Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

14 желтоқсан - Өскеменде қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы ашылады

14 желтоқсан күні сағ.14.00‑де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену Орталығын ашу салтанаты өткізіледі.

Жобаның бас демеушісі – іскер бизнесмен, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты С. В. Коротин. Мерекелік жиынға жергілікті билік пен жоғары оқу орындарының өкілдері, филолог-мұғалімдер, студенттер мен оқырмандар қатысады.   

Дәл осы күні жаңа әліпбимен таныстыратын алғашқы бейнежазба сабағы өткізіледі. Бейнежазба сабақты Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы жүргізеді. Бейнежазба сабақтан кейін қатысушылар онлайн байланыс арқылы оқытушыға қашықтан сұрақтар қойып, сұхбаттаса алады.      

Жаңа әліпбиді оқып-үйрену Орталығы көпшілікке ыңғайлы мекеме – А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада орналасқанын атап өткен жөн. Мұнда кітаптарды, Интернетті ақысыз пайдалануға барлық жағдайлар жасалған, сондай-ақ, түрлі сала мамандары үшін онлайн кеңестер мен сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен, ашылған Орталық пайдаланушылары жаңа әліпбиді оқып-үйрену көшін бастап, табысты жетістіктерге жетеді деп сенеміз.

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo