- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
29-30 қазан күндері сағат 9-дан бастап Өскемен қаласында Жамбыл облысының ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Аграрилер облыс орталығына өздерінің үздік өнімдерін алып келеді: жылқы, сиыр, құс еттері, бал, көкеністер, шұжық және кондитерлік өнімдер. Жалпы жәрмеңкеде 150 тонна ауылшаруашылығы өнімдері базар құнынан төмен бағамен саудаланады.
Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі «Fresh Market» дүкенінің аумағында өтеді.
Баспасөз қызметі