5В010400 Бастапқы әскери дайындық (БӘД)
ЖҰМЫС: жалпы орта білім беретін мектептер мен орта арнаулы білім беретін мекемелерде оқытушы, өмір қауіпсіздігін ұйымдастыру оқытушысы, білім беру мекемелерінде әскери-патриоттық клубтардың жетекшісі. Жедел әскери қызметін атқарғаннан кейін және әскери бөліммен келісім жасасқаннан кейін түлек «Лейтенант» алғашқы офицерлік атағына ие бола алады.
ДИПЛОМДА: Бастапқы әскери дайындық бакалавры.
5В010800 Дене шынықтыру мәдениеті және спорт
ЖҰМЫС: мектеп, мектепке дейінгі оқу мекемелерінде, колледждерде, орта, кәсіптік білім беру мекемелерінде, дене шынықтыру мәдениеті ұжымдарында, балалар-жасөспірім спорт мектептері мен спорт клубтарында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыра алады; дене шынықтыру мәдениеті бойынша мемлекеттік-басқарушылық құрылымдарда әдіскер, маман, администратор, дене шынықтыру мәдениетінің ісі бойынша кабинет меңгерушісі және көмекшісі ретінде осы сияқты әкімшілік жұмыстарды орындай алады. Іргелі дайындығының жоғары деңгейін көрсеткен түлектер оқуларын магистратурада жалғастыра алады.
ДИПЛОМДА: Дене шынықтыру мәдениеті және спорт бакалавры.
5В010600 Музыкалық білім
ЖҰМЫС: әр түрлі типтегі жалпы білім беру мекемелерінде балаларға және жастарға мәдени-ағартушылық қызметті ұйымдастыру, музыкалық білім беру жұмыстарын атқара алады; ұйымдастырушы, сынып жетекшісі, ағартушы, оқушылармен музыкалық жұмыстарды жүргізгенде насихаттаушы қызметтерін орындай алады, ән-күй сабақтары мен сыныптан тыс музыкалық сабақтарды жүргізе алады, оқушылардың музыкалық дамуына педагогикалық бақылау жасай алады.
ДИПЛОМДА: Музыкалық білім бакалавры. |