Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

24 қарашада «Болашақ журналист» атты олимпиада өтеді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – дың Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, Журналистика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен қала, аудан, облыс мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында 5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша «Болашақ журналист» атты пән олимпиадасы өткізіледі.

«С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – дағы оқушылар олимпиадасы туралы ережесіне» сай қатысушылар:  

- 2016 ж. 22 қарашасына дейін көрсетілген электронды адреске assel_82@inbox.ru төмендегі үлгіге сай, олимпиадаға қатысу өтінімін жібереді.

- олимпиада 2016 жылдың 24 қарашасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – дың №1 ғимаратында өткізіледі.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрады:

1. «Таныстыру...» Үй тапсырмасы: «Мен болашақ журналистпін» тақырыбында презентация қорғау (5 минут).

2. «Жас публицист» – берілген тақырып бойынша  эссе жазады;

3. «Дода» (оқушылардың шаршы топ алдында шешен сөйлеу қабілеті, ой ұшқырлығы мен тереңдігі, эрудициясы, көпшілік алдында өзін ұстауы сынға түседі) 3 мин.

Бағалау шарттары:

1. «Таныстыру...» кезеңі  – 20 балл.

2. «Жас публицист» кезеңі  – 50 балл.

3. «Дода» кезеңі – 20 балл.

Қатысушы жинайтын максималды балл – 100 балл.

Олимпиаданың өтетін күні: 24 қараша.

Өткізу орны: Өскемен қ-сы, 30 Гвардиялық дивизияшылар к-сі, 34 С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №1 оқу ғимараты, 335 кабинет. Байланыс телефондары: 8 77869078 07, 8 7777930427.  

8.30 - 9.00 – олимпиада қатысушыларын тіркеу;

9.00 – 9.30 – олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі;

9.30 – 13.00 – олимпиаданың екінші туры;

13.00 - 14.00 – қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау және олимпиаданың салтанатты жабылуы.

Өтінімді толтыру үлгісі:

Р/с

Оқушының аты-жөні

Мектебі

Мекенжайы, байланыс телефоны, эл.адресі

 

 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo