Сұрақ-жауап
2009 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРЫ.
ОҚЫҢЫЗДАР ЖӘНЕ ӨЗДЕРІҢІЗДІҢ СҰРАҚТАРЫҢЫЗДЫ ҚОЙЫҢЫЗДАР!
Университеттің ең көрнекі тарихи кезеңі қандай?
Біздің көзқарасымыз бойынша, Өскемен қаласының педагогикалық институтын Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне өтуі еді. ССРО аумағындағы 280 педагогикалық жоғары оқу орындарының ішіндегі ең үздік 10-дықтардың қатарына енген Өскемен педагогикалық институты базасында ҚазССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылдың 31 қаңтарындағы № 75 Қаулысымен және ҚазССР Халыққа білім беру министрлігінің 1991 жылдың 12 ақпанындағы № 65 бұйрығымен бекітілген.
Университетте алынған білім сапасы немен кепілденеді?
Алынған білім сапасы мемлекеттік үлгідегі дипломмен кепілденеді.
Іс-тәжірибелік дайындық жүргізу үшін жоғары оқу орындарыңызда сапалы және қазіргі заманның талабына сай зертханалар, құрал-жабдықтар бар ма?
Барлық дәрісханалар қорына: 113 оқу дәрісханалары, 31 жалпы университет зертханалары, 24 бөлме (лингафонды, салалы) және музыкалық білім мамандықтары бойынша жеке сабақтар ұйымдастыруға арналған арнайы 9 бөлме бар.
Оның ішінде: Демонстрациялық сыныптар, Криминалистика орталығы, Экологиялық мониторгтің оқу-аналитикалық зертханасы, Электротехника зертханасы, Радио-теле журналистика зертханасы, Химиялық зертханалар, Жарық өткізгіш электронды микроскопия, оптикалық микроскопия және металлографиялық зерттеулердің оқу-ғылыми зертханасы, , мультимедиялық сыныптар.
Оқу үрдісінде 1144 компьютер қамтылған.
Университетке қанша грант бөлінеді?
Қазіргі таңда мемлекеттік грант әрбір түлекке мамандық таңдауда ғана емес (4-ке дейін), сонымен қатар жоғары оқу орнын таңдауда да түсінікті. Сіз 4 мамандық үшін бір жоғары оқу орнын, сол сияқты әр нақты мамандыққа әр түрлі жоғары оқу орындарын таңдай аласыз.
Қазіргі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа неге жол беріледі? Оны болдырмау үшін қандай шаралар қолданасыздар?
Білім секторындағы жемқорлықтың механизмдері мен себептері әр түрлі. Келешектегі әлеуметтік даму тарапынан алғанда, білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың нәтижесі құрдымға әкеліп соғуы мүмкін.
Жемқорлықты азайту үшін университетте қандай механизмдер қолданасыздар:
1. ППҚ, студенттердің тәртіп ережесі;
2. Студенттердің сапалы білім алуға ұмтылысы - «Сапалы сессия»;
3. «Сенім телефоны» қызметі;
4. Білім берудің кредиттік технологиясына сәйкес, студенттердің барлық жетістіктері айқын сипатты және білім порталында орналастырылған.
Жыл сайын университетке қанша «Алтын белгі» иегерлері түседі? Олардың келешекте қандай басымдықтары бар?
Жыл сайын 10-12 «Алтын белгіге» бітірген түлек оқуға түседі. Ерекшеленетіні туралы қандай да бір ережелер мен құжаттарда жазылмаған. Бірақ жыл сайын нақ осы студенттер атаулы стипендия иегерлері, «Болашақ» стипендиясына үміткерлер, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысушылар болып табылады.
ШҚМУ «Алтын белгі» белгісінің және ерекше үлгідегі аттестаттың иегері болған қанша студент – келешекте «Болашақ» стипендиясын ұтып алды?
Мұндай арнайы статистика жүргізбейміз. Стипендиядан кілең «үздікке» оқитындардан басқалар да үміткер бола алады. Бірақ сіздің сұрағыңыз бізді қызықтырды. Қазіргі таңда «Болашақ» Халықаралық Президент стипендиясының иегерлері болып табылатын С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттер саны 31 адамды құрайды.
2007-2008 оқу жылында 12 студент (Мамырбеков Арман, Тағаев Данияр, Қондыбаев Асқар, Қалиев Ерхат, Малғажинова Айнұр, Синельникова Екатерина, Мусина Маржан, Нұрасыл Ғафур, Сакенова Зухра, Саткенова Айжан, Серікбекова Әсел, Каримов Сабыржан) «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты болды. Олар АҚШ, Германия, Россия, Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында оқып жүр.
2008 жылы 14 адам (05.07.2008ж. мәліметтер бойынша) сайысқа қатысу үшін құжаттарын өткізді, олардың ішінде ШҚМУ түлектерімен қатар жас оқытушылар да бар.
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша әрбір студент басқа жоғары оқу орындарында да бірқатар пәндерді оқи алады. Егер мен сіздердің жоғары оқу орындарыңыздың студенті болсам, қай жоғары оқу орындарында белгілі бір курстарды оқи аламын?
Қазіргі кезде университет Россия, Польша, Германия жоғары оқу орындарымен Меморандумға қол қойды.
Екі диплом алу туралы мәселелер (Вроцлав, РУДН университеті, (Мәскеу), Сегетск университеті (Венгрия), Ұлан - Батыр Мемлекеттік университеті (Монғолия), Томск мемлекеттік университеті (Ресей) қарастырылып жатыр.
Құрметті ректор, егер Сіз университетке осы жылы түскен болсаңыз, Республиканың қайсы жоғары оқу орнын таңдаған болар едіңіз?
Тек қазіргі заманғы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін, өз студенттеріне еркін құзыретті негізді білімге кепілдік бере алатын жоғары оқу орындарын таңдар едім. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сондай жоғары оқу орындарының бірі деп толық сеніммен айта аламын.
ШҚМУ неден басталды?
Жоғары оқу орнының тарихы 1952 жылдың 5 шілдесінде ССРО Министрлер Кеңесінің өкіміне сәйкес Семей мұғалімдер институты Өскеменге ауыстырылды және педагогикалық институт болып қайта құрылды.
Институт төрт онжылдықта тек республикадағы ғана емес, сонымен қатар ССРО-дағы жетекші жоғары оқу орнындарының бірі болып саналды. 1991 жылы Өскемен педагогикалық институт Шығыс Қазақстан мемлекеттік университет болып өзгертілді, ол Қазақстан бойынша үшінші университет болып саналады, егеменді мемлекетімізбен жасты.
Университет С.Аманжолов атында, ол адам несімен танымал?
Сарсен Аманжолов – тіл маманы-түркітанушы, қазақ тілінің негізін салушылардың бірі , Қаз ССР ғылым Академиясының мүше корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс Қазақстан облысының төл тумасы. Қазіргі таңда қолданып жүрген әліпбидің негізін қалады, ол әліпби қазірге дейін қолданыс тауып келеді. Қазақ терминологиясының негізін салушы, өмірінің 20 жылдан астам уақытын Абай атындағы пединститутта өткізді, көптеген орысша-қазақша сөздіктердің авторы.
Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарынан ШҚМУ немен ерекшеленеді?
Сөзсіз, адамдар секілді, екі бірдей жоғары оқу орны жоқ. ШҚМУ классикалық жоғары білімнің құнды тәжірибелері мен қазіргі заманғы технологиялардың бірегей сәйкестігімен ерекшеленеді. Біз 57 жылғы тарихи жетісітіктерді жоғалтпай, оны заман талабы- кредиттік технологиямен ғана байытып қоймай, сонымен бірге қашықтан оқыту элементтерін қалыптастырып үлгердік. Бұл студенттерге өз оқу траекторияларын анағұрлым еркін құруға мүмкіндік береді.
ШҚМУ білім бағдарламаларының лицензиясы бар ма?
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің шексіз мерзімге орта кәсіптік, жоғары және жоғары оқудан кейінгі кәсіптік білім беруге құқығы бар, 05.06.2004 жылы берілген АА № 0000213 мемлекеттік лицензиясы бар.
Сонымен қатар, 2005 жылы 29 қазанда Республиканың Шығыс аймағындағы жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып Мюнхен сертификаттау орталығынан (Германия) сериясы ISO 9001:2000 университеттің сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарт талабына сәйкестікке сертификатын алды.
Университетте бір уақытта 2 мамандықта оқуға бола ма, мысалы, «Журналистика» мен «Экономикада»?
Өкінішке орай, бір уақытта екі мамандықты оқуға болмайды. Бірақ сіз бірінші мамандықты аяқтаған соң, екі- ақ жылдың ішінде екінші жоғары білім алуға болады. Ал екіншіден, босқа уақытты өткізіп алмай, «Имидж ВКГУ» атты университет газетіне жұмысыңызды өткізуге болады. Онда сізді журналистикамен таныстырып, қажетті материалды табуға, жазуға, өзіңіз жазған материалдарды баспаға ұсынуға көмек береді. Штаттан тыс қызметкерлерге біздің газеттің есігі үнемі ашық.
Университет қандай шет елдік серіктестермен қызмет жасасуда?
ШҚМУ Германияның, Ресей Федерациясының, Қытайдың, Польшаның, АҚШ, Чехияның, Кореяның университеттерімен, ғылыми ұйымдарымен және қорларымен ғылыми шығармашылық байланыста. Жыл сайын халықаралық ынтымақтастықтың негізгі басым бағыттарына сәйкес шетелдік білім мекемелерімен жаңа серіктестік қарым- қатынастар бекітіледі.
1996 жылдан бастап Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Университеттердің Еуразия Ассоциациясы мен Батыс Сібір жоғары оқу орындары Ассоциациясының тең құқылы мүшесі, олардың мақсаты университетте білім берудің бірыңғай жүйесін жасау және жаһандық маңызы бар зерттеудің басым бағыттарына ғылыми күшті шоғырландыру.
Студентке академиялық демалыс алуына бола ма, болса қанша мерзімге және қандай шартпен ала алады?
Академиялық демалыс дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы негізінде 6 айдан 12 ай аралығында, ерекше жағдайларда 2 жылға дейін беріледі. (Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитындарға академиялық демалыс беру Ережелері 2004 жылдың 12 қарашасындағы № 906 ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген)
Университет құжаттарды қай мерзімге дейін қабылдайды, студенттер қатарына қабылдау шарттары?
Таңдалған оқу түріне, орта мектепті бітірген жылына байланысты мерзімдері әр түрлі.
1 кезең – 20.06. – 10.07. – кешенді тестілеуге қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау (былтырғы жылдың, колледждердің түлектері);
2 кезең – 22.07. – 31.07.– БҰТ пен кешендік тестілеуге қатысушылардан мемлекеттік білім грантына арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау.
3 кезең – 10.08. – 25.08. – мемлекеттік білім гранты туралы куәліктің негізінде және ақылы оқу негізінде қажетті құжаттарды қабылдау. Түлек құжаттарды қабылдаудың әр кезеңінде өтініш жазуы тиіс.
Жазған өтініштері негізінде түлектер қатарына қабылдау тамыздың
25-іне дейін өткізіледі.
ШҚМУ колледжінің басқа оқу орындарынан қандай айырмашылығы бар?
Колледж университеттің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Колледж студенттері университеттің барлық материалдық-техникалық базаларын (кітапханалар, спортзалдар, демалыс базалары, ЖИБТО және т.б.) пайдалана алады. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ колледжі көпсалалы, онда орта кәсіптік білім мамандарын педагогикалық, экономикалық және құқықтану бағыттарындағы 12 мамандық бойынша дайындайды. Колледж оқушылары университет студенттерімен қатар жоғары оқу орнында өтетін барлық шараларға (Бірінші курстар таланты, Ғылым апталығы, Студенттер көктемі фестивалі және т.б.) белсене қатысады.
Университет колледжі 2006 жылғы 24 қазандағы ҚР БҒМ № 551/1 бұйрығымен Республикадағы үш колледждің қатарында оқытудың кредиттік технологиясын енгізу бойынша бірегей тәжірибеге енгізіліп отыр, сондықтан да оның түлектеріне университетте оқуға бейімделу анағұрлым оңай.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қандай?
Университет штатында 800-ден астам жоғарыбілікті оқытушылар бар, солардың ішінде ҚР ҰҒА 2 академигі, 8 академик және салалық академияның корреспонденттер мүшесі. Ғылыми дәрежесі және атағы бар ПОҚ саны 45% астам.
ШҚМУ-де сабаққа қалаған еркін уақытта келуге бола ма?
Жоқ. Сабаққа үздіксіз қатыспай оқитын жалғыз оқу формасы- экстернат болып табылады. Ол үшін білім алушы білім беру бағдарламасына сәйкес, сабаққа жүйелі түрде қатыспай-ақ пәндерді өз бетінше оқиды. Алайда экстернаттық оқу жүйесінде оқуға барлық азаматтарға рұқсат етілмейді. Экстернаттық жүйеде оқуға рұқсат етілетін адамдар тобына:
1) мүмкіншілігі шектулі адамдар;
2) Шет елдегі, күндізгі оқу түрінде оқитындар;
3) Ұзақ қызметтік іс-сапарда жүрген, сырттай оқу бөлімінде оқитын азаматтар;
4) Ең дарынды оқушылар, халықаралық, республикалық, ғылыми конференциялар мен сайыстардың қатысушылары мен жеңімпаздары, және ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын студенттер жатады.
Экстернат түрінде жоғары кәсіптік білім алғысы келетін студент білім беру мекемесі басшысының атына арыз жазады. Кәмелеттік жасқа толмағандар атынан ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары жазады.
Мүмкіншілігі шектеулі азаматтар экстернаттық оқу жүйесіне тіркелгенде дәрігерлік қорытынды анықтаманы бірге көрсетуі тиіс.
Егер де мен мемлекеттік гранттың иегері бола алмасам, университетте оқып жүргенде стипендия ала аламын ба?
Бұл мүмкін.Университетте атаулы стипендия қарастырылған. Ол үшін сіз тек сабағыңызды үздік оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуыңыз қажет. 2008-2009 оқу жылында үздік бағаға оқитын студенттер Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, ШҚМУ-нің ректорының гранттарын жеңіп алды. Барлық стипендия иегерлері-оқу үздіктері, жастар ісі жөніндегі комитеттің мүшелері, «Студенттік ғылыми қоғамның» мүшелері, әр түрлі сайыстар мен олимпиада жеңімпаздары, дебат турнирлерінің мүшелері. Университет оларды мақтан тұтады.
Университетте қай жерде спортпен айналысуға болады?
Университеттің екі үлкен, үш шағын спорт залы бар. Сабақтар өткізуге арналған жабық спорттық алаңдар көлемі 1547 шаршы метр, футбол алаңының ауданы 2800 шаршы метр; ұзындығы 280 метрлік жүгіру жолы, 2 воллейбол, 2 баскетбол алаңдары тағы бар. №2 ғимараттың спорт алаңы стационарлық, спорттық құралдармен қамтылған. Бас ғимаратта А.Н.Трунов атындағы Денсаулық орталығы, 3 корпуста Қ.Рысқұлбеков атындағы дайындық залы, «Чайка» бассейні, «Сібе» демалыс орны бар.
ШҚМУ жатақханадан орын бере ме?
Қалалық емес студенттер мен күндізгі оқу бөліміндегі магистранттар оқу мерзімі кезінде жатақханамен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік грант сайысына тапсырыс берген талапкерлер де сайыс қорытындысы шыққан уақытқа дейін жатақханадағы орынмен қамтамасыз етіледі.
ШҚМУ-нің студенттік өмірі несімен қызықты?
Жоғары оқу орнында оқу үрдісін жетілдіруге байланысты мол тәжірибе жинақталған.Университетте сан түрлі студенттік бірлестіктер мен клубтар, қозғалыстар қызмет атқарады. Мәселен, Жастар ісі жөніндегі комитет, партияның «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан студенттерінің Альянсы, дебат клубы, студенттердің ғылыми қоғамы, студенттердің кәсіподақ комитеті, студенттер жатақханаларының кеңесі, студенттердің құрылыс жасақтары, «Жасыл ел» жастар қозғалысының басшылығы мен құрылымы қызмет атқарады.
Жыл сайын барлық студент белсене қатысатын- бірінші курс таланты, ШҚМУ-нің аруы, ШҚМУ-нің сұлтаны, Студенттер көктемі, «Көңілділер мен тапқырлар клубы» кештері өтіп тұрады.
ШҚМУ түлектерінің ішінен атақты болғаны бар ма?
Университет қызмет еткен уақытынан бері түрлі дайындық бағыттары мен мамандықтар: білім беру, құқық, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, жаратылыстану, гуманитарлық, медициналық, техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша 40 мыңға жуық түлектерді ұшырды. Университеттің көптеген түлектері атақты мемлекет қайраткерлері болды. Олардың ішінде ҚР Парламантінің сенаторлары мен мәжіліс депутаттары да бар; О.С.Сапиев- ҚР Парламенті Сенатының депутаты, А.В.Гусинский- ҚР Парламенті Сенатының депутаты.
Жоғары оқу орны мақтан тұтатын педагогикалық саладағы мамандарының орны ерекше. Өскемендегі мектеп директорларының 70% біздің түлектеріміз. Ерекше мектептер санатына жататындардан Белькова М.Ю. – «Қазақстан-ресей гимназиясының»директоры, Масасина В.А. – «№ 2 мектеп-балабақша- гимназия кешені» ММ директоры, Агейкина Л.П. – «№ 11 мектеп- гимназия» ММ директоры. ҚР білім үздіктері: Кленин В.М. –№ 34 орта мектеп директоры, Ляпунова В.Д. –№ 40 орта мектеп директоры. ҚР оқу-ағарту ісінің үздіктері: Акитбаев Е.Т. – № 3 көпсалалы гимназия директоры, Малых В.Ф. – № 4 орта мектеп директоры, Екимова Г.П. – № 8 орта мектеп директоры, Баранов Н.Н. – № 15 орта мектеп директоры, Быстрянцева Т.В. – № 26 орта мектеп директоры, Зюзь О.П. –№ 35 орта мектеп директоры, Кикина М.И. – № 29 орта мектеп директоры және тағы да басқалар.
Қазақстан Республикасының мәдениетін дамытуға да жоғары оқу орнының түлектері өз үлестерін қосты. Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театрының Бас және көркемдік директоры Абдрахманова Е.А. біздің түлегіміз. Қазақстанның атын халықаралық аренаға паш еткен атақты спортшылар, әлем және Олимпиада ойындарының жеңімпаздары арасында: 1976 жылы олимпиада чемпионы болған, аты аңызға айналған хоккейші Борис Александров; хоккейден үш мәрте әлем чемпионы болған Евгений Паладьев; су астында жүзу бойынша еңбегі сіңген спорт шебері Надежда Турукало; алыс қашықтыққа жүгіру бойынша атақты спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері- Наталья Гумерова; Сейлханов Р.А. – самбо мен дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, олимпиада ойындарына қатысушы (1996 жылы Атлантада, 2000 жылы Сиднейде); Омарбаев Е.С. – самбо мен дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбодан екі мәрте әлем чемпионы, дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері; Шегенов Е.К.- кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебер, бокстан спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Азия және Әлем чемпионы; Смагулов А. –дзю-додан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2000 жылғы Сидней Олимпиада ойындарының қола жүлдегері; Можанов А.Б. – ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, кикбоксингтен әлемнің бес дүркін чемпионы.
ҚР хоккейден құрама команда мүшелері: Ефремов А. - ҚР спорт шебері, Мароховец Н. – ҚР спорт шебері, Хворных А. – ҚР спорт шебері және тағы да басқалар.
ШҚМУ-нің кітапханасы қандай?
Біздің кітапхананың кітап қоры миллионға жуық кітапты құрайды. Студенттер үшін интернетке кіру мүмкіндігі қарастырылып, 42 компьютермен жабдықталған 435 орындық 10 оқу залы жұмыс істейді. Әр студент университеттің Электронды кітапханасының 3000 оқулығын пайдалана алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Кітапханалары консорциумының арқасында EBSCO агенттіктің электронды базасына жазылу жүзеге асырылды. Бұл кезеңді басылымдардың ірі мәліметтер базаларының сандық коллекцияларына, соның ішінде түпнұсқа тілінде 4000 астам толық мәтінді ғылыми журналдарға кіруге мүмкіндік туғызды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы Жоғары инновациялық- білім беру технологиялары орталығының ашылуы, ақпараттық- корпоративтік желінің бар болуы, Интернетті кеңінен қолдану жуық арада студенттер мен оқытушыларға әлемдік электрондық ресурстарға еркін кіруді қамтамасыз ететін Университеттің Электронды кітапханасының жобасын жүзге асыруға көмектесті. Осы мақсатта қағаз басылымдардың электронды нұсқаларын жасауға болатын жылдамдығы тез сканерлер сатып алынды.
Кредиттік технология бойынша оқу студенттерге қаншалықты қиын?
Әрине, бұл оқу түрі бұрынғы оқу түріне қарағанда әлдеқайда қиын. Студент көп жағдайда өз бетімен жұмыс жасауы тиіс. Ал бұл оқуға деген жоғары деңгейдегі өзін- өзі ұйымдастырушылықты, теориялық және практикалық материалды талдаудың дамыған дағдыларын талап етеді. Кредиттік оқу жүйесінде, бағалаудың халықаралық классификациясына сай, балдардан және әріптік белгілерден тұратын бағалау жүйесі де өзгеше.
ШҚМУ-ін бітірген соң мен жақсы жұмысқа орналаса аламын ба?
Көп жағдайда барлығы өзіңізге байланысты болады. Алайда, біздің жоғары оқу орнында алған біліміңізді сіз тәжірибеде толық қолдана аласыз деп толық сеніммен айта аламыз. Университет білімі өзіңізді барлық саладан табуға мүмкіндік береді. Сондықтан сіздің міндетіңіз- таңдаған мамандығыңызды сәтті игере отырып, бір де бір күніңізді бос өткізіп алмау. Ал ең бастысы, Университетте оқыған әрбір жас еркін ойлап, өз ойын жеткізе алуға, болашақ мамандығын жетік меңгеруге мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дипломы Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де бағаланады, ол түлектерге айтулы жұмыстарға орналасу үшін және магистратурада, аспирантурада, докторантурада, сонымен қатар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастыру үшін жол ашады.
ШҚМУ-де қандай шығармашылық мамандықтар бар және оларға қабылдану ерекшеліктері қандай?
ШҚМУ-де болашақ бірінші курс студенттері үшін 40-қа жуық мамандықтар бар. Солардың төртеуі- шығармашылық емтихандар: «Музыкалық білім», «Дене тәрбиесі және спорт», «Бастапқы әскери дайындық», «Журналистика», оларға талапкерлер 2 шығармашылық емтихан тапсырады. Әр шығармашылық емтиханға 10-нан кем емес балл жинау қажет, ең жоғары- 30 балл. Конкурсқа өтініш берген кезде Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілі) және 2 шығармашылық емтиханның балдары есептеледі. Шығармашылық емтиханның уақытын университеттің қабылдау комиссиясынан нақты анықтап біліп алған жөн.
ШҚМУ-і Республикадағы жоғары оқу орындарының ішінде нешінші орында тұр?
Өткен жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялық орталығының рейтингі бойынша 2008 жылы С.Аманжолов атындағы жоғары оқу орны 8 орынды иеленді. Бұл тәжірибенің, білім мен ғылымның интеграциясы бойынша басты критерий білім беру қызметінің жоғары сапасы болып табылатын, ректораттың, ПОҚ ұжымының және қызметкерлердің көп қырлы еңбегінің нәтижесі деп білеміз. |