Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

30 қараша - «Тірі ғаламшар» (олимпиада)

Ақпараттық хат

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 

2016 ж. 30 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының 11 сынып оқушылары арасында биология пәні бойынша облыстық «Тірі ғаламшар» атты олимпиада өткізеді.

Оқушыларға арналған «Тірі ғаламшар» атты биология пәнінен облыстық олимпиаданы өткізудің талаптары мен реті:

Қатысушыларды тіркеу: 9.30-10.00.

Олимпиада өтетін орын: Революционная, 2а көшесі («Ивушка» гастрономының артында), С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №4 оқу ғимараты, 16 ауд.

Олимпиада тілі: қазақша, орысша  

Олимпиаданың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін тереңірек және нақты биологиялық білімдерін игеруге, зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын дамыту болып табылады.   

Тапсырмаларды бағалау критерилері

I тур тесттік тапсырмалар. Әр пән бойынша 25 тестік тапсырмалар. Ең жоғарғы балл – 100.

  1. Ботаника-25 сұрақ
  2. Зоология-25 сұрақ
  3. Анатомия және адам физиологиясы-25 сұрақ
  4. Жалпы биология-25 сұрақ

І тур нәтижесі бойынша 70 балдан жоғары жинаған қатысушылар келесі турға жіберіледі.

II тур (іс-тәжірибелік тур) – 4 іс-тәжірибелік тапсырмалар. Ең жоғарғы балл – 40.

II турда (4 іс-тәжірибелік тапсырмалар) қатысушыларға іс-тәжірибелік тапсырмалар және дайындыққа шектеулі уақыт беріледі.

Қатысушылар 2 тур бойынша тапсырмаларды орындағаны үшін жинайтын ең жоғары нәтиже 140 балға тең.

Олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлері Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша анықталады. 1 дәрежелі дипломмен марапатталған қатысушы Олимпиада жеңімпазы болып саналады. 2 және 3 дәрежелі дипломмен марапатталған қатысушылар Олимпиада жүлдегерлері болып саналады. Олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлері университет дипломдарымен марапатталады.

ШҚМУ қарастырылған қабылдау Ережесінің тәртібіне сай, әділқазылар алқасының хаттамасына сәйкес Олимпиада қорытындысы ШҚМУ 1 курсына ақылы оқуға түсер кезде есептелінеді. Олимпиада жеңімпазы мемлекеттік білім тапсырысының сайысына қатысып, бірінші мамандық ретінде олимпиаданың профилді мамандығын және ШҚМУ кодын белгілейді. Шығынын толық өтеу бойынша оқуға қабылданған олимпиада жеңімпазы 1 оқу жылына университет грантының иегері атанады, ал жүлдегерлерге оқу ақысының 50% төлеуге жеңілдік беріледі.

 Олимпиадаға қатысу туралы өтінімді электронды түрде 2016 ж. қарашаның 25-не  дейін жіберулеріңізді сұраймыз.

Олимпиадаға қатысу өтінімі.

Мектеп атауы, қала, аудан, село

Қатысушының АЖТ

(толығымен)

Класс

Қатысушының байланыс ақпараты, тел., e-mail

Оқытушының АЖТ (толығымен)

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Өскемен қаласы, Революционная көшесі, 2а, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 4 каб. Анықтама телефоны: биология кафедрасы 8 (7232) 78-25-98 е-mail: kaf_biologii@vkgu.kz.

Барлық қосымша мәселелер бойынша ұйымдастыру комитетінің өкілдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: Карменова Багдат Казретовна 87055020027, Ахмадиева Камшат Бакытбековна 87777087979.  

ҚАТЫСЫҢЫЗДАР ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗ БОЛЫҢЫЗДАР!

 

Қазақ
× You found a Typo