Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

14 желтоқсан - «Spelling Bee» орфографиялық сайысы

«Spelling Bee» орфографиялық сайысы

14 желтоқсанда сағат 15.00-де  А.С. Пушкин кітапхананың мәжіліс залында Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық  дипломатиялық қарым-қатынастар мен үштілділік  концепция аясында   2-ші «Spelling Bee» орфографиялық конкурсы өткізіледі.  

Бұл конкурс Конкурс АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен екінші жыл  өткізіліп отыр. Конкурстың мақсаты ағылшын тілін оқытуды күшейту және қазақстандық жастар арасында американдық мәдениетті танымал ету болып табылады.

Конкурсқа уақытында онлайн-тіркелген  жоғары оқу орындарында және колледждерде оқитын еліміздің азаматтары қатыса алады. Байқаудың шарты американдық ағылшын тілінің орфографиясы болып табылады.

Жүргізуші сөзді айтады, қатысушы сөзді әріптермен ауызша айтуы керек. Қатысушы сөзді қайталауды, оны сөйлемде пайдалануды және сөздің шығу тегі туралы нақтылауды талап етуге құқылы. Бір сөзді талдауға екі минут беріледі. Қазылар алқасы сөздің дұрыстығын растайды.

Байқау бірнеше турдан тұрады.  Әр турда сөздерді дұрыс талдамаған  қатысушы  жарыстан шығарылады. Соңғы қалған үш қатысушы жеңімпаз болып табылады.

Жеңімпаздар 2018 жылдың 17 ақпанында Астана қаласында өтетін конкурсқа шақырылады. Астанадағы сапардың барлық шығындарын Қазақстандағы АҚШ Елшілігі төлейді.

Біз  барлық сайысқа қатысушылардың ата-аналарын, оқытушыларын достары мен группаластарын жанкүйер болуға шақырамыз. Келіңіздер, қолдау көрсетейік! Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

 

Қазақ
× You found a Typo