2010 ЖЫЛҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ
ҰБТ-ға қатысуға өтінішті мектеп бітіруші 2010 жылдың 1 наурызынан 25 сәуіріне дейін өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде бере алады.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат.
Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:
- мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
- тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.
ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.
ҰБТ бойынша мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.
Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.
ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.
ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.
Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 10 маусымға дейін жүргізіледі.
ҰБТ-ның басталу уақыты – сағат 09.00.
ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат. Алғашқы және соңғы сағаттарда аудиториядан шығуға тыйым салынады
Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір тәулік мерзімінде қарайды.
Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын әкелуі керек.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.
Конкурсқа қатысу үшін 50 балдан төмен жинамау керек, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған пәндерден 4 балдан төмен болмауы керек.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.
Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссияларында тапсырады.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.
Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.
2010 жылғы 10.06.2010 күнінің Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша облыстардың орташа балы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне рұқсаттамада көрсетілген күні дәл уақытында өзімен бірге келесі құжаттарды алып келу керек:
- ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- қара сиялы қалам.
ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:
- сөйлесуге;
- орнынан тұруға;
- орын ауыстыруға;
- кез-келген материалдар және заттармен алмасуға;
- ұялы байланыс телефондарын немесе басқа да ұтқыр байланыс құралдарын, фото және видеоаппараттарын, портативті жеке компьютерлерін (ноутбуктар және жеке қалта компьютерлерін, т.б.) қолдануға.
- анықтамалық материалдарды қолдануға;
- ҰБТӨП-те жүруге.
Тестілеу кезінде жол бұзушылықтардың алдын алу үшін және тестіленушілерді қорғау мақсатында, тестілеуге кіргізу кезінде барлығы металіздегіштердің көмегімен тексеруден өтеді.
Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда мемлекеттік комиссия шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.
ҰБТ кезінде мектеп бітіруші:
- Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеу керек;
- Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды;
- Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз (орныңыздан айқайлап сұрамаңыз). Сұрақтарыңыз тапсырма мазмұнына байланысты болмауы керек, сіздің емтихан материалдарымен жұмысқа байланысты сұрақтарыңызға ғана жауап беріледі;
- Ойын жинақтауы тиіс! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;
- Қорықпау керек! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;
- Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;
- Тексеруі тиіс! Өз жұмысыңызды тексеріп шығу үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.
СІЗГЕ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ! |