БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат), 220 кабинет
Тел./факс: 8 (7232) 54-09-32
E-mail: image@vkgu.kz
Бөлімшенің тарихы мен құрылымы:
ШҚМУ-дың баспасөз орталығы құрылымдық бөлімше ретінде 2006 жылы көптираждық «Имидж ВКГУ» газетінің базасында құрылды. Газеттің негізі 1990 жылы «Университет хабаршысы» деген атпен қаланды, ал 1998 жылы «Имидж ВКГУ» газетінің бірінші нөмірі шығарылды.
Бөлімше қызметінің негізгі бағыттары:
- «Имидж ВКГУ» университет газетін шығару;
- С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қызметін қалалық, облыстық, республикалық, салалық БАҚ-да жариялау;
- баспасөз конференцияларын ұйымдастыру;
- ақпараттық агенттіктер үшін мәліметтер беру;
- ШҚМУ туралы жарияланымдарға мониторинг жүргізу;
- Басты университетішілік оқиғаларды фотосуретке және видеоға түсіру;
- фото және бейнематериалдар үшін мұрағат құру;
- университет сайтындағы жаңалықтар бағанасын жаңартып отыру;
- студент-журналистер үшін тәжірибе ұйымдастыру.
«Имидж ВКГУ» газеті жоғары оқу орнында бірыңғай ақпараттық кеңістікті құрудағы бірегей құрал болып табылады. Журналистер буыны осы студенттік газеттің құрылуымен байланысты.
Оқытушылар мен студенттер «Имидж ВКГУ» мағынасы жағынан алғанда газеттегі газет болғандықтан бір-бірі жайлы ақпарат ала алады. Оқу орнының ресми өміріндегі материалдармен қатар, жастар тақырыбындағы материалдар да жарияланады. Осындай жолмен бірлескен зерттеу жұмыстарының, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның университеттік дәстүріне қолдау көрсетіледі. «ИМИДЖ ВКГУ» А-4 форматтағы 16 бетті қамтиды. Басылым қазақ және орыс тілдерінде 1000 дана тиражбен айына бір рет шығарылады. Тегін таратылады.
Көптираждық газеттің беттерінде салауатты өмір салты белсенді насихатталады, жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері жарияланады, студенттер шығармашылықтарын өздері дамыту үшін мүмкіндіктер беріледі. Жариялау үшін міндетті тақырыптар – білім беру саласындағы инновациялық саясат, университеттің студенттік өмірі, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың халықаралық байланыстары, студенттердің, магистранттардың, аспиранттар мен оқытушылардың ғылыми іс-әрекеттері.
Жариялау, талқылау немесе түсіндіру үшін газет оқырмандарын толғандырып жүрген кез келген тақырып, кез келген мәселе негіз бола алады. «ИМИДЖГЕ» түскен бірде-бір жүгінім назарсыз қалмайды. Сіз факультетіңіздің аясындағы қызықты оқиға туралы хабарласаңыз болғаны – біздің тілшілеріміз ол туралы газет беттерінде баяндайды.
Газеттің құрылуына тілшілер, дизайнер, фотосуретке түсіруші, филологиялық және басқа факультеттердің студенттері, сондай-ақ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқытушылары қатарынан жұмылдырылған авторлық актив атсалысады. Дегенмен, жоғары оқу орнының БАҚ беттерінде өз пікірін білдіргісі келген, журналистикалық шеберлікке тәжірибе жинап жүрген немесе негізгі кәсібінен тәуелсіз журналистиканың қыр-сырын үйренгісі келетін, сондай-ақ, шығармашылықта өзін танытқысы келетін немесе қызықты оқиға туралы баяндағысы келетін кез келген адам осы газеттің авторы бола алады. Қоғамды толғандыратын тақырыптарға өз материалдарыңызды әкелсеңіздер, біз оны жариялаймыз. |