СПОРТ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Университетте студерттер, оқытушылар және қызметкерлердің барлығына бірдей спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалған. 3 мыңнан астам студент спорт және дене шынықтыру тәрбиесімен айналысады. Қазіргі заманғы спорт базасында 2 шағын стадион, 5 спорт залы, жүзу бассейні, 2 тренажер залы, демалыс базасы бар. Спорттың 26 түрі бойынша секциялар жұмыс істеуде. Жоғары дәрежелі мамандармен қамтамасыз етілген дене шынықтыру мен спорт теориясы және әдістемесі кафедрасы, дене шынықтыру кафедрасы, сонымен қатар спорт клубы дене шынықтыру-сауықтыру және жаппай спорттық жұмысты жүргізеді.
Жыл сайын университетте спорттың 12 түрі бойынша сайыстар, оқытушылар мен студенттер арасында спартакиадалар өткізіледі. Университеттің құрама командасы 2006 және 2008 жж. ҚР жоғары оқу орындарының қысқы универсиадасының жеңімпазы атанды. ҚР жоғары оқу орындарының V жазғы универсиадасының (2009) нәтижелері бойынша спорттың 19 түрі бойынша 20 алтын, 57 күміс және 6 қола медальді жеңіп алды. ҚР жоғары оқу орындарының V жазғы универсиадасында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ атынан спорттың 19 түрі бойынша студенттердің 19 құрама командасы қатысты. Универсиаданың нәтижелері бойынша ҚР 76 жоғары оқу орындары арасында біздің университет жүлделі 3-орынды иеленді.
Ірі халықаралық сайыстарға қатысып, жоғары орындарға ие болып, Республикамызды әлемге әйгілі еткен Қазақстанның, Шығыс Қазақстанның құрама командаларының мүшелері, жоғары дәрежелі спортшылар университеттің мақтанышы болып табылады. Олардың ішінде еңбегі сіңген 10 спорт шебері, 30 әлем және Олимпиада чемпиондары, халықаралық деңгейдегі 40 спорт шебері, спорттың әр түрі бойынша 500-ден астам спорт шеберлері бар.
ШАҢҒЫ СПОРТЫ
Алексей Полторанин, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, шаңғы сайыстары бойынша ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2006 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, жастар арасында Әлем чемпионы, Италияда өткен (Турин қаласы) Бүкіләлемдік қысқы универсиадада қола жүлдеге ие болды.
2009 жылы 6 ақпанда Францияда өткен (Праз-де-лус Соманд) Әлем Чемпионатында 15 км қашықтыққа классикалық стильде шаңғы сайысында күміс белгі алды, 2006 жылы ҚР тұңғыш Универсиадасының чемпионы, Чехияда өткен Әлем чемпионатында спринтерлік сайыста мықтылардың ондығына (7-орын) кірді.
Сергей Черепанов - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2006 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, жастар арасында Әлем чемпионы, 2007 жылы Италияда өткен (Турин қаласы) Бүкіләлемдік қысқы универсиадада алтын және қола белгіден алқа тақты. Норвегияда өткен (Лахти қаласы) Әлем кубогының сатысында қола жүлдегер атанды.

Наталья Исаченко -халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2006 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, жастар арасында Әлем чемпионы, 2007 жылы Италияда өткен (Турин қаласы) Бүкіләлемдік қысқы универсиадасының жүлдегері, 2007 жылы Қытайда өткен (Чугучек қаласы) IV қысқы Азия ойындарының жүлдегері.
БИАТЛОН
Биатлоншылар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ерекше мақтанышы болып табылады. Олардың ішінде:
Инна Можевитина - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2005 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы, 2007 жылы Қытайда өткен (Чугучек қаласы) IV қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2008 жылғы Азия чемпионы.
Виктория Афанасьева - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2007 жылы Қытайда өткен (Чугучек қаласы) IV қысқы Азия ойындарында күміс жүлдегері, 2008 жылғы Азия чемпионы.
Ольга Дудченко - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2005 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы, 2007 жылы Қытайда өткен (Чугучек қаласы) IV қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2008 жылғы Азия чемпионы.
Сергей Наумик - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2005 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы, 2007 жылы Қытайда өткен (Чугучек қаласы) IV қысқы Азия ойындарында күміс жүлдегері, 2008 жылғы Азия чемпионы.
Александр Трифонов - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2005 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы, 2007 жылы Қытайда өткен (Чугучек қаласы) IV қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2008 жылғы Азия чемпионы.
ФРИСТАЙЛ
Юлия Радионова -халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2008 жылғы Еуропа Кубогының алтын жүлдегері, 2008 жылғы фристайл бойынша Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.

Дмитрий Бармашов - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2008 жылғы Еуропа Кубогы сатысының чемпионы.
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері шайбалы хоккей бойынша ҚР жастар құрамасын құрайды. Олар Әлем чемпионаттарына, Азия ойындарына және Бүкіләлемдік универсиадаларға қатысты. Команданың барлық спортшылары ҚР спорт шеберлері, 2007 жылғы жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері, Италияда өткен (Турин қаласы) 23-қысқы Бүкіләлемдік универсиаданың қола жүлдегерлері, 2008 жылғы ҚР жоғары оқу орындары арасында универсиаданың күміс жүлдегерлері.
Құрамына университетіміздің студенттері кіретін (Георгий Петров, Михаил Лазоренко, Олег Онищенко, Александр Казначеев, Яков Воробьев, Сергей Ефремов, Михаил Качулин, Михаил Смольников, Виктор Ивашин, Андрей Коровкин) шайбалы хоккей бойынша Қазақстан Республикасы студенттерінің құрама командасы 2009 жылғы 12 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қытайда, Харбин қаласында өткен 24-қысқы Бүкіләлемдік универсиадада 4-орын алды.
САМБО ЖӘНЕ ДЗЮДО
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қыздар құрама командасы 2007 жылғы ҚР жоғары оқу орындары IV универсиадасында дзюдо күресі бойынша күміс жүлдегер атанды.

Мәзібаев Мақсат - самбо бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2006 жылы Грецияда өткен (Афины қаласы) жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2007 жылы Астана қаласында өткен Әлем Кубогының күміс жүлдегері, 2008 жылы Кореяда, Пусан қаласында өткен Бүкіләлемдік ойындардың күміс жүлдегері, 2007 жылы ҚР жоғары оқу орындары универсиадасында дзюдо күресі бойынша чемпион атанды.

Елдар Зәріпханов – дзюдо күресі бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2007 жылғы М.Шегеевті еске алу халықаралық сайысының чемпионы.

Талғат Әмренов - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2007 жылы Қарағанды қаласында өткен ҚР чемпионы, 2006 жылы Оңтүстік Кореяда өткен жастар арасында Азияның қола жүлдегері, 2008 жылы дзюдо күресі бойынша М.Шегеевті еске алу халықаралық сайысының чемпионы.

Ольга Скребнева - дзюдо күресі бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2008 жылы Өскемен қаласында өткен М.Шегеевті еске алу халықаралық сайысының чемпионы.
Зульфия Мухамедьярова - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, дзюдо күресі бойынша халықаралық сайыстардың жүлдегері.
КИКБОКСИНГ
Мирас Жақыпов - ҚР спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2008 жылы Петропавл қаласында ҚР чемпионы атанды.
СЕМСЕРЛЕСУ САЙЫСЫ
  
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ семсерлесу сайысы бойынша құрама командасы 2007 жылғы ҚР жоғары оқу орындары IV жазғы универсиадасының чемпионы атанды.
Сергей Ходос - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2006 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы, 2007 жылғы Әлем чемпионы.
Сергей Пантелеев - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2006 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы, 2007 жылғы Әлем чемпионы.
Мергүл Әбиева - ҚР спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2008 жылы семсерлесу сайысы бойынша Алматы қаласында ҚР чемпионы атанды.
Роман Слесаренко - ҚР спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2008 жылғы ҚР чемпионы.
Ирина Эм - ҚР спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2008 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия Чемпионатында 3-орын алды, 2008 жылы Алматы қаласында ҚР чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ольга Колмакова - ҚР спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2008 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия Чемпионатында 3-орын алды, 2008 жылы Алматы қаласында ҚР чемпионатының күміс жүлдегері атанды, 2008 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық сайыста І орын алды.
АРМРЕСТЛИНГ
Бауыржан Абаюров - ҚР спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, Канадада, Келоуна қаласында өткен армрестлинг бойынша Әлем чемпионы.
Ольга Шлижевская - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2008 жылғы ҚР чемпионы (Ақтөбе қаласы), 2008 жылғы Азия чемпионы (Алматы қаласы), 2008 жылы Канадада, Келоуна қаласында өткен армрестлинг бойынша 4-орын алды.
БАЙДАРКАЛАРДЫ ЖҮЗУ
Дмитрий Кальтенбергер - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2008 жылы Пекинде өткен ХХVІІ Олимиада ойындарының қатысушысы, 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2008 жылғы Азия чемпионы.
Дмитрий Торлопов - ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2008 жылы Пекинде өткен ХХVІІ Олимиада ойындарының қатысушысы, 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2008 жылғы Азия чемпионы. |