Бас бетқе
Облыс тұрғындарының назарына
Қазақша | Русский | English
Логин

Пароль

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Облыс аймағында күрделі су тасқыны қаупі бар. ТЖ қызметі сақ болуды ескертеді. Тікелей сіз тұратын жерге орналасқан су қоймаларының су деңгейін бақылаңыз.
Жеке аулада селдің суы кедергісіз ағуы үшін жұмыстар жүргізіңіз:
- жақын бұлақтарды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазартыңыз
- аулада су ағатын орларды қазыңыз
- үй ауласын үйіп көмуге қолда бар материалдарды дайындаңыз (қаптар, топырақ, құм, саз).
Алғашқы қажетті заттары бар сөмке немесе арқа қоржынын, ауыз суы мен азық-түліктің аз мөлшердегі қорын дайындау қажет. Су болмайтындай жерге құжаттарды салыңыз.
Бағалы заттарды, қоймадағы азық-түлік қорларын шатыр астына немесе су баспайтын аймаққа көшіріңіз.
БАҚ-ның ақпараттарын және көлік құралдары мен кәсіпорындардың үзілмелі белгілері және сирена дабылдарын мұқият бақылаңыз.
Су басу жайлы хабар алысымен асығыс және көшірілу пунктері ұйымдастырылған бағытқа қарай үй-жайларыңызды тастап шығыңыз.
Егер су деңгейінің жоғарылағанын байқасаңыз жедел мына телефондарға хабарласыңыз: 101, 112, 26-88-26, 26-88-27, сонымен қатар аудандық, қалалық ТЖ қызметіне, жергілікті атқарушы органдарға хабарласыңыз.

ЖАДУАЛ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАЛАЙ ДАЯРЛАНУҒА БОЛАДЫ

Су тасқыны мен сел басу қауіпі төнетін аймақтарда тұратын адамдардың мәселелері мен әрекеттері келесіде ұйғарылады.
 
СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫНДА:
1. канализация жүйесін тазалаңыз;
2. қуаттандыру көздерінің қорларын даярлаңыз;
3. алғашқы көмек көрсету құралдарын;
4. автомашиналардың бактарын толтырыңыз;
5. пайдалануға даяр азық-түлік пен ауызсудың қорын жасаңыз;
6. радиоқабылдағыштарды, от жағуға спиртті плиткаларды және белгі беретін электр шамдарын даярлаңыз.
 
СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ БАСТАЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН СӘТТЕ:
1. егер құдықтар жарамсыз болып қалса, ал суқұбырлары істемей қалған жағдайда ауызсу қорын даярлаңыз;
2. егер уақыт болса ағып кететін нәрселердің барлығын байлап қойыңыз, сезімтал қондырғыларды майлап қойыңыз;
3. апат туындаған сәтке су баспайтын құрғақ қауіпсіз орынды белгілеп қойыңыз;
4. судың ортасында қалып қою мүмкіндігін ескеріңіз;
5. су тасқынының қауіпі төнген сәтте газ бен электр жарығын өшіріңіз, бағалы заттарды қауіпсіз орынға көшіріңіз;
6. басқару органдарының көшіру және жасырыну орындары туралы нақты нұсқаулары мен ақпараттарын елеусіз қалдырмаңыз!
 
СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ:
1. су басу аймағында қалғанда, бөгет бұзылған кезде су астында қалып қоюы ықтимал жоғарғы қабатта немесе ғимараттың шатырында, ағаштың басында немесе басқа да биік жерлерде болыңыз;
2. егер су тізеден жоғары болса ешқашан су басқан телімдерді кесіп өтпеңіз, ағыс құлатып кетуі мүмкін;
3. су басқан телімдерден автокөлікпен өтпеңіз, шұңқырларды байқамай қалуыңыз мүмкін;
4. басқару орғандарынан сәйкесінше нұсқаулар келіп түскенше жасырыну орындарында болыңыздар
5. егер Сіз көмекке мұқтаж болсаңыз апаттан құтқару белгілерін беріңіз.
 
КЕНЕТТЕН БОЛҒАН СУ ТАСҚЫНЫНДА:
1. жақын маңдағы биік жерге шығыңыз;
2. күндіз ақ немесе түрлі-түсті белгі беретін орамалды іліңіз, қараңқыда жарықпен белгі беріңіз;
3. Өз-өзіңізді құтқаруға мәжбүр болған жағдайда (су босағада!) қол астындағы құралдардан жасалған салмен құтылыңыз.
 
СІЗ СУДЫҢ ОРТАСЫНДА ҚАЛДЫҢЫЗ:
1. қалқып жүрген заттардан ұстаныңыз;
2. қалқып жүрген заттардан сал жасап алуға тырысыңыз;
3. өткір ұштары бар қауіпті заттарды итеріңіз;
4. қауіпсіз орынға көшіңіз;
5. сасқалақтамаңыз! Өзіңіз жайлы белгі беріңіз!
 
СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН:
1. тұрғынжайыңызда зақыманған заттардың жоқтығын мұқият қараңыз;
2. үзілген және салақтап қалған электр сымдарынан сақтаныңыз;
3. сел суымен суланып қалған азық-түліктерді пайдаланбаңыз;
4. суды санитарлық тексерусіз ішуге пайдаланбаңыз. Егер сіз осылай істеуге мәжбүр болсаңыз суды залалсыздандыру үшін кәдімгі кір ағартқышты (бір литр суға 15 тамшы, жарты сағат қойып қою керек), немесе марганцовканың әлсіз ерітіндісін пайдалануға болады;
5. әрбір құдық алдымен құрғатылуы тиіс, ал суға оның зиянды еместігіне сараптама жасау қажет;
6. ерекше қажет болмаса су басқан телімдерге кірмеңіздер;
7. электрқұралдары пайдаланбас бұрын кептірілуі және тексерілуі керек;
8. ашық оттың көздерін пайдаланбаңыздар;
9. барлық зақымданулар туралы құзырлы органдарға хабарлаңыздар!
 
ҮЙДЕ:
1. үйге кіре салысымен есік терезелерді айқара ашыңыз;
2. толық желдеткенге дейін отты жақпаңыз;
3. электржелісінің дұрыстығын тексергенге дейін электрқұралдарын және жарықты қоспаңыздар.
 
Бізсіздергеосынұсқаманықолдануғатуракелмейдідепойлаймыз, бірақбұлсутасқыныаймағындаадамөзінөзіқалайұстауыкеректігітуралытүсініктемебереді.
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020
Счётчик ТИЦ
Valid XHTML 1.0 Transitional