ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЛЬЯНСЫ

ҚСА – Бүкіл Қазақстандық студенттердің құқығы мен қызығушылығын қорғаушы жастар ұйымы.
ҚСА мүшелері – Біз студенттердің проблемасын шешу де өзіндік қол жеткізетін біріккен күшпіз.
Қазақстан студенттерінің альянсы – бұл жаңа, басқаларға ұқсамайтын студенттер ұйымы. Студенттер білім сапасына қол жеткізуге, студенттер арасында қайырымдылықты тамырландыруға, ЖОО-дағы пара алушылықты, студенттер құқығының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету үшін бірікті.
Мемлекет патриоттық бағытталған және ой өрісі дамыған адамдарды қажет етеді, сондықтан біздің ойымыз, ісіміз және ұмтылысымыз қолдау табады және өзгермейтін дұрыс нәтижеге қол жеткізеді. Біз біргеміз және біз – күшпіз.
Міндеті:
Қазақстан Республикасының студент жастарының ой өрісін, шығармашылық, рухани және инновациялық күш-қуатын тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
Біздің мақсатымыз:
- Қазақстанды дамыту мен көркейтуде идеясы негізінде қазақстандық студенттікті нығайту;
- Қазақсатандық студенттердің білімін көтеру және отандық жоғары білім жүйесін жетілдіруде көмек көрсету;
- Студеттердің азаматтық мәдениетін және патриоттығын дамыту
- Студент жастардың қызығушылығы мен құқығын қорғау, оны жүзеге асыруда жәрдемдесу.
Біздің принциптеріміз:
ҚСА жұмысы келесі принциптер бойынша ұйымдастырылады:
- Адами факторлар бәрінен де биік: ең бағалы ресурс – бұл адамдар. ҚСА қызметіндегі артықшылық қозғалыс мүшелерінің және бізбен жұмыс істейтіндердің барлығының дамуы мен өзін жетілдіруіне жағдай жасау болып табылады. |