Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

29 тамыз - «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі – бұл педагогтар үшін жаңа оқу жылының басталуына және жаңа педагогикалық идеяларға  есеп беретін дәстүрлі оқиға.

Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сонымен бірге  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде басқару мен инновациялар проблемаларын талқылау, білім беру саласын жаңғырту үшін әдістемелік ұсынымдамалар әзірлеу үшін сұхбат алаңына айналады.

Тамыз кеңесінің негізгі міндеттері: білім мекемелерінің 2016/17 оқу жылындағы жұмысына баға беру, білім беру қызметтерін ҚР мемлкеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарға сәйкестендіру, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, жетім балалардың отбасылық құрылымдарының баламалы формаларын дамыту (қорғаншылық пен қамқоршылық, патронат) және білімде ерекше қажеттілікті талап ететін балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау.

Пленарлық отырыс бағдарламасы төрт блоктан тұрады:

1 блок: - Ғылыми жобалардың көрмесі. «ІТ-білім беру саласының жетістіктері» және «ШҚО білім басқармасының 2016-2017 оқу жылында болған ең маңызды оқиғалары мен жетістіктері» бейнероликтерін көрсету.

2 блок: - Шығыс Қазақстан облысы білім беру жүйесі туралы спикерлердің сөз сөйлеуі.

3 блок: - Қорытындыны шығару. Секциялық кеңестердің және пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша ұсынымдарды қабылдау.

4 блок: - Марапаттау рәсімі. ҚР БҒМ наградаларымен, ШҚО әкімінің алғыс хаттарымен, «Білім берудің үздік мекемесі» гранты бойынша сертификатты марапаттау. Үштілділікті дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының І кезеңін жүзеге асыру қорытындысы, үздік нәтижеге қол жеткізген пән мұғалімдерін ынталандыру, сыйақы сертификаттарын табыстау.

Ұйымдастырушы: ШҚО білім басқарамасы.

Өткізу күні мен уақыты: 2017 жылғы 29 тамыз, сағат 16.30-да.

Пленарлық отырысты өткізу орны: Өскемен қ., Сәтпаев даңғылы, 55, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры.

Шығыс Қазақстан
Облысының білім басқармасы

 

Қазақ
× You found a Typo