Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

29 қараша - ШҚМУ доценті Л.И.Абдуллинаның жаңа кітабының презентациясы өткізіледі

ҚР Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында – 2017 ж. 29 қарашада сағ. 15.00-де А.С.Пушкин атындағы кітапханада С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті Л.И.Абдуллинаның жаңа кітабының презентациясы өткізіледі.

Елбасының шешендік өнерінің құпиясы жайлы сындарлы әңгімені кітап және 160-тан аса ғылыми еңбектің авторы, филология ғылымдарының кандидаты Л.И.Абдуллина жүргізеді. Л.И.Абдуллинаның ғылыми зерттеулерінің нәтижесі Ресей, Украина, Белорусия, АҚШ, Германия, Польша, Италия басылымдарында жарық көрді. Люция Ильдаровна – «G-Global» коммуникативтік алаң конкурсының жеңімпазы (Астана, «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» ассоциациясы»), филология ғылымдарының қолданбалы мәселелер және полилингвальды мамандар әзірлеу бойынша ғылыми жобалар жетекшісі және орындаушысы.

Қазіргі күні шешендік шеберлік кәсіби қызметтің барлық саласына қажет. Көпшілік алдында шебер сөйлеудің жоғары деңгейі – карьерлік өсу сатысының кепілі. Бұл ретте, автордың ойынша, біздің Президентіміздің сөз сөйлеу шешендігі ерекше. Саяси көшбасшының сөз өрнегін талдау саяси коммуникация саласы және кәсіби сұхбаттасу жағдайларында табысты формула құру механизмдерін айқындауға көмек береді. Н.Ә.Назарбаев сөзінің тереңдігі мен кеңдігі, жеделдігі мен сыншылдығы жете қарағанда сирек құбылыс емес, керісінше, шешендік әдіс-тәсілдерінің ашықтығы әркімнің оны меңгеруіне және Президентше сөз сөйлеуіне мүмкіндік береді.

Кітап материалдары сұхбаттасу кезінде, әсіресе кәсіби салада, қолданылатын ұғымдар мен коммуникациялық теория түсініктері, сөз мәдениеті, іскерлік риторика негіздері бойынша әзірленген. Жаңа кітап бұрыннан бар әртүрлі арнайы әдебиеттерден өзгеше, ол Н.Ә.Назарбаев сөздерінің мәтіндеріндегі нақтылы коммуникативтік формулалар мен шешендік шеберлік әдістеріне негізделген.

Біздің жерлесіміздің тамаша кітабының презентациясына хош келдіңіздер!

 «А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ

Қазақ
× You found a Typo