Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

10-11 желтоқсанда «Шарықта, шырқа, жас қыран!» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқауы өтеді

«Шарықта, шырқа, жас қыран!» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық  байқаудың

Е Р Е Ж Е С І

Дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, оның ішінде ән-би, бейнелеу өнері арқылы ұлттық өнерімізді мейлінше қадірлеп, құрметтеуге ықпал ету, өнерлі балалардың есімдерін тауып, халыққа насихаттау мақсатында Республикалық «Шарықта, шырқа, жас қыран!» атты байқау өтеді.

І. Жалпы ереже:

 1.1. Жасөспірімдердің эстетикалық талғамын арттырумен қатар олардың сахнаны меңгеру мәдениетін, орындау шеберлігін, адамның жанын байытатын, кемелденуге бастайтын ұлы күш – өнердің сиқырлы сазды табиғатының сырын ашу, талантты, білімді ұрпақтың қанаты қатайып биіктерге самғауына ықпал жасау мақсатында «Балдәурен» балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан Республикалық «Шарықта, шырқа, жас қыран!» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық  байқау Тараз қаласында 2016 жылдың 10-11 желтоқсаны күндері /ТИГУ акт залы, Желтоқсан көшесі, 69 «б»/өтеді.

ІІ. Байқаудың мақсаты:

2.1. Балалар мен жасөспірімдерге рухани – адамгершілік, азаматтық – патриоттық және  көркем эстетикалық тәрбие беру;

- Отандық мәдениеттің үздік үлгісін көтерудегі жас орындаушылардың көркем тәрбиедегі маңыздылығын арттыру;

- Өскелең ұрпақтың қазақ өнеріне  деген сүйіспеншіліктерін арттырумен қатар жаңа, өзгеше идеяларды іздестіру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру.

ІІІ. Қатысушылар:

3.1.     Байқау қатысушылары  жас ерекшелігіне қарай  мынандай  топтарға бөлінеді:

-   Бүлдіршін топ       5-7 жас аралығы;

-    Кіші топ               8-10 жас аралығы;

  • Орта топ              11-13 жас аралығы;
  • Жасөспірім топ   14-16 жас аралығы;
  • Жоғарғы  топ      17-19 жас аралығы;

ІV. Байқаудың  номинациялары мен шарттары:

4.1. Байқаудың жанрлары:

- аспапта ойнау, аспапта ойнаушылар ансамблі;

- дәстүрлі ән;

- вокал (академиялық, эстрадалық,   халықтық);

- вокалды топтар, хор;

- би;

- көркем сөз;

- бейнелеу өнері;

- қолөнер;

4.2. «Аспапта ойнау» жанры бойынша екі шығарма орындалады. Дуэт, трио, квартет, ансамблдер қатыса алады. Байқау сахнадан бөлек аудиторияда өтуі мүмкін;

4.3. «Дәстүрлі ән» жанры бойынша аспаптың сүйемелдеуімен еркін тақырыпта екі ән орындалады;

4.4. «Вокал» жанры бойынша (академиялық, эстрадалық,   халықтық, вокалды топтар, хор) қатысушылар еркін тақырыпта екі ән орындайды. Ән тірі дауыста (минуспен) айтылуы тиіс;

4.5. «Би» жанры бойынша әр топ еркін тақырыпта екі би орындайды;

4.6. «Көркем сөз» жанры бойынша еркін тақырыпта екі шығарма орындайды. Әр шығарма 3 минуттан аспауы тиіс. Егер үш минуттан асып кететін болса, орындаушыны тоқтатып, ұпай саны кемітілетін болады. Қатысушыларға қосымша әуен мен бейнекөріністерді пайдаланудың қажеті жоқ. Байқау сахнадан бөлек аудиторияда өтуі мүмкін;

4.7. «Бейнелеу өнері» жанры бойынша еркін тақырыпта екі сурет салады. Қатысушы өз шығармасын қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру арқылы қорғайтын болады.;

4.8. «Қолөнер» жанры бойынша екі қолдан жасалған бұйым ұсынады. Қатысушы өз шығармасын қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру арқылы қорғайтын болады.

V. Қатысушыға қойылатын талаптар:

5.1.  Қатысушының орындау шеберлігі, түпнұсқаның сақталуы, актерлік шеберлігі, киіну және сахнада өзін ұстау мәдениеті ескеріледі;                                  

5.2. Таспалар алдын-ала дыбыс режиссеріне тапсырылуы керек;                       

 5.3. Қатысушының таспасы мен оның дұрыс қойылуына жетекшісі жауапты;                           

 5.4.  Байқауға қатысушы өзі туралы мәлімет  пен / нұсқасы төменде көрсетілген/  байқауға дайындаған 2 шығармасының атауын және авторларын алдын-ала: baldauren-888@mail.ru электрондық поштасына  жібереді.                             

VІ. Байқаудың өту барысы:

6.1. Байқау  Тараз қаласында /ТИГУ акт залы, Желтоқсан көшесі, 69 «б»/ өтеді;   

10 желтоқсан09.00 - 10.00дейін қатысушылардың тіркелуі;           

10.00-де байқаудың салтанатты ашылу рәсімі, өнерпаздардың  өнер көрсетуі және әділ қазылардың бағалауы;

11 желтоқсан 09:00-де байқаудың екінші күнгі өнерпаздардың өнер көрсетуі және әділқазылардың бағалауы;

11 желтоқсан – сағат 17.00-де – Гала-концерт. Марапаттау рәсімі (Гала-концерт пен марапаттау рәсімінің уақыты байқау кестесіне сай өзгертілуі мүмкін).

6.1. Қатысушы  байқау кезінде көрсеткен өнеріне байланысты бағаланады;

  1. Қазылар алқасының шешімі мен орындардың тағайындалуына ұйымдастыру комитеті жауапты емес;
  2. Қатысушылардың өнер көрсету уақыты мен тізімдік реті алдын-ала ілінеді;
  3. Қазылар алқасы таңдаған үздік шығармалар гала-концертте орындалады.

        Қандай да бір өзгерістер болған жағдайда алдын-ала ескертіледі.

VIІ. Байқаудың бағалануы және қазылар алқасының құрамы:

7.1. Байқау— 7-10 ға дейінгі аралықтағы баллдық жүйемен бағаланады;

7.2. Қазылар алқасы кәсіби мамандардан құралады;

7.3. Қазылар алқасының жүлделерді бөлуге немесе бермеуге құқығы бар;

7.4. Қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып табылады.

- Бас жүлде – барлық жанр бойынша – диплом және сыйлық;

- І орын – сыйлық және лауреаттық диплом;

- ІІ орын – сыйлық және лауреаттық диплом;

- ІІІ орын – сыйлық және лауреаттық диплом.

VIII. Байқаудың техникалық талаптары:

8.1. Қатысушылар сүйемелдеуші аспаптарын өздері әкеледі;

8.2. «Минусовкалар» бірнеше қалыпта /СД, Мини, Flash/ әкелінуі керек;

8.3. Шығарма салынған қалыпта  тек байқау шығармасы ғана жазылуы шарт;

8.4. Шығарма салынған қалыптың сыртында және ішінде  қатысушының аты-жөні, шығарманың аты жазылуы керек;

8.5. Әр қатысушы тізімдік рет бойынша дайын тұруы тиіс. Сүйемелдеуші аспабы мен құралдарының дайындығына жетекшісі  жауапты.

IX. Тапсырыс беру шарттары:

- берілген үлгідегі өтініш;

- байқауда  орындалатын репертуарларының тізімі;

Өтініштер 2016 жылдың  8 желтоқсанына  дейін қабылданады.

- Медициналық мекемеден арнайы құжат (Эпидокружение).

X. Қаржы шарттары:

10.1  Қатысушылардың барлық шығындарын қатысушы жақ төлейді

1. Жеке орындаушылар – 10 000 теңге. 
2. Дуэт, трио – 15 000 теңге.
3. Ансамбль -  4 адамнан  10  адамға дейін – 20 000 теңге, 10 – адамнан жоғары – 2 000 теңге адам басына.

4. Бейнелеу, қол өнері         10 000 теңге.

10.2  Топтық қатысушылар тек  ұстаздың жетекшілігімен ғана келеді.

XI. Тіркеу:

- Байқауға  қатысатын талапкерлердің өтініштері 

baldauren-888@mail.ru электрондық адресінде қабылданады.  Шараға  қатысуға алдын-ала тапсырыс беру үшін  төмендегі телефондарға  хабарласу керек.

  •    8 771 420 42 88    +7 775 543 16 55.

 

    Өтініш беру үлгісі

 

Тараз қаласы

«Балдәурен» орталығы

Республикалық «Шарықта, шырқа, жас қыран!» атты байқауына

Өтініш

    Қатысушының  аты-жөні (топтың атауы)____________________

    _______________________________________________________

    Жасы:( туған жылы, күні, айы) _____________________________

    Қайдан ( обл, қала, аудан) __________________________________

    Мектеп, сыныбы: __________________________________________

    Жанры :_____________________________________________

    Репертуары: ______________________________________________

    Шығарманың авторлары (сөзі, әні) ___________________________

    Жетекшісі:________________________________________________

    Жетекшінің тел.номерлері:__________________________________

    Оқушының  немесе ата-анасының телефон нөмірлері:     

     _________________________________________________________

    Электронды пошта: ________________________________________

 

Біздің реквизиттер:                                              ИП «Казыбаев Мухтар»

«Kaspi Bank» АҚ                                         KZ 85722S000001008179 банк шоты

Казыбаев Мухтар Шаменович                               ИИН/БИН 680816301331

Қазақ
× You found a Typo