Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«3.2.1 – СТАРТ!» байқауы – 31 желтоқсанға дейін

«Орталық Азияның Еуразия Қоры» ҚФ «Кока Кола Алматы Боттлерс» ЖШС БК компаниясының қолдауымен кәсіпкерлік саласындағы жастар бастамаларын қолдауға және Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған «3.2.1-СТАРТ!» жобасының төртінші маусымының басталуын хабарлайды

Жобаның басты мақсаты: республиканың әр түрлі аймақтарындағы нақты әлеуметтік-экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жастар бастамаларын анықтау және қолдау.

«3.2.1. Старт!» жобасы аясында 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар (колледж, ЖОО студенттері, жас мамандар) әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру мақсатында нақты көмек алады.

Жобаның міндеттері:

  • жоба көмегімен шешілуі мүмкін өтінімдерді іріктеу жолымен өңірлерде маңызды экологиялық проблемаларды айқындау;
  • іріктелген қатысушыларды жобалық менеджменттің, әлеуметтік жобалаудың және жоспарлаудың негіздеріне оқыту;
  • жеңімпаз-қатысушылардың әлеуметтік бағдарламаларын практикалық іске асыруды ұйымдастыру және жобаларды бизнес-сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

Бірінші кезеңде қатысушы өз идеясының сипаттамасын жіберуі қажет. Өз идеясы мен өзі туралы ақпаратты қысқаша сипатталған бейнеролик немесе пост түрінде салуы керек. Идея туралы ақпаратты келесі ресурстарға жіберуге болады:

Байқау 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Конкурстық іріктеудің қорытындысы бойынша 10 финалист Нұр-Сұлтан қаласында (2020 ж. ақпан айы) қосымша шеберлік сыныптарынан өтеді. Жүлде қорының сомасы 3 000 000 теңгені құрайды.

Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі

Мекенжайы: Шәкәрім даңғылы, 148 (ШҚМУ №7 оқу ғимараты), №100 дәрісхана.

 

Қазақ
× You found a Typo