Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

18 қараша - «Біздің №1»/«Наш №1»/«Our №1» XVI облыстық жастар форумының

«Біздің №1»/«Наш №1»/«Our №1» XVI облыстық жастар форумының

Өтетін уақыты: 18 қараша, сағ: 09:00-22:00.

Өтетін орны:

  • Семинарлар: сағат: 09.00-16.00: Өскемен қаласы, ШҚО «Талдау және болжау» институты, ШҚО ақпараттық орталығы, «Экодом» жастар кешені;
  • «Жастар балы»: сағат: 18.00-Өскемен қаласы, «Остров» резиденциясы.

Ұйымдастырушылар: ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ.

Қатысушылар: Шығыс Қазақстан облысының белсенді жастары.
Жалпы саны 300 адам.

18 қараша күні ШҚО ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай «Біздің №1»/«Наш №1» «Our №1» атты
XVI облыстық жастар форумын өткізу жоспарлануда.

Форум 2 блоктан тұрады:

1. Бірінші блок 2016 жылғы 18 қараша күні сағат 09.00-16.00- аралығындағы қала/аудандардағы жастар орталықтары директорларына, «Серпін -2050» бағдарламасы арқылы білім беретін оқу орындарының сардарларына, жоғарғы және орта арнаулы білім беретін мекемелердің жастармен жұмыс коммитетінің жетекшілеріне және мемлекеттік емес жастар ұйымдары төрағаларына арналған
4 тақырыпта өтетін оқыту семинар-тренингтерінен тұрады:

  • «Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен азаматтық белсенділіктерін арттыру»;
  • «Пікір. Көзқарас. Менің таңдауым (риторика, манипуляция)»;
  • «Ұйым жұмысы үшін ортаны талдау және ресурстарды іздеу»;
  • «Кәсіпорындардағы жастар кеңестерін құру және заңдылық аспектілері».

2. «Жастар балы»

Екінші блок. XVI облыстық жастар форумының ресми бөлімі сағат 18:00-де «Бал» форматында өткізіледі. Шараға облыс аумағындағы түрлі салада қызмет атқаратын 150-ден астам жұп (жұмысшы жастар, ауыл жастары, студенттер, жастар ұйымының өкілдері, журналисттер, мемлекеттік қызметкерлер т.б) қатысады.

Сонымен қатар, мерекелік кеш барысында облыс әкімі белсенді жастарды
7 номинация бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы «Жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығымен марапаттайтын болады.

  1. Жылдың жас көшбасшысы;
  2. Жылдың студент көшбасшысы;
  3. Жас кәсіпқой:
  4. Жылдың жастар ұйымы;
  5. Жылдың жас журналисті;
  6. Жылдың жастар акциясы;
  7. Жас отбасы.

Қосымша ақпарат үшін: 8/7232/ 710 233, 8 707 669 53 29.

ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ

 

Қазақ
× You found a Typo