ІСКЕРЛІК МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІ
|
Іскерлік мансап орталығы ШҚМУ құрылымдық бөлімі болып саналады, оның міндеті жұмыспен қамтуға, кәсіптік дамуға және сәтті қызмет жолында өсуге көмек көрсету. Іскерлік мансап орталығы ШҚМУ студенттеріне біздің жобаларымызға қатысуды ұсынады.
|
|
Сен Іскерлік мансап орталығында бос орындар туралы мәлімет алып, өз түйіндемеңді қалтыра аласың.
|

Мамандар жәрмеңкесін ұйымдастыру, мекемелер мен фирмалардың тұсаукесерлері
Іскелік мансап орталығы мамандар жәрмеңкесін, мекемелердің тұсаукесерлерін ұйымдастырады, студенттерге сол жерде өз түйіндемелерін қалдырып, жұмыс берушілермен көзбе көз сөйлесуге мүмкіндік туады. «ШҚМУ мамандар жәрмеңкесі» жобасы ШҚМУ студенттерін компанияның мақсатымен және қызметімен таныстырып, студенттерге қызмет жолында өсу мүмкіндіктері мен компаниядағы бос орындар жайлы ақпарат береді.
Жұмысқа тұру саласында студенттер мен түлектерге жеке кеңес беру
Іскерлік мансап орталығы тренигтер мен семинарлар ұйымдастырады, онда қатысушыларға сертификат алуға мүмкіндік бар. Бұл сәтті қызмет жолын жасаудың басты құралы. Тренингтер ШҚМУ студенттері үшін, сонымен қатар қызметкерлері үшін де өткізіледі. Тренингті бағдарлама қызмет сатысы бойынша сәтті өсудің, кәсіби сала бойынша жұмыс тәжірибесінің негізгі сәттерін қамтиды және бұл семинарлар, шеберлік- класстар, іскерлік ойындар, психологиялық тренингтер түрінде өткізіледі.
Студенттер мен түлектерге жұмысқа тұруға көмек көрсету
Іскерлік мансап орталығы еңбек нарығына жүйелі талдау жүргізеді, үнемі түйіндемелердің мәліметтер базасы, студенттер сауалнамасы, сонымен қатар жұмыс берушілер мен бос орындардың мәліметтер базасы жүргізіледі.
Өскемен қ., 30-шы Гвардиялық дивизия к-сі, 34, 121 офис,тел. +7 7232 540-144 |