- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Наурыздың 13-інен 24-іне дейін Өскеменде Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. Әр күннің өз атауы және тақырыптық бағыты бар.
19 наурыз –Үйлесім күні
Бұл күні ЖОО-ларда, мектептерде және ТжКББ мекемелерінде мейрамның философиясын ашатын үздік шығармаларға арналған байқаулар өтеді.
Қала кітапханаларында әдеби кештер ұйымдастырылады, Меновное, Аблакетка, Ново-Явленка, Шығыс кенттерінде, КШТ шағын ауданында сауық-сайран, «Үлбі» орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Көктем! Весна! Spring!» танымдық-көңіл көтеру іс-шарасы өтеді.
Өскемен қаласының әкімдігі