Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

23 қаңтарда «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінің тікелей көрсетілімі өтеді

23 қаңтарда «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінің тікелей көрсетілімі өтеді.  Жастар жылының ашылуы Астанадағы «Нұр әлем» павильонында («ЭКСПО-2017» көрме кешенінде) өтеді. 

Іс-шараға Елбасы, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашыл, студент және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа-сала өкілдері, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар жастар, жас әскерилер және тағы басқалар қатысады деп жоспарланған.

Іс-шара аясында жас қазақстандықтар іске асырған табысты жобалар және жаңа өнімдер таныстырылатын болады. Спикерлер ретінде түрлі салада табысқа жеткен жастар, танымал кәсіпкерлер, стартапшылар, еріктілер, ауыл шаруашылығы, ғылым мен әдебиет мамандары сөй сөйлейді деп күтілуде.

Тікелей көрсетілімнің өтетін орны және уақыты: №5 оқу ғимараты, Қазақстан к., 55, акт залы, 10.00.

Ректорат

Қазақ
× You found a Typo