- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
28 қыркүйек күні Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО премиясының лауреаты, КСРО ағарту үздігі, Н.К. Крупский атындағы медальдің иегері, «Құрмет» орденінің иегері, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, академик, профессор Қанипа Бітібаеваға арналып «Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылым» ауданаралық педагогикалық оқулары өтеді.
Аталмыш оқуларға қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарының облыстық білім беру басқармаларының мамандары, Астана қаласының Қанипа Бітібаева атындағы №64 гимназия зертханасының жетекшісі, Шығыс Қазақстан облысының гуманитарлық білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысады.
Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен, ал барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады. Ең үздік баяндамалар жинаққа енгізіледі.
Өткізу орны мен уақыты: Өскемен қ, Амурская көшесі, 12/1, 28 қыркүйек, сағат 10.00.
Баспасөз қызметі