Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

1 маусым - Халықаралық Балаларды Қорғау күніне арналған «7 Керемет» мерекесі

1 маусым - Халықаралық Балаларды Қорғау күніне арналған «7 Керемет» мерекесі

Жаздың алғашқы күніне сәйкес келетін Халықаралық Балаларды қорғау күні Шығыс Қазақстан облысы балалары үшін ең жарқын мерекелердің біріне айналмақ.

Сол жағалау кешенінде Балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» атты айтулы мереке өтеді. Бұл күні конкурстық-ойын алаңшалары мен концерттік-көңіл көтеру бағдарламасы жоспарланған. 1-ші маусымда барлық отбасылар балаларымен бірге сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жалғасатын көңіл көтеру бағдарламасына қатыса алады.

Мереке күні Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары сан алуан бояулардың барлық әсемдігін тамашалай алады. Барлық көңіл көтеру аумақтары кемпірқосақтың әртүрлі түстеріне бөлінген.

«Керемет-Шеберлер» қызыл алаңшасында облысымыздың студенттері мен жас кәсіпқойлары әр түрлі мамандықтар бойынша шеберлік сыныптарын көрсетеді, онда әрбір қатысушы өзін түрлі мамандықта сынай алады және тіпті өз қалауы бойынша мамандық та таңдай алады.

«Керемет-Көңіл-күй» алқызыл алаңшасының аниматорлары мен ертегі кейіпкерлері балалар үшін ең көңілді бағдарламалар мен конкурстарды әзірлеп те қойды.

Жабайы батыстың қаһармандары – «Ковбой Джо мен үндіс Меткая Стрела» «Керемет-Оқиға» сары алаңшасында көмбе тығып қойып, балалардың көңілді командасымен бірге қазыналарды іздестіруге аттануға әзір. Аталмыш алаңшаның барлық қатысушыларын таңғажайып квест күтіп тұр.

«Керемет-Спорт» жасыл алаңшасында үздік спорттық эстафеталар, конкурстар мен ойындар қарсы алатын болады.

Көгілдір түске боялған «Фото-Керемет» алаңшада – Шығыс Қазақстан облысындағы үздік фотографтардың көмегімен бойлы қуыршақтармен бірге фотоға түсуге арналған керемет орын. Сонымен қатар, облысымыздың тұрғындары мен балалардың бақытты жүздері осы алаңшадағы фотоқабырғаны әсемдейтін болады.

Аквагрим, тастарға сурет салу бойынша шеберлік сыныбы, асфальттағы және мольберттердегі суреттер байқауы «Керемет-Дизайн» көк алаңында өтетін болады.

«Керемет-Ақылды» күлгін алаңшасы мереке қонақтарын зияткерлік конкурстармен, сондай-ақ пайдалы және дәмді сыйлықтармен қуантпақ.

Театрландырылған қойылым, флэшмобтар, сабын көбіктері, «Түрлі-түсті түтін» және «Жасанды қар» шоулары, шығармашылық ұжымдардың музыкалық номерлері, отбасылық караоке-батл, Comedy Kids Show мереке қонақтарын Сол жағалау кешенінің бас сахнасында қуантатын болады.

1-ші маусымы Шығыс Қазақстан облысының егіз балалары үшін

ерекше күн болмақ. Мерекелік шараға ең белсенді қатысқан егіздер ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлыққа ие болады.

Балалар арбасы бар жас аналарды да тосын сыйлар күтеді. Бұл күні алғаш рет «Ең әдемі бесік- арба» шеру-байқауы өткізілетін болады. Осы байқауға қиялдарын танытып, балалар арбаларын ерекше безендірген Шығыс Қазақстан облысының жас аналары қатыса алады. Карнавалға қатысуға өтінімді іс-шара ұйымдастырушылардың телефондары бойынша 30-шы мамырына дейін немесе мерекелік шерудің алдында қосылуға болады.  

Әдемі безендірілген балалар арбасының карнавалы 9.30-да саябақтың басты қақпасынан басталады.

Мерекенің басты жаңалығы, ол жас аналардың, егіздердің, шығармашылық ұжымдар мен мереке қонақтарының карнавал-шеруі болады!

Сол жағалау кешеніне кіру және барлық іс-шараларға қатысу – тегін! Ең бастысы көтеріңкі көңіл күйде болу!

Сонымен, 1 маусымында сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін Сол жағалау кешенінің бас сахнасында Шығыс Қазақстан облысының балаларына арналған үздік мерекелік іс-шаралар өтеді!

Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындарын осы ұмытылмас мерекеге қатысуға шақырамыз!

Басты ұйымдастырушы: «Көшбасшылар клубының»/«Клуб’ОК» мереке студиясының қолдауымен ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ.

Анықтама телефоны: 75-21-41, 75-15-43, 57-82-90, 8771 547 26 55.

 

Қазақ
× You found a Typo