Бас бетқе
Құрылымдық бөлімшелер
Қазақша | Русский | English
[Құрылымдық бөлімшелер] \ [Оқу-әдістемелік басқармасы] \
Логин

Пароль

ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ


Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат), 238 кабинет
Тел.: 8(7232) 54-01-49 (ішкі 154)
E-mail: metod_otdel@vkgu.kz
 
Бөлім бастығы - Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы
 

 

 

2002 жылдан бастап С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, ал 2006 жылдан бастап әдістемелік бөлімнің бастығы ретінде қызмет етеді. Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі-23 жыл.
Оның 32-ден астам ғылыми-әдістемелік жұмыстары жарияланды. Зерттеу жұмысының негізгі жетістіктері: болашақ мұғалімдердің бүгінгі күнгі педагогикалық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың танымдық әрекетін белсендендіруге дайындығын қалыптастыру әдістемесі.
 
Бөлімшенің тарихы мен құрылымы:
Г.Н. Губайдуллина- п.ғ.к., Н.А. Дюсембаева әдістемелік бөлім жұмысына қомақты үлес қосты.
Әр - түрлі кезеңде бөлімді Г.Н. Губайдуллина –п.ғ.к. (2004-2005 жж.), Г.М. Ахметова (2006 ж.) басқарды.
2006 жылдан бастап әдістемелік бөлімді Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы басқарады.      
Бөлім қызметінің мақсаты:  білім беру үрдісін жетілдіру үшін университетте, факультеттерде, кафедраларда оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оқу әдістері мен оның белсенді үлгілерін, бүгінгі күнгі білім беру және ақпараттық-байланыс технологияларын меңгеру, жинақтау және тәжірибеге енгізу.
Оқу - әдістемелік жұмыстың міндеттері:
- білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
- білім беру үрдісінің жаңа және қоданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен үлгілерін әзірлеу, енгізу;
- педагог қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогтық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру.

Бөлімше қызметінің негізгі бағыттары:
- факультет, кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысына басшылық ету;
- оқу-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік құқықтық құжаттарға сараптама жасау және оларды әдістемелік кеңесте қарастыруға ұсыну;
- оқу-тәрбие үрдісі мен әдістемелік жұмыстың жағдайына талдау жасау және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау;
- оқу-әдістемелік өнімдерді талдау, оларды басылымға ұсыну және тарату;
- оқу үрдісіне жаңа оқу бағдарламаларды және ұсыныстарды енгізу бойынша ұсыныстар дайындау, оларды меңгеруді ұйымдастыру;
- педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыруға, жаңа жұмыс бастаған педагогикалық қызметкерлерге оқу сабақтарын өткізуге және оқу-әдістемелік материалдарды жасауға көмек көрсету;
- өзара сабақтарға қатысуды, ашық сабақтарды өткізу және оны талдауды ұйымдастыру; ғылым мен техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және жұмыс тәжірибесіне енгізу;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жинақтау мен тарату және білім беруді ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;
- оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша отырыстар, конференция, семинарлар өткізу және ұйымдастыру.
 
Бөлімше қызметкерлерінің тізімі:
ТАӘ толығымен Қызметі
1 Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы Әдістемелік бөлімнің бастығы
2 Рахымжанова Зәуреш Мәсәлімқызы Әдістемелік бөлімнің әдіскері
3 Әлімбекова Нурлана Бауржанқызы Әдістемелік бөлімнің әдіскері
4 Қазимова Айгүл Алтынбекқызы Әдістемелік бөлімнің әдіскері
5 Қозыбаева Айнұр Қуатпекқызы Әдістемелік бөлімнің маманы
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional