Бас бетқе
Құрылымдық бөлімшелер
Қазақша | Русский | English
[Құрылымдық бөлімшелер] \
Логин

Пароль

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАСҚАРМА

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 Гвардияшылар дивизиясы, 34 (№1 ғимарат), 133 а кабинет
Тел.: 8 (7232) 54-01-49 (ішкі 162)
E-mail: umu@vkgu.kz

Басқарма бастығы – Перминов Андрей Васильевич


педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Оқу-әдістемелік басқарма – кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін білім алушыларға қажетті жағдайлар жасауды және оқу үрдісін ұйымдастыруды, сонымен қатар, ҚР «Білім туралы» Заңына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен нормативті актілерге сәйкес оқу үрдісі үшін нормативті құжаттарды әзірлеуді және әдістемелік қамсыздандыруды қамтамасыз ететін университеттің негізгі құрылымдық бөлімі.
Оқу-әдістемелік басқарма университеттің оқу үрдісінің нормативтік және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуін үйлестіреді; мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жоғары оқу мамандықтары бойынша (бакалавриат) жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу бағытындағы кафедралар қызметінің жұзеге асуын; сонымен қатар, білім алушылардың кәсіптік және оқу іс-тәжірибелерінің ұйымдастырылуын; студенттердің ауысуын, оқуға қабылдануы мен оқудан шығарылуын, ПОҚ штаттық санының құрастырылуын, кафедралардың профессорлық-педагогикалық құрамының оқу жүктемесін орындауын; университет шәкіртақылық қорының пайдаланылуын бақылайды және үйлестіреді; ПОҚ жүктемесі есебін жүргізеді.
Басқарманың нәтижелі жұмысына әр жылдары ерекше үлес қосқандар С.В. Афонина,   Н.Х. Булжанова,    А.А. Кирдасинова,   Г.Қ. Қойшинова, М.М.   Мазиева,  А.А.  Мүшекбаева,   Б.К. Нұртазина,   А.В. Перминов,     Г.Т. Төлегенова, М.В. Шарапова.
Оқу-әдістемелік  басқарманы  әр  жылдары басқарғандар: Г.З. Әділғазинов – п.ғ.к., доцент (1997 - 2000 жж.), О.Д. Апышев – ф-м.ғ.к., профессор (2001 – 2004 жж.). 2005 жылдан бастап оқу-әдістемелік басқарманы А.В. Перминов – п.ғ.к., доцент басқарады.
Оқу-әдістемелік басқармаға оқу бөлімі; әдістемелік бөлім; студенттер ісін жүргізу бөлімі кіреді.

Оқу-әдістемелік басқарманың негізгі функциялары:
-
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мазмұны мен құрылымына талдау жасау және жоғары білім беру мамандықтары бойынша жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу бағытындағы кафедралардың жұмысын үйлестіру;
- қосымша білім беру және университетте әр-түрлі оқыту түрлері үшін кәсіптік білім беру мамандарын даярлау сапасын басқару;
- студенттердің оқу және кәсіптік іс-тәжірибелерін өткізу және ұйымдастыру;
- студенттердің ауысуын, қайта қабылдануын және оқудан шығуын, университеттегі оқу үрдісін нормативтік жағынан қамтамасыз етуді әзірлеу және жетілдіру;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының жоғары оқу орнының компонентін әзірлеуді ұйымдастыру;
- жоғары кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша жұмыс оқу жоспарларының сапасына талдау жасау;
- ПОҚ штаттық санын құрастыру, кафедралардың профессорлық-педагогикалық құрамының оқу жүктемесін орындауын бақылау және оқу жүктемесі есебін жүргізу;
- университет шакіртақылық қорының пайдалануын ұйымдастыру;
- оқу үрдісін ұйымдастыру құжаттарын рәсімдеу бойынша әдістемелік-ұйымдастыру жұмысы;
- университет студенттерінің мәліметтер қоры, студенттер құрамының қозғалысы (ауысу, қайта қабылдану және оқудан шығу) есебін жүргізуді ұйымдастыру;
- жоғары тұрған басқару ұйымдарына университеттегі оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша статистикалық есеп беру.
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional