- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
I республикалық Жастар және Студенттер театры фестивалі
23-25 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, кино және театр актері, ақын, режиссер Рүстем Есдәулетов атындағы I республикалық Жастар және Студенттер театры фестивалі өтеді.
Фестивальға Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Семей қалаларының театр ұжымдары қатысады. Фестивальдің ашылуы 23 қыркүйек күні 18.30-да.
Фестивальді ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облыс әкімдігі, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры.
Байланыс телефондары: 71-00-77, 71-00-73, 8701-706-00-94.
Шығыс Қазақстан облыс әкімдігі