Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

30 қараша - «Болашақ филолог» (олимпиада)

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мен жоғары оқу орындарына дейінгі дайындық маркетинг Орталығы ШҚО білім алушылары арасында «Болашақ филолог» атты олимпиада өткізеді.

Мақсаты: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын насихаттау, кәсіби бағдар беру.

Олимпиадаға қатысушылар:

Облыстағы қазақ мектептерінің 10-11 сынып оқушыларын шақырамыз.

Олимпиаданың өтетін уақыты: 30 қараша 2016 жыл. Сағат 9-да.

Олимпиадаға қатысу үшін тапсырыс 25 қарашаға дейін қабылданады.

Олимпиада шарттары:

Олимпиада үш кезеңнен тұрады:

1. Берілген тақырыптардың біріне эссе жазу.

2. Қазақ тілінің салалары бойынша тілдік талдау жасау.

3. Қазақ әдебиеті пәні бойынша теориялық сұрақтарға жауап беру.

Анықтама үшін: Олимпиадаға қатысып, жүлделі орын алған оқушылар және оларды даярлаған жетекшілер мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталады.

Олимпиаданың жеңімпазы, ҰБТ-дан 70 балдан жоғары алған жағдайда, бір оқу жылы көлемінде төленетін университет грантына ие болады. Оқушылар олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің дипломдары талапкердің жеке жетістігі ретінде есептеледі.

Мектеп мұғалімдеріне «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі және функционалдық сауаттылық» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізіліп, сертификаттар табысталады.

2016 жылдың 25 қарашасына дейін олимпиадаға қатысуға тілек білдірушілер мына е-mail: kaf_jazyka_vkgu@mail.ru бойынша тапсырыс беріп, тіркелулеріңіз сұралады.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Крылов көшесі 72, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №9 оқу ғимараты, 309 дәрісхана, байланыс телефоны: (7232) 25-23-07, ұялы тел: 87055270762; 87776129857.

Тапсырыс беру үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

Мектеп, сынып

Қатысушының мекенжайы, телефоны

Мұғалімнің аты-жөні

         

Қатысыңыздар! Жеңіске жетіңіздер!  Білім грантының иегері болыңыздар!

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы       

Қазақ
× You found a Typo