. Орталық экология саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін, ғылыми зерттеу қызметін жүзеге асырады.
Химиялық-аналитикалық зертхана, спектрлі анализ зертханасы, жаңа технологиялар мен материалдар зертханасы, биотехнология зертханасы орталықтың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
 
Экология ОҒЗО қызметінің мәні:
1. магистранттардың өндірістік іс-тәжірибесін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
2. жоғары білікті докторант, аспирант кадрларын дайындау;
3. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру;
4. әлемдік ғылымның даму тенденциялары мен жетістіктеріне сәйкес экология мен санитария  саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізу;
5. өнеркәсіптік өнімдер мен жоғарғы уытты қалдықтарды аз уытты қосылдыстарға ауыстыру әдістері мен зиянсыздандыру әдістерін және жаңа технологияларын әзірлеу және жүзеге асыру;
6. шикізат ресурстарын қайта өңдеу өндірісінің тиімді экологиялық ғылыми  негіздерін құру;
7. ұйымдар мен халыққа келісім-шарт негізінде санитария және экология саласында ақылы қызметтер көрсету;
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық ғылыми ынтымақтастық, сыртқы экономикалық және инновациялық қызмет;
9. баспа қызметі, соның ішінде оқу, әдістемелік және ғылыми-практикалық басылымдарды және ақпараттық, жарнамалық-коммерциялық әдебиеттерді шығару және жүзеге асыру;
10. кәсіпорындарға, ұйымдар мен азаматтарға қызмет көрсетіп, жұмыстарды орындау.
 
Экология ОҒЗО қызметінің негізгі бағыттары:
1. Жаңа әлемдік жетістіктерге республика мен аймақтың қажеттіліктерін зерттеу негізінде ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын анықтау;
2. Ғылым мен техниканың жаңа келешегі бар бағыттары бойынша ғылыми-зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық және енгізілетін жұмыстар өткізу; Қазақстан Республикасындағы және оның шекарасынан тыс жерлердегі заңды және жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға ақпараттық және кеңес беру қызметтерін көрсету;
3. Халықаралық, мемлекеттік, салалық және аймақтық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды орындауға қатысу;
4. Кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі бойынша шетелдік және отандық серіктестермен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жетілдіру.
 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің  Экология оқу-ғылыми-зерттеу орталығы барлық мүдделі ұйымдар мен жеке тұлғаларға оның құрамындағы атестатталған химиялық-аналитикалық  және спектрлі анализ зертханасы жұмыс жасайтынын хабарлайды. Ол келесі құрылғылар, қондырғылармен жабдықталған: электротермиялық атомизациясымен атомды-абсорбционды спектрометр «МГА-915» (2 дана), cұйықтық анализаторы (флуориметр) Флюорат-02-2М мен «Крио-2» криоприставкасы,  электрлі фотоколориметр «КФК-3». Сонымен қатар қосалқы жабдықтар: муфель пеші, аналитикалық таразылар (2-ші және 1-ші дәлдік деңгейлермен), техникалық таразылар, кептіргіш шкафтар, дистиляторлар, өлшенді шыны ыдыстар мен т.б. Зертхана құрамында 5 квалификациялы мамандар жұмыс істейді.
Зертхананың аттестациялы аумағына ауыз су, ағынды және жер бетіндегі судың, топырақтың, атмосфералық ауа сынақтарындағы элементтер мен қосылыстар қатарын анықтау әдістері жатады. Зертхана ерітінділер мен қатты үлгілердегі (фенолдар, формальдегид, БАЗ және т.б.) органикалық қосылыстарды,  (сульфаттардың, нитраттардың, цианидтердің) аниондарын, (As, Be, Cd, Co, Fe, Mn, Ni, Pb, Sr, Zn, U және т.б.) элементтердің құрамын, сонымен қатар қосымша (рН, ылғал, минералдануы, кермектілік және т.б.) ортақ көрсеткіштерін  анықтау бойынша шаруашылық  есеп жұмыстарын жүзеге асырады. Өсімдік тектес үлгілердегі табиғи қосылыстарды (дәрумендер, амин қышқылдары, қанттар) анықтауға мүмкіндік бар. (нәтижелі тәжірибелер бар).
Жұмыстың өту мерзімі, құны және дәлдігі анықталатын элементтің (қосылыстың) шамалаған концентрациясына, матрицалық элементтердің (қосылыстың) концентрациясы мен сипаттмасына, мөлшеріне, сонымен қатар біртүрлі өлшеулердің көлемін және тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын өлшеу әдістерінің таңдауына байланысты дара анықталады.
 
Қызметкерлер тізімі:
- Жаңа технологиялар мен материалдар зертханасының меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, т.ғ.к.,     С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры - Серба Николай Герасимович
- Аға ғылыми қызметкер, х.ғ.д. - Әкімбаева Айымгүл Мұхтарғалиқызы
- Биотехнология зертханасының меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, б.ғ.к. - Құрманғалиева Динара Сәлімқызы
- Ғылыми қызметкер, химия мамандығының магистрі - Юлтыев Сергей Юрьевич
- Химик-инженер - Казначеев Станислав Михайлович
- Химик-зертханашы - Короткова Людмила Ивановна
- Химик-зертханашы - Тусупова Майгуль Еркинбековна
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional