3.2.1. Старт!» конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау – 31 желтоқсанға дейін
2020 жылы «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту үшін коалициясы» ЗТБ «Соса-Cola Icecek Kazakhstan (ССІ Kazakhstan) бастамасымен құрылған «3.2.1. Старт!» байқауының бесінші маусымының операторына айналды.
Жоба жастар бастамаларын қолдауға және елдің әлеуметтік дамуына өз үлесін қосуға дайын белсенді жастар қауымдастығын құруға бағытталған. Жобаға қатысу үшін 18-35 жас аралығындағы жастар шақырылады.
Осы күзде «Өз үлесіңді қос!» маусымы басталды. Жаңа маусым БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 жаһандық мақсатының 5-іне қол жеткізуге бағытталған. Атап айтсақ:
Үздік идеялардың авторлары Bootcamp бірегей акселерация бағдарламасына қатысады, онда қарқынды оқу курсынан өтеді, инкубация бағдарламасын меңгереді және жобаны сәтті іске қосу үшін қажетті практикалық дағдыларды алады. Байқау жеңімпаздары өз идеяларын жүзеге асыру үшін CCI Kazakhstan компаниясы грантының иегерлері атанады. Биыл байқауға өтінімдер 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.
Сіз өзіңізге ыңғайлы өтінім беру тәсілдерінің кез келгенін пайдалана аласыз:
1. www.321start.kz сайты арқылы
2. Instagram @321_start көмегімен
3. hotline@cci.com.kz арқылы
Instagram-да @321_start-қа және Facebook-те 321startkz-ке жазылып, жобаның барысын қадағалаңыз.
Ұйымдастыру комитеті