Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

25 қазан - онлайн-конференция «Академик Зәки Ахметов және Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану»

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетімен (Алматы қ.) бірлесе отырып, 25 қазан күні сағ.11.00-де №1 оқу ғимаратының 218 дәрісханасында «Академик Зәки Ахметов және Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану» атты онлайн ғылыми конференциясын өткізеді.
Аталмыш іс-шара аясында «Зәки Ахметовтың ғылыми мұрасы» атты көрме ұйымдастырылмақ. Конференция модераторы – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, филол.ғ.д., профессор Б.А.Ердембеков.
Ғылыми оқырман және филологияның заманауи мәселелерін шешуге бағдарланған ШҚМУ студенттері тарапынан сұраныс пен қажеттіліктің өсуіне байланысты академиктің «Өлең сөздің теориясы» атты еңбегі және З.Ахметовтың нақыл сөздері мен ой-толғамдарын қамтыған «Білімдіден шыққан сөз...» атты кітап «Берел» баспасынан қайта шығарылды.

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Қазақ
× You found a Typo