Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

24 қараша - «Педагог-психолог миссиясы» (олимпиада)

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің (ШҚМУ)  Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы Педагикалық білім және менеджмент кафедрасымен біріге отырып қала мен облыстық білім беру мекемелерің мектеп түлектері арасында облыстық «Педагог-психолог миссиясы» интеллектуалды-шығармашылық олимпиадасын өткізеді.

I. Ортақ ережелер

 1.Облыстық интеллектуалды-шығармашылық олимпиадасының қатысушылары

Олимпиадаға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 5В010300 «Педагогика және психология», 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», 5В010500 «Дефектология», 5В050300 «Психология», 5В010200 «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі», 5В010100 «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығына оқуға тапсыратын қала мен облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысады. Қатысу ерікті.

2. Олимпиада тілі: қазақша, орысша.

3. Олимпиаданы өткізу мерзімі:  24 қараша 2016 г.

II. Облыстық интеллектуалды-шығармашылық олимпиадасын ұйымдастыру  және өткізу тәртібі

1 сайыс –«Күш -білімде» пән бойынша тестілеу: биология, математика, казақ тілі (қазақ тілінде оқитын мектеп оқушылары үшін) немесе биология, математика, орыс тілі (орыс тілінде оқитын мектеп оқушылары үшін) – барлығы 30 сұрақ. Тест сұрақтарының 75% (45 ұпай) пайызына дұрыс жауап берген және профильді пән математика бойынша 7-ден жоғары ұпай болу қажет.

1 турға арналған максималды балл - 60 балл.

2 сайыс «Педагогика және психология дүниесі» ғылыми-зерттеушілік жобасы

 «Ең жақсы инновациялық жоба» номинациясы

Конкурсқа қатысушылар психология аймағында заманауи ғылыми әдістер мен қарым-қатынас мәселесін шешуге деген ықпалды қолдана отырып өз жобасын көрсетуге дайын болуы қажет. Теоретикалық және қолданбалы ғылым аймағындағы, сонымен қатар нақты әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар да қолдау табады. 

Конкурс қатысушыларына тақырыбы бойынша 5-10 ұсыныс құрастыру ұсынылады. 

Бағалау өлшемдері

Жобаны бағалау кезінде оргкомитет келесі жобаны бағалау критерилеріне  жетекшілік етеді:

1. Өзектілік

Қоғамға ортақ мәнділігімен, сонымен қатар ғылыми мәнділігі  көз-қарасынан жоба өзектілігі бағаланады.

Жоба әлеуметтік-психологиялық ғылым саласындағы маңызды мәселені шешуге мақсатталғанба.

Жобада психологиялық және әлеуметтік аспектілердің үйлесімі бар ма.

2. Шығармашылық ықпал.

Келесі аспектілердегі шығармашылық ықпалды көрсету қажет:

Мәселені қабылдау

Мәселені шешу

ақпаратты анализдеу (егер зерттеу жүргізілсе)

зерттеуді ұйымдастыру және экспериментті қою (егер ол жоспарланса)

3. Пәнді білу және жобаны қорғау

Осы саладағы зерттеулер нәтижесі және әдебиеттер мәліметтерімен оқушы таныспа.

Жұмыс қандай ғылыми бастауға негізделеді.

Жоба бойынша ақпаратты көрсетудегі өз беттілік.

Сұрақтарға жауап беру кезіндегі әр түрлі көз-қарастарды амалдау.

2 турға арналған максималды балл - 15 балл.

III. Қатысушыларды марапаттау

Екі турдың нәтижесі бойынша – тапсырмаларды орындау үшін алынған максималды маңызды балл – 75 балл.

1. Қазылар алқасының хаттамасына сәйкес максималды балл жинаған сөзсіз жеңімпаз 1 деңгейлі дипломмен марапатталады. Олимпиада нәтижесі ШҚМУ 1 курстың ақылы бөліміне оқуға түсу кезінде түрде ескеріледі, ол ШҚМУ қабылдау Ережелерінде қарастырылған. Олимпиада жеңімпазы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурска қатысады, ол жерде ШҚМУ кодын және олимпиада бойынша бейінді мамандықты 1 ші болып көрсетеді. Шығыны толық өтелген оқуға қабылданушы, олимпиада жеңімпазы қазақ немесе орысша оқу бөлімінде 5В010300 «Педагогика және психология», 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», 5В010500 «Дефектология», 5В050300 «Психология», 5В010200 «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі», 5В010100 «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығына толық 1 оқу жыл көлемінде   университет грантіне ие болады

2. Жүлделі орындарға, сонымен қатар номинацияларға ие болған қатысушылар диплом/жетістік сертификаттарымен марапатталады.

IV. Олимпиада реттемесі

24 қараша 2016 ж 10.00 С.Аманжолова атындағы ШҚМУ,  № 1 оқу корпусы, «Зияткер» ҒБО, Қазақстан көшесі, 55

10.30-11.00 – олимпиада қатысушыларын тіркеу.

11.00-11.25 – олимпиаданың салтанатты түрде ашылуы.

11.25-11.50 – психология, педагогика және мәдениет факультетінің мамандықтары мен университетті таныстыру.

12.00-12.30 – 1 тур (тестілеу).

12.40-14.00 – 2 тур.

14.00-14.30 – қорытынды жасау, жеңімпаздарды марапаттау және олимпиада жабылуы.

2016 жылдың 21 қараша қатысуға  тапсырыс берулеріңізді сұраймыз.

Мекен-жайымыз: Өскемен қ., № 1 оқу корпусы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, 244 кабинет, (8 7232) 540-417, эл.мекен-жай: Каf_TMNO@vkgu.kz, 250 кабинет, (8 7232) 540-471,  эл.мекен-жай: kaf_psihologii@vkgu.kz сайтында орналастырылады.

Қазақ
× You found a Typo