Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

15 қыркүйек - «АЛАШТЫҢ ЕРЖҮРЕК ҰЛАНЫ!» көрмесі

15 қыркүйек                                                                    Өскемен қаласы,

15.00 сағат                                                                     Қ.Қайсенов көшесі, 67,

                                                                                        № 3 көрме залы

 

«АЛАШТЫҢ ЕРЖҮРЕК ҰЛАНЫ!»

Мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл және абайтанушы жазушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына арналған жаңа көрме ашылады. Бүгін біз олардың арасындағы рухани байланыс арқауы үзілмеген біртуар екі ғалым-әдебиеттанушымызды еске алып, құрметтейміз.

Әлихан Бөкейханов Абайдың өмірбаянын тұңғыш рет жазып, Абайға қазақ поэзиясындағы «жаңа ағымның өкілі» деген жоғары баға берген. Мұхтар Әуезовтің шәкірті Қайым Мұхамедханов болса, Әлихан Бөкейханов салған ізбен Абай шығармашылығын зерттеп, әлем әдебиеті үшін Абайдың әдебиет мектебі ұғымын ашып, ақын шәкірттерінің есімдерін бүгінгі күнге жеткізуге үлкен үлес қосқан еді. Сондай-ақ, Абай шығармаларына текстологиялық талдау жасап, мәтінінің бұрмаланбай жетуіне мән берген болатын.       

Көрменің «Алаштың ержүрек ұланы!» деген атауы Қайым Мұхамедхановтың өлеңінен алынды. Алаш арыстарының көшбасшысы Әлихан Бөкейханов болса, ал соңғы тұяғы Қайым Мұхамедханов еді.

Қайым Мұхамедханов өз әкесінің кітапханасы туралы айта келе, «Әлихан Бөкейханов еңбегі арқасында өз халқымның шынайы тарихымен және мәдениетімен алғаш таныстым...» деп жазады.

Көрмеге  музей-қорық қорының жинамасындағы қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың тарихи-этнографиялық еңбектері және абайтанушы жазушы Қайым Мұхамедхановтың шығармалары, фотосуреттері, құжаттары мен мемориалдық заттары қойылды.

Шығысқазақстандық суретші Б.К.Исиннің көрме үшін арнайы орындаған кескіндемелік туындылары: Қ.Мұхамедхановтың портреті мен жазушының рухани ұстазы Абайға арнаған «Орындалған өсиет» өлеңінің желісі бойынша салынған иллюстрация тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Топтық экскурсияларға алдын-ала өтінімдер 26-82-97 (жұмыс күндері) және 26-85-29 телефондары бойынша қабылданады.

 

ШҚО мәдениет, архивтер және

құжаттама басқармасы,

Шығыс Қазақстан облыстық

сәулет-этнографиялық және

табиғи-ландшафттық музей-қорығы

 

Қазақ
× You found a Typo