Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

30 қарашада - «Жастар. Бастамалар. Шығармашылық. Жетістік» атты Жастар Форумы өтеді

Ақпараттық хат

2016 жылдың 30 қарашасы күні сағат 11.00-де С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де  (Қазақстан к., 55) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар. Бастамалар. Шығармашылық. Жетістік» атты Жастар Форумы ұйымдастырылады.

Форум бағдарламасы аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

- Өскемен қаласы ЖОО мен колледждарының жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларына арналған «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту» тақырыбында пікір-алмасу (Қосымша №1);

- Өскемен қаласы ЖОО мен колледждары декандары мен директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «ҚР жастар саясатын іске асыру мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру аспектілері» тақырыбындағы пікір-алмасу (Қосымша №1);

- Өскемен қаласы жастар ұйымдарының қатысуымен «НЕ, ҚАЙДА, ҚАШАН?» зияткерлік ойыны (Қосымша №2);

- «Патриот болу менің түсінігім бойынша» студенттер арасында эссе сайысы (эссе ережелері Қосымша №3);

- «Қазіргі заманғы қоғам дамуы аясында жастарға рухани – адамгершілік тәрбие беру» тақырыбында халықаралық сырттай ғылыми тәжірибелік конференция (конференцияға қатысу өтінімі мен рәсімдеу ережелері Қосымша №4).

Қатысушылар сертификаттармен марапатталады. Үздік эсселер «Имидж ВКГУ» газетінде және конференция жинағында жарияланады. Конференцияға қатысу және мақала жариялау тегін.

Өтініштер 2016 жылдың 21 қарашасына дейін: prorector_sivr@vkgu.kz эл.мекен-жайына қосымшаларға сәйкес қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша 30 Гв.дивизиясы, 36 көшесі, №310 кабинетте орналасқан тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөліміне 8/7232/540-708;  8 778 904 1118 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім

Қосымша №1

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар. Бастамалар. Шығармашылық. Жетістік» атты Жастар Форумы аясында пікір-алмасуға қатысу өтініші

ЖОО/колледж атауы

(толық)

Қатысушының Аты-жөні, тегі

 (толық)

Лауазымы (мамандығы, курсы)

Байланыс телефоны

(ұялы,

e-mail)

1.

 

 

 

 

Қосымша №2

Өскемен қаласы жастар ұйымдарының қатысуымен «НЕ, ҚАЙДА, ҚАШАН?» зияткерлік ойынына қатысу өтініші

ЖОО/колледж атауы

(толық)

Қатысушының Аты-жөні, тегі

 (толық)

Лауазымы (мамандығы, курсы)

Байланыс телефоны

(ұялы,

e-mail)

1.

 

 

 

 

Қосымша №3

«Патриот болу менің түсінігім бойынша» студенттер арасында эссе сайысына қатысу өтініші

ЖОО/колледж атауы

(толық)

Қатысушының Аты-жөні, тегі

 (толық)

Мамандығы, курсы

Байланыс телефоны

(ұялы,

e-mail)

1.

 

 

 

 

«Патриот болу менің түсінігім бойынша» студенттер арасында эссе сайысы ережелері

 «Патриот болу менің түсінігім бойынша» атты студенттік эссе  келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: титул парағы, мазмұны немесе орындалатын жұмыстың қысқаша жоспары, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 3-5 басылған парақ (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал). Бағалаудың негізгі критерийлері: тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы, идея түпнұсқалығы, ойдың дербестігі, оқырманға эмоционалды әсері.

Үздік эсселер «Имидж ВКГУ» газетінде және конференция жинағында жарияланады.

Қосымша №4

«Қазіргі заманғы қоғам дамуы аясында жастарға рухани – адамгершілік тәрбие беру» тақырыбында халықаралық сырттай ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысу өтінішінің үлгісі

1. Аты-жөні, тегі (толық) автордың (лардың)____

2. Мақала атауы ______

3. Білім беру мекемесінің атауы _______

4.  Автордың (лардың) аты - жөні, тегі (толық), ғылыми дәрежесі ______

5. Лауазымы ____________

6. Пошта адресі, индексі ____________

7. Қызметтік  телефон нөмері қала кодымен бірге____________

8.Үйдің телефон нөмері қала кодымен бірге____________

9. Ұялы телефон нөмірі_________

10. E-mail____________

КОНФЕРЕНЦИЯ МАҚАЛАЛАРЫН РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

Мақалалар 2 кезең бойынша:

  1. кезең - 21.11. 2016ж. дейін prorector_sivr@vkgu.kz  эл.мекен-жайына;
  2. кезең - 20.12. 2016ж. дейін рецензия мен жариялауға қабылданады.

Дайын жинақ 30.12.2016ж. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ресми сайтында жарияланады.

Баспаға шығару үшін баяндама тезистары (3 беттен аспайтын) мақалалар (6 беттен аспайтын) қабылданады. А4 форматта, Microsoft Word (doc.) редакторында, Times New Roman (KZ Times New Roman) қарпімен, 1 интервалмен, оң жағы, үстіңгі  және тӛменгі жақтары - 2 см, сол жағы – 3 см, мақала мәтін ені бойынша түзетіліп, сӛздердің бір жолдан екінші жолға тасымалдау белгісі кӛрсетілмеуі тиіс, азат жол автоматты түрде (1,25 см.) басталуы керек. Суреттер, диаграммалар мен кестелер мақала ішінде көрсетілуі керек.  Доклад тезистарын дайындаған кезде альбом ориентациясындағы кестелерді қолдануға болмайды. Әдебиеттер тізімін міндетті түрде көрсету қажет (оларға сілтеме тік жақшаның ішінде болуы керек). Автоматты әрбеттік сілтемелерді қолдануға болмайды. Материалдар қойылған талаптарға сай болуы және мұқият тексерілуі тиіс.

Ұйымдастыру комитеті талапқа сай рәсімделмеген мақалаларды қабылдамауға құқылы.

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ ФОРМАСЫ

ӘӨЖ

МАҚАЛА АТАУЫ

(Мақала атауы бас әріптермен ортаға жазылу керек)

 

Васильков П.С.

С. Аманжолова атындағы ШҚМУ

Өскемен қаласы

 

Мақала мәтіні

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Рубинский Л.Н. Соловьева А.Е. «Психология самовоспитания». - М., Просвещение, 1982.-143 б.

Әдебиеттер мен сайттарға,  деректерге  сілтемелер мақалада қолданылуына орай көрсетіліп отырады.

Қазақ
× You found a Typo