- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Денсаулық сақтау басқармасының ісшаралар жоспарына сай 22 маусымнан 22 шілдеге дейін донорлыққа арналған айлық өтеді.
Облыстық қан орталығы ИФА және ПЦР диагностика үшін автоматты анализатормен жабдықталған облыстағы алғашқы орталық. Осының арқасында қанды инфекцияға тексеру ұлттық және халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылады.
Жыл сайын облыс тұрғындары тегін қан тапсыру акциясына қатысады. Жыл сайын дәрігерлер қан құйып, 5000-дай адамның жанын сақтап қалады.
Облыстық қан орталығында қан компоненттерін алуға және автоматты режімде криоконсервілеуге барлық жағдай жасалған, вирусты инактивтеу жүйесі бар, бұның бәрі қанның инфекциялық қауіпсіздігін, сонымен қатар, оқыс жағдайға стратегиялық қор болуына кепілдік береді.
Осының арқасында облыстағы медициналық ұйымдар пациентер өмірін сақтап қалатын жоғары сапалы донорлық қанмен қамтамасыз етілген.
Біз Сіздерді тегін қан тапсыруға шақырамыз: Өскеменде, Көкжал барақ к,11А, Семейде, Сеченов к,4А.